Қара-Мырза ауылдық Мәдениет үйі ғимараты 1985 жылы салынған. Ауылдық клубта мәдени ұйымдастырушы қызметін Цепневская Гульнар Арынғазықызы атқарады.
Клубтың штаттық саны – 5 бірлік. Ғимараттың жалпы ауданы 412,9 шаршы метрді құрайды.
2025 жылы ауылдық клубта ұлттық, кәсіби және атаулы мерекелерге орай 57 мәдени-бұқаралық іс-шара өткізілді. Ауыл тұрғындары аталған іс-шараларға белсенді қатысып, ауылдың мәдени-рухани дамуына өз үлестерін қосуда.
Материалдық-техникалық база
Ғимаратта: 180 көрерменге арналған концерт залы, грим бөлмесі, фойе, ноутбук, кітапхана, 2013 жылы алынған музыкалық аппаратура, үш жиынтықтағы сахналық костюмдер, 2 үстел, 4 орындық бар.