«Семей қаласының Зағиптар және нашар көретін азаматтарға арналған
«Шамшырақ» клубы» КМҚК туралы
АҚПАРАТ
Мекеменің ресми атауы: «Абай облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Семей қаласының зағиптар және нашар көретін азаматтарға арналған «Шамшырақ» клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Құрылған жылы: Клуб Семей қаласы әкімдігінің №56 қаулысына сәйкес 2001 жылы 2-ші ақпанда құрылған.
Мекен-жайы: Абай облысы Семей қаласы Уранхаев-33
Байланыс тел: 87002712964
Эл/пошта: shamshirakkz@gmail.com
Мекеменің қызметінің негізгі бағыттары: Зағип және нашар көретін азаматтардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру;
Мәдени-бұқаралық және тәрбиелік іс-шаралар өткізу;
Өнер, ән мен байқаулар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Инклюзивті мәдени орта қалыптастыру;
Қала тұрғындары арасында қайырымдылық және мәдени байланыстар орнату. «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру, Мемлекеттiк “Мәдени мұра” бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттау, Мемлекеттік Мерекелерге және айтулы даталарға мәдени көпшілік іс-шаралар, ҚР Мемлекеттік Рәміздерін насихаттау және пайдалану, Сыбайлас жемқорлықпен және Діни экстремизм мен терроризімге қарсы күрес, ҚР Жастар саясатын жүзеге асыру, сонымен қатар мерей той иелері, Қазақстан мен әлем өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың, өнер мен ғылым қайраткерлерінің, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің айтулы мерейтойларын атап өту.
Материалдық -техникалық база:
Клубта акт залы жоқ, тек дайындық бөлмелері бар.
2024 -2025 жылдары айтулы даталарға арналған баннерлер шығарылды, ол баннерлердің кейбірі даталарының өзгеруіне байланысты уақыт өте жарамсыз болып қалды.
2023 жыл алынған заттар тізімі
1 Ксерокс (копия машина)
1дана *100 000тг 100 000тг
2 Костюмы 700,0000
3 манитор 120 000
2024жылы алынған заттар тізімі
1 колонки 300 000тг
2 Актив пульт 400 000тг
3 Стойки под микрофон 30 000тг
Микрафоны 200 000тг
Костюмы для квартета «МЕГА» 200 000тг
Паук для банеров и баннеры 4шт 50 000тг
Негізгі көрсеткіштері: «Шамшырақ» клубының 2025 жылы өткізілген іс-шаралар саны, келушілер саны, қамту деңгейі:
Мекеме атауы Іс-шара саны Көрермендер саны Үйірме саны Үйірмелер Қатысушылар саны
Ересектер Жастар балалар Ересектер Жастар балалар
Зағиптар және нашар көретін азаматтарға арналған «Шамшырақ» клубы 258 55316 12 97 11 17 24850 16690 13776
22 - іс-шара балаларға арналған, қамтылған балалар саны- 13776
30 - іс-шара жастарға арналған, қамтылған жастар саны-16690
206- іс-шара ересектерге арналған, қамтылған ересектер саны- 24850
Әлеуметтік маңыздылығы: Клуб қаламыздағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың рухани және эстетикалық сұраныстарын қанағаттандыратын, бірден бір бас қосатын мәдени орын, сонымен қатар осы азаматтардың бос уақыттарын тиімді өткізуге бағытталған көпшілік іс-шаралар (концерттер, фестивальдер, байқаулар, кездесулер, спорттық сайыстар) ұйымдастырылады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың творчествалық қабілетін нығайту, дамыту яғни халық шығармашылығын дамыту, насихаттау жұмыстары жүргізіледі.
Зағиптар және нашар көретін азаматтарға арналған «Шамшырақ» клубында арнайы ақпараттық – түсіндіру, инфографиялық материалдарды оларды одан әрі мемлекеттік органдардың интернет - ресурстарына және әлеуметтік желілерге орналастыру жұмыстары жүргізіледі. Семей қаласының телеарналарымен жұмыс жасау. Қазақстан –Семей, ТВК-6. БАҚ өкілдерін шақыру. «Instagram (@gazaq_sokyrlar_semey, Ақпараттық құралдар, әлеуметтік желілер: Инстаграм: samshirak_club https://www.instagram.com/ Фейcбук: https://www.facebook.com/ YouTubeканал:https://www.youtube.com/TikTok:https://www.tiktok.com/@shamshirak_club әлеуметтік желілеріне салынды.
