Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Шар қалалық мәдениет үйі

Шар қалалық мәдениет үйі
Шар қаласы, Қабанбай көшесі, №124 +7 72347 2 1102

Шар қалалық мәдениет үйі

Мәдениет үйі 1960 жылы салынған. 1995 жылға дейін бұл ғимарат теміржолшылар үйі ретінде қызмет атқарып, оның құрамында ұрмелі (духовой) оркестр жұмыс істеді. 1995 жылы ардагерлер хоры құрылды.

1997 жылдан бастап мекеме Жарма ауданына қарасты Шар қалалық мәдениет үйі болып аталды.

2002 жылы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, 360 орындық көрермендер залы пайдалануға берілді.

2007 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ардагерлер хоры үш мәрте «Халықтық өнерпаз ұжым» атағына ие болды.

2025 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.