Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Қайнар ауылының мәдениет үйі„

«Қайнар ауылының мәдениет үйі» КМҚК – ауыл халқының мәдени және рухани қажеттіліктерін өтейтін мәдени мекеме.

«Қайнар ауылының мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 1986 жылы құрылған. 2 қабатты 230 орындық типтік жобадағы ғимарат. Меншік түрі: коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын. Мәдениет ошағында үш бірдей «халықтық өнер ұжымы» халыққа қызмет жасайды. Жалпы ауданы - 2233,7 м2. Ғимарат көлемі – 10845 м2. Тұрғын жай аумағы-1141,7. Орналасқан жері Қайнар ауылы. Жылу жүйесі - Орталық мектеп жылу қазандығынан келеді.

Мәдениет ошағында үш бірдей «халықтық өнер ұжымы» халыққа қызмет жасайды. Мәдениет үйінің жанынан ашылған 13 үйірме толыққанды жұмыс жасап отыр.

«Қайнар» халық театры 1969 жылы құрылған. «Қайнар» халық театрының 56 жылдық тарихы бар. 1970 жылы «халық театры» атағын қорғаған. Театр ұжымы 1975 жылы республикалық байқауға қатысып «халықтық өнер ұжымы» деген құрметті атаққа ие болды. Театр 56 жыл уақыт ішінде халыққа 300-ден астам сахналық қойылымдар, спектакльдер ұсынды.

Қайнар мәдениет үйіндегі «Қайнар халық ән-би ансамблі 1992 жылы мамыр айында құрылып, алғашқы концертін Қайнар орта мектебінің 70 жылдық мерейтойына тарту етті. 1994 жылы ансамбль «халықтық» атағын қорғады. 2004-2007-2010-2013 жылдары «Халықтық өнер ұжымы» атағын қорғады.

«Мейзек» үлгілі балалар ән-би ансамблі 1992 жылы қыркүйек айында «Қайнар» ән-би ансамблінің базасында құрылды. Ансамбль құрамында 30-дан астам бала тәрбиеленуде. Ансамбльден түлеп ұшқан өнерпаздар бүгінгі күні әр саланың білікті мамандары.

Мәдениет үйінің материалдық-техникалық базасы - көрермен залы, сахна, жарық және дыбыс беру құрылғылары, LED экран, музыкалық аспаптар, ұлттық және сахналық костюмдер, кеңсе және мультимедиялық техникамен толықтай жабдықталған.

Мекемеде мәдениет саласының білікті, тәжірибелі мамандары қызмет атқарады.

Мәдениет үйінде мемлекеттік және ұлттық мерекелерге арналған мәдени-көпшілік шаралар (Наурыз мейрамы, Тәуелсіздік күні, Республика күні, Жаңа жыл т.б.), мерекелік концерттер мен салтанатты жиындар, халықтық салт-дәстүрге арналған танымдық іс-шаралар, көркемөнерпаздар байқаулары мен фестивальдер, театрландырылған қойылымдар,балалар мен жастарға арналған ойын-сауық бағдарламалары, шығармашылық кездесулер, әдеби-музыкалық кештер,ауыл өнерпаздарының есеп беру концерттері өтіп тұрады.

2025 жылы: 206- іс-шара өтті. Оған қатысушылар саны – 28500.