«Абай облысы Жаңасемей ауданының ішкі саясат,мәдениет,тілдерді дамытужәне спорт бөлімі» ММ “Жаңасемей ауданының мәдениет үйі” КМҚМ-на қарасты Көкентау ауылдық клубы туралы ақпарат
«Абай облысы Жаңасемей ауданы Көкентау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратын жалға алып , 16 жылдан артық халыққа қызмет атқарады. Кәсіпорында 2 штаттық бірлікпен қызмет көрсетеді. Көкентау ауылдық клубы 2009 жылы құрылды. Қызметтік бағыты ауыл тұрғындарына мәдени іс – шаралар ұйымдастырып, атаулы күндер, кәсіби мерекелерді үзбей өткізу. Қазіргі таңда балаларға арналған би үйірмесі (15 бала) және ересектерге «Асыл әжелер» ансамблі (11 адам) қатысады. Болашақта тағы үйірмелер қосу жоспарда бар. 2025 жылы 70 іс- шара жоспарлы түрде өткізілді. 1408 адам қамтылды.
Кәсіпорын ғимаратына 2019 жылдың тамыз айында күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Жылыту пеші орнатылып, терезе, есіктері ауыстырылды. Еденге құйма еден құйылып, линолиум жайылды. Ғимараттын кіре берісіне салқын дәліз салынды. Төбесі тегістеліп, әрлеу жұмыстары жүргізілді.
КӨКЕНТАУ АУЫЛДЫҚ КЛУБЫНЫҢ
ПАСПОРТЫ
Р/с Мазмұны Анықтама
1 Атауы «Абай облысы Жаңасемей ауданының ішкі саясат,мәдениет,тілдерді дамыту
және спорт бөлімі» ММ
“Жаңасемей ауданының мәдениет үйі”КМҚМ-на қарасты Көкентау ауылдық клубы
2 Құрылған жылы 2009 ж
Мекен-жайы Абай облысы, Жаңасемей ауданы, Көкентау ауылы, Н.Майтқанов көшесі 29
3 Меңгерушісінің м.а Тезекова А.К
4 Ведомстволық
бағынысы “Жаңасемей ауданының мәдениет үйі”КМҚМ-на қарасты Көкентау ауылдық клубы
5 Пайдаланып
отырған аумағы 70,0 м2
6 Жалпы үйірмелер саны 5
7 Барлық
қызметкерлердің
саны 4
8 Жоғары маманды қызметкер 2