Аксуат ауданы Жәнтікей ауылдық кітапханасы
Ырғызбай ауылдық округі, Жәнтікей ауылының ірге тасы 1935 жылы қаланған, сол жылдары халықты сауаттандыру мақсатында қызыл отау құрылған, аз болсада кітаптар болған, кітапханашы болмағанмен колхоз бастығының тапсырмасымен сауаты барлар қосымша алып жүрген, 1964 жылы Аманкелді Иманов атындағы колхоздан бөлініп шығып, "Сұлутал" совхозы, Ерназар ауылдық советі деген атпен аталған.
Ырғызбай ауылдық округінің Уаң, Қожакелді елді мекендерінде де кітапхана болған, ол кітапханалар оңтайландыруға байланысты жабылды. Қысқарған кезде кітапханадағы кітаптар Жәнтікейдегі кітапханаға көшірілді, Уаң елді мекеніндегі кітапхананың кітап қоры, Ақсуат орталық кітапхананың кітап қорына қосылды.
Кітапханамыз жыл сайынғы KITAP TIME жалпы республикалық кітап фестивалі, «Бір ел – бір» кітап акцияларына белсене ат салысып, кітапханаға оқырман тару үшін әр түрлі көпшілік шаралдар өткізуде.
Кітапхамызда негізгі саласының бірі өлкетану болып табылады. Ырғызбай ауылдық округіне қарасты жерде Шығыстың рухани байлығы Ырғызбай Досханұлының кесенесі орналасқан, әлі зерттеліп құпиясы ашылмаған Бөрітостаған тауы орналасқан осы тарихи орындар өлкетану жұмыстарының басты арқауы болып отыр.
Кітапхана қоры мемлекеттік тапсырыс арқылы, 2023 жылдан бері Абай облысының әкімінің қолдауымен «Абай жолы» кітапханасы жобасы аясында жарық көріп отырған жерлес қаламгерлердің шығармаларымен және ауылымыздың тұрғындарының сыйға тарттқан кітаптарымен толығуда.