Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Қалалық мәдениет сарайы

Қалалық мәдениет сарайы
Семей қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 43 +7 7222 35 0993

Кіріспе

Қалалық мәдениет Сарайы -1951 жылы Семей облыстық атқару комитетінің шешімімен ашылған. Көптеген ұлт өкілдерінің басын қосып келе жатқан мәдениет Сарайының қаламыздың тыныс-тіршілігінде өзіндік алатын орны бар.

Қалалық мәдениет Сарайының мақсаты Жастар мен жасөспірімдерге ұлттық тәрбиелік мәні зор сахна өнерін бойларына сіңіру болса, жалпы адамның бос уақытын мазмұнды өткізуге ықпал ету. Әр түрлі мәдени бағдарламалар ұйымдастырып, дарынды балаларды көпшілікке танытуда талмай еңбектеніп жатқан ұжым мүшелері Семей өнерпаздарының өрісін ашып, халыққа танытып отыр. Мұнда әр кезде әр түрлі тақырыпта өнер байқаулары өтеді. Мәдениет Сарайында халықтық атағы бар 24 ұжым жұмыс жасайды және 43 көркемөнерпаздар үйірмелері қызмет жасап өнерлерін шыңдайды. Қатысушылар саны 1886, оның 11 балалар үйірмесі 14 жасқа толмаған балалар саны 190. 4 әуесқойлар клубы, қатысушылар саны 140. Дәстүрлі Ән ата классының қатысушылары 10. Халықтық атағы бар ұжымдар саны 24, қатысушылар саны 483.

Сонымен қатар, бұл өнер ордасында Татар халқына еңбегі сіңген өнер қайраткері Габдулхак Ахунжанов, ҚР мәдениет саласының қайраткері Дәметкен Омарбаева, Гүлғайша Аубакирова, мәдени сала үздіктері Александр Барабанов, Гүлдана Ноғайбаева, Гүлбарам Мұстафиналар еңбек етуде.

Қалалық мәдениет Сарайының көлемі -4662,6 шаршы метр,

Көрермендер залындағы орын саны-461

Заңды мекен-жайы:

Семей қаласы

Б.Момышұлы көшесі, 43

Факс: 8(7222) 35-09-93

Байланыс телефондары:

35-09-93; 35-09-94

gdksemey@mail.ru

Директор: Бахтинов Амангельды Талғатбекович