ШАҚАМАН АУЫЛЫНДАҒЫ КІТАПХАНА-БӨЛІМШЕСІ
Шақаман ауылындағы кітапхана-бөлімшесі 2020 жылдың 5 қыркүйегінде ашылды. Ашылған жылы кітапхана қоры 1507 дана кітапты құрады, оның 407-сі мемлекеттік тілдегі әдебиеттер болды. Кітапхана қызметін 525 оқырман пайдаланды.
Шақаман ауылының тұрғындар саны – 1181 адам. Қазіргі уақытта кітап қоры 2354 данаға жетіп, оның ішінде мемлекеттік тілдегі кітаптар саны 1018 дананы құрайды. Кітапхананың оқырмандар саны – 530, кітап беру көрсеткіші – 10 368, ал келушілер саны – 4933.
Кітапхана ауыл әкімдігімен, жергілікті клубпен және мектеппен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Ол тек ақпарат алу орны ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыратын, заманауи талаптарға сай мәдени-ағартушылық орталыққа айналып келеді.
Кітапхана қызметі барысында өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттар kitaphana_shakaman Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшада тұрақты түрде жарияланып отырады.