Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесі

Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесі
Абай облысы, Семей қаласы, Сатпаев көшесі, 164 +7 777 988 5901

МИРНЫЙ КЕНТІНДЕГІ КІТАПХАНА-БӨЛІМШЕСІ

2012 жылдың 21 желтоқсанындағы қалалық маслихат сессиясында Мирный кентінде кітапхана-бөлімшесін ашу туралы шешім қабылданды. Ашу салтанаты 2013 жылдың 11 маусымында өткізілді. Бүгінгі таңда оқырмандарға әр түрлі сұраныстарды қанағаттандыра алатын білімнің барлық салалары бойынша кітаптар мен мерзімді басылымдардың әмбебап қоры ұсынылады.

Кітапхана ашылған кезде кітап қоры 13 021 дана болды. 12 жыл ішінде кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықтырылып, ескі және тозған әдебиеттер есептен шығарылды. Қазіргі уақытта кітап қоры 14 096 дананы құрайды, оның ішінде 1524 дана қазақ тіліндегі әдебиеттер.

Кітапхананың негізгі көрсеткіштері: оқырмандар саны – 1811 адам, кітап берілімі – 39 019 дана, оқырