Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

“Дариға-ай„ жастар труппасы

“Дариға-ай„ жастар труппасы
Семей қаласы, Қайым Мухамедханов көшесі 8 +7 775 619 7898

Дариға-ай» жастар труппасы қысқаша тарихы

«Дариға-ай» жастар театры 1999 жылы қараша айының 14 жұлдызында тұңғыш рет Семейде профессор Дариға Тұранқұлқызы және белгілі қоғам қайраткері, абайтанушы, ҚР-ның еңбек сіңірген қызметкері Т.Ибрагимовтардың бастамасымен «Дариға-ай» жастар театры» ЖШС болып ашылды. Сонымен қатар театрдың ірге тасын қалауға профессор М.С.Омарбаева, аға оқытушы М.А.Алепарова және театрдың режиссеры һәм көркемдік жетекшісі болған А.Айтибаев сынды азаматтарды ерекше атап өтуге болады.

2001 жылы 2 ақпан күні қала әкімінің №56 бұйрығына сәйкес Семей қалалық мәдениет басқармасының “Дариға-ай” жастар театры коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны болып бекітілді.

2005 жылдың 1 қарашасынан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің № 348 қаулысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының “Дариға-ай” жастар театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.

2007 жылғы 16 қарашасынан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің № 318 қаулысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының “Дариға-ай” жастар театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.

2013 жылғы 11 қазанынан бастап Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Семей қаласы «Дариға-ай» жастар театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазанындағы №288 қаулысы бойынша «Семей қаласы «Дариға-ай» жастар театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Абай атындағы театр» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.

Бүгінде бұғанасы бекіген, серпілісі қатты, мақсаты биік, бағдары айқын бұл театр ұжымы өз көрерменін тапқан. Енді театр жастар театры болғандықтан заманауи жастардың талғамына сай, ойлы шығармалар сахналаған, жастардың ішкі жан дүниесін байытып, психологиялық тығырықтан шығар жол сілтейтін, ұлттық рухы мен күш жігерлерін жанитын жаңа қойылымдардың ордасы. Театр әлемдік деңгейдегі шығармаларға да бет бұрып, сырына қанық болды. Шет ел театр мектептерінен кәсібилік шеберлікті шыңдап, зор ізденістің нәтижесінде сөз бен әуенді, қимыл мен көзқарасты, жүрек пен образды бір арнаға тоғыстыра алды.

Театрдың шығармашылығына көз жіберсек шет ел, қазақ классикалық шығармаларынан бастап, осы заманның өзекті тақырыптарын қамтитын заманауи сахналық қойылымдармен жастардың өмірден өз орынын табуына септігін тигізетін, оларға тығырықтан шығатын жолды меңзейтін көркем туындыларымен көрермен жүрегіне жол тапты.

2019 жылы театрдың 20 жылдық мерейтойын республикалық деңгейде атап өтті.

«Дариға-ай» жастар театрының жетістіктері:

І-ші республикалық әзіл-сықақ байқауының лауреаты; (Астана)

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты;

Республикалық О.Бөкей атындағы көркем сөз шеберлерінің лауреаты; (Астана)

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына және Б.Момышұлының 100 жылдығына арналған республикалық театр фестивалінің «Ең үздік әйел» номинациясын театр артисі А.Жадранова жеңіп алды; (Тараз қаласы)

«Алаштың ардақтысы» аймақтық фестивалінің «Патриоттық белсенділік» номинациясын иеленлі; (Павлодар қаласы)

Ә.Сығайдың 70 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXV республикалық фестивалінде Гран При жүлдегері; (Астана)

Түркі халықтарының XIII «Науруз» халықаралық театр фестивалінің екі дүркін дипломанты; (Татарстан)

VII Орталық Азия елдерінің халықаралық театр фестивалінде «Ең үздік ер адам бейнесі» номинациясын театр артисі Е.Нұғыманов иеленді; (Талдықорған қ.)

Ә.Өмірзақованың 100 жылдығына арналған республикалық театр фестивалінің жүлдегері; (Семей)

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған театр фестивалінің 3-ші орын жүлдегері; (Қарағанды)

Республикплық экспериментальды моноспектакльдер театр фестивалінде «Үздік ер адам бейнесі» номинациясын театр артисі Е.Қасымбеков иеленді; (Ақтөбе)

2022 ж. ІІ Халықаралық «Әбіш әлемі» театр фестивалінде лауреат атанды; (Ақтау)

2022 ж. І Республикалық моноспектакльдер фестивалінде театр актері Қасымбеков Елдос Х.Бөкеева атындағы арнайы жүлдені иеленді; (Орал)

2022 ж. ІІ Халықаралық «TEATRALL» театр фестивалінде «Үздік сценография» номинациясы бойынша лауреат атанды; (Астана)

2023ж. Халықаралық «Мың дауыс, бір тыныс» театр фестивалінде лауреат; (Түркия)

2023ж. XVIII халықаралық моноспектакльдер фестивалінде театр актері Е.Нугуманов лауреат; (Литва)

2023ж. Республикалық «Сын – шын болсын» театр фестивалінде «Үздік ер адам ролі» номинациясы (актер Д.Умирханов); Қарағанды қаласы

2024ж. Б.Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXХ республикалық фестивалінде лауреат: (Өскемен қаласы)

2025ж. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Тарлан» сыйлығының лауреаты, театр режиссері Жанат Хаджиев атындағы IV – Халықаралық театр фестивалі, Бас жүлде (Гран-при) «Үздік спектакль» номинациясын жеңіп алды. Жезқазған қаласы