Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Шығыс кентіндегі кітапхана-бөлімшесі

Шығыс кентіндегі кітапхана-бөлімшесі
Абай облысы, Семей қаласы, Целинная көшесі, 30/1 +7 702 445 7879

ШЫҒЫС КЕНТІНДЕГІ КІТАПХАНА

Шығыс кенті кітапханасы 2014 жылы ашылды. Алғаш ашылғанда 6408 дана кітап қоры болды, оның ішінде 457 дана мемлекеттік тілде, 1605 оқырман пайдаланды.

Жұмыс барысының негізгі көрсеткіштері 2025 жылдың аяғында: оқырман саны - 1245, кітаптың берілу саны 26965, оқырмандардың келу саны – 13293 болды.

Кітапхананың қоры 6492 дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегі әдебиет 1581 дананы құрады.

Кітапханада әр-түрлі шаралар, жобалық жұмыстар, өлкетану жұмыстары, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау, мемлекеттік бағдарламалар бойынша мерей той, мерекелік күндер бойынша іс-шаралар өтіп тұрады.

Солардың бірі Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына байланысты «Абай әлемі» атты әдеби шолу, «Абай – Ұлы ақын, кемеңгер, ойшыл» атты дауыстап оқу өткізілді. Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Жарық жұлдыз» атты тарихи-танымдық сағаты ұйымдастырылды. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай Ұлттық спорт күніне арналған «Наурыз – құт-береке бастауы» ұлттық ойын шаралары өткізілді. «Кіtap Time-2025» фестивалі аясында өткен шара оқушылардың кітаппен дос болуына, әдебиетке жақындауына үлкен септігін тигізді. 2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күніне Х.К.Андерсеннің «Түймеқыз» ертегісіне 190 жыл толуына орай «Түймеқыз және оның достары» атты шара өте ауқымды өтті.

Сонымен қатар, балалардың уақытын тиімді өткізу үшін 2014 жылдан бастап 5-8 сынып оқушыларына «Өзің жасап үйрен!» атты үйірме және қыз балаларға арналған «Әдемі-ай» атты оқырмандар клубы жұмыс жасап келеді. Клуб және үйірме мүшелері: №12,47 мектептің оқушылары.

Кітапхананың инстаграм парақшасы https://www.instagram.com/shygys_kentindegi_kitaphana?igsh=cmhvcGZyYWY4bDJu&utm_source=qr