Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

“Абай облысы Бесқарағай ауданының Канонерка ауылдық Мәдениет үйі

“Абай облысы Бесқарағай ауданының Канонерка ауылдық Мәдениет үйі
Абай облысы, Бесқарағай ауданы, Канонерка ауылы, Маяковский көшесі, 28А +7 771 473 8331

Канонерка ауылдық Мәдениет үйі ғимараты 1957 жылы салынған. Ауылдық клубта мәдени ұйымдастырушы қызметін Омаргазин Асқар Құдайбергенұлы атқарады. Клубтың штаттық саны – 6 бірлік. Ғимараттың жалпы ауданы 1014,6 шаршы метрді құрайды.

2025 жылы ауылдық клубта ұлттық, кәсіби және атаулы мерекелерге орай 49 мәдени-бұқаралық іс-шара өткізілді. Ауыл тұрғындары аталған іс-шараларға белсенді қатысып, ауылдың мәдени-рухани дамуына өз үлестерін қосуда.

Материалдық-техникалық база

Жалпы ауданы 1014,6 шаршы метрді құрайды. Клуб ғимараты күрделі жөндеуді қажет етеді. Ғимаратта: 200 орындық концерт залы, директор кабинеті, үйірмелерге арналған кабинет, грим бөлмесі, фойе, 2 хореографиялық зал, кітапхана бар.