Жетістіктері мен марапаттары: «Шамшырақ» клубы ерекше қажеттіліктері бар көз мүгедектері үшін қызмет етеді. Клубта 12 үйірме жұмыс істейді: "Халықтық" атағы бар,"Гауһартас"хоры, әйелдер вокалдық тобы, ерлер вокалдық тобы, әйелдер трио, квартет, "МЕГА", вокалды-аспаптық ансамблі, балалар "Ақбота" балалар үйірмесі, "Жас талап", сонымен қатар спорттық үйірмелер шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, мүгедектер арасында клубтан шыққан шахматтан әлем Чемпионы және жеңіл атлетикадан спорт шебері, ал пауэрлифтинг спорт түрінен Қазақстан чемпионатына қатысып жеңіске жеткен спортшыларымыз бар.
«Гауһартас» Халықтық хор ұжымының 20 жылдық мерей тойы аясында клуб қызметкерлері «Қазақ мәдениетінің қайраткері» құрметі атағымен марапатталды. Олар: Алиасқаров Марат, Ербусанов Жарқын, Баяшев Ермек Омарбекова Айша, Байжуманова Гульзия, Тургумбаева Лимара. Қоғамдық марапаттар жөніндегі Республикалық Кеңес төрағасы М.Байділдәұлының мөрімен бекітілген.
«Приветственный адрес» Семей қаласы есту қабілеті нашар азаматтарға арналған клуб директоры Д.Жұмағалиұлы.
«Алғыс хат» Наркологиялық диспансер орталығы басшысы А.Нұрдыбаев
2025 жыл
«TOP PROFESSIONAL OF SEMEY» атты «Ең үздік мамандар» іс-шарасына қатысушы және осы журналдың кейіпкері Омарбекова Кайша -клуб әдіскері.
Семей қаласы «ЛИТЕР» және «ВЕСТИ» газаеттерінде Кайша Омарбекованың еңбек жолындағы жетістіктері жайында мақала шықты.
«Алғыс хат»- Абай облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармсы ММ, Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығы КММ директорының м.а. Г.Жаикова
«Алғыс хат» Семей қаласы №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы басшысы.
«Гауһартас» Халықтық хор ұжымының 20 жылдық мерей тойы аясында «Алғыс хат» «Абай облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы М.Бахатова
«Гауһартас» Халықтық хор ұжымының 20 жылдық мерей тойы аясында «Алғыс хат» Алматы қаласы «Өнер бұлағы» ҚҚ президенті Б.С.Полищук
«Гауһартас» Халықтық хор ұжымының 20 жылдық мерей тойы аясында «Алғыс хат» дәстүрлі өнер театры» МКҚҚ көру және есту мүмкіндігі шектеулі жандардың мәдени демалысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ғ.И. Әділханов.
«Алғыс хат» «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы Қ.Смағұлов.
«Алғыс хат» Семей қаласы 36803 әскери бөлімінің командирі М. Акимбаев.
«Диплом» Алматы қаласы Қазақстан Республикасы күніне орай ІІ Халықаралық «Екі жұлдыз» ән фестивалі- Көрермендер көз айымы.
«Алғыс хат» Республика күніне арналған ІІ Халықаралық «Екі жұлдыз» ән фестивалі гала концертінде өнер көрсеткендері үшін -Алматы қаласы «Өнер бұлағы» ҚҚ президенті Б.С.Полищук және дәстүрлі өнер театры» МКҚҚ көру және есту мүмкіндігі шектеулі жандардың мәдени демалысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ғ.И. Әділханов.
«Алғыс хат» -Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана РММ-директоры А.Байузаков
«Алғыс хат» Аягөз қаласы, клуб белсендісі Ж.Ербусанов «Аягөз ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгімен марапатталды.
Клуб директоры М.Алиаскаров