ЖОЛАМАН КЕНТІНДЕГІ КІТАПХАНА-БӨЛІМШЕСІ
Семей қаласы Жоламан кентіндегі кітапхана-бөлімшесі 2014 жылдың қыркүйек айында құрылды. 2014 жылы кітапхананың қоры 1500 дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегі әдебиет 62 дананы құрады. Оқырман саны 600 болды.
Жұмыс барысының негізгі көрсеткіштері 2025 жылдың аяғында: оқырман саны - 1207, кітаптың берілу саны – 26936, оқырмандардың келу саны – 13232 болды.
Кітапхананың қоры 3200 дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегі әдебиет 1621 дананы құрады.
Кітапхананың өткізілген іс-шаралар қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, қазақстан тарихы мен мәдениетіне қызығушылығын арттыруға, балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтауға және дамытуға, оқу үрдісіне көмектесуге бағытталған.
«Кітап - ең жақсы сыйлық» атты буккроссинг, Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «Өз заманының ұлы тұлғалары» атты әдеби конақжай, жазушы М Сәрсекенің «Дара дарын» романы бойынша «Қазақстан ғылымының жарығы» атты әдеби саяхат, айтыскер, ақын Дәмеш Омарбаеваға 75 жас толуына арналған «Поэзия шырағы» атты портрет кеші және көптеген басқа да қызықты іс-шаралар өткізілді. Кітапханада 8-15 жас балаларға арналған, балалардың шығармашылық қабілеттерін ашуға бағытталған «Сиқыршы» үйірмесі қызмет атқарады.
Кітапхананың zholaman_kentindegi_kitaphana Instagram парақшасында, өткізілетін іс-шаралар туралы барлық ақпарат жарияланып тұрады.