Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Ақсуат орталық кітапханасы

Ақсуат орталық кітапханасы
Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылы Амангелді 1 +7 775 969 1409

Ақсуат аудандық кітапханасы

Ақсуат ауылының орталығында алғашқы кітапхана 1938 жылы ашылған, кітапханада 1500 дана кітап қоры болған. 1938 жылдан бастап 1950 жылға дейін кітапханашы болып Иіс Рахметжанова жұмыс істеді. Одан кейін аудандық партия комитетінің нұсқаушысы Қ.Қанафина 1950 жылдан 1968 жылға дейін аудандық кітапханада жемісті еңбек етті. Ол кезде кітапханадағы кітап саны 3000 данаға жетті. 1970 жылдары аудан бойынша кітапханалардығы кітап қоры 288547 данаға жетіп, әр түрлі ғылым саласы бойынша әдебиеттерді қамтыды. Осы уақытта кітапханада 14881 оқырман болған. Кітапхананы 1968 жылдан 1996 жылға дейінгі аралықта арнаулы мамандығы бар Тілеуғайша Оразова басқарды. Аудандық кітапхана коллективі 1977 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша облыста бірінші болып «Озат кітапханашы» атағын жеңіп алған.

Аудан орталығында жеке балалар кітапханасы 1965 жылы ашылған. Ол кезде 4670 кітап болды. Кейін 1978 жылдары кітап қоры 22050, оқырман саны 1742, оларға берілген кітап 31162 данаға жеткен. 1977 жылы ауданда 34 селолық кітапхана жұмыс істеген. Селолық кітапханалар ішінде он жыл бойы «Озат кітапханашы» атағын қолдан бермей жұмыс атқарған Қарғыба және Жданов селолық кітапханалары аудан мақтанышы болды.

Кеңес одағы тұсында аудан бойынша 41 кітапханада 53 кітапханашы жұмыс істеді. 1995-1996 жылдары оңтайландыру кезеңінде жұмыс жасап тұрған 41 кітапхананың 32–сі жабылып, 9 кітапхана қалды. Жабылған кітапханалардың кітап қоры аудандық орталық кітапханаға қосылды. Бөлек кітапхана болып жұмыс жасаған балалар кітапханасы аудандық кітапханаға қосылып, аудандық кітапхананың балалар бөлімі болып жұмысын жалғастырды.

Қазақстан Республикасының «Алматы, Шығыс қазақстан, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік аумақтық құрылымдарындағы өзгерістер туралы» 1997 жылығы 23 мамырдағы жарлығына және облыс әкімінің 1997 жылғы 26 мамырдағы № 26 шешіміне сәйкес аудан тарауына байланысты 1998 жылы Ақсуат ауданы мен Тарбағатай ауданы біріктіріліп, аудан орталығы Ақсуат ауылы болып бекіді. Осы уақытта екі ауданға қарасты барлық кітапханалар «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» болып қайтадан жұмысын жалғастырды. Ауданда 25 кітапхана жұмыс істеді. Оның 13 Ақжар ауылына қарасты елді мекендерде, қалған 11 кітапхана Ақсуат ауылына қарасты елді мекендерде болды. Ақжар ауылында жеке балалар кітапханасы жұмыс жасады. Аудан бойынша кітап қорында барлығы 290918 дана кітап болды. Осы уақыттағы кітапхана пайдаланушыларының жалпы саны 18828 құрады. Барлық кітапханалар ауданың мәдени өміріне өз үлестерін қоса отырып 2022 жылдың қазан айына дейін осы құрамда жұмыс атқарды. 2022 жылы қазан айында екі ауданның қайтадан бөлінуіне байланысты Тарбағатай ауданына қарасты 13 кітапхана жеке кетті. Ақсуат ауданында 10 ауылдық және 1 аудандық кітапхана қалды. Қазіргі уақытта кітапханалардағы жалпы кітап қоры 146 мыңға жуық. Оқырмандар саны 9470 жетті. Жыл сайын кітап қоры 2500 мың мөлшерінде жаңа кітаптармен және 136 атаулы мерзімді басылымдармен толықтырылып отырады. Кітапханада қазіргі уақытта 13 маман қызмет атқарады. Оның ішінде 6 жоғары білімді, қалғаны арнаулы орта білімді кітапханашылар. 2013 жылдан бері Ақсуат аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры қызметін Күдерина Арай Мәуітқалиқызы атқарып келеді.

Кітапхана қорын пайдаланушыларға қолжетімді ету және ақпараттық сұраныстарды орындау барысында тиімді жұмыстар атқарылып, оқырмандарға сапалы ақпараттық қолдау көрсетіледі. ҚазҰЭК электрондық кітапханасына өлкетану кітаптарынан 5 кітап енгізілді. Ақсуат өңірінің тарихы мен тұлғаларын танытатын өлкетану кітаптары енді www.kazneb.kz ұлттық электронды кітапхана порталында қолжетімді.

Өлкетану бағытында 289 дана құжат цифрланды, соның ішінде: кітап 66, брошюра 12, газет-журнал мақалалар 211 цифрланып, дискіге көшірілді. Бұл – қолдағы құны бөлек деген материалдарды келешек ұрпаққа жеткізу жолында жасалып жатқан игі шара.

Аудандық кітапхана аудан тұрғындары үшін ағартушылық және мәдени демалыс орны. Ақсуат ауданының мәдени-тарихи мұрасын сақтау және дамыту орталығы ретінде жұмысын жалғастырып, дами бер