Қарағайлы ауылдық Мәдениет үйі ғимараты 1984 жылы салынған. Ауылдық клубта мәдени ұйымдастырушы қызметін Султанов Талғат Амантаевич атқарады.
Клубтың штаттық саны – 7 бірлік. Ғимараттың жалпы ауданы 912,2 шаршы метрді құрайды.
2025 жылы ауылдық клубта ұлттық, кәсіби және атаулы мерекелерге орай 57 мәдени-бұқаралық іс-шара өткізілді. Ауыл тұрғындары аталған іс-шараларға белсенді қатысып, ауылдың мәдени-рухани дамуына өз үлестерін қосуда.
Материалдық-техникалық база
Ғимараттың үй-жайлары мәдени-демалыс қызметін жүзеге асыратын мекемелерді жабдықтау талаптарына толық сәйкес келеді. Мекеме дыбыс күшейту, жарық беру және компьютерлік жабдықтармен, интернет желісіне қосылумен, LED-экранмен, музыкалық аппаратурамен толық қамтамасыз етілген.
Ғимаратта: 100 көрерменге арналған концерт залы, директор кабинеті, әдіскер кабинеті, грим бөлмесі, фойе, күзетші кабинеті, кітапхана, музей, қойма бар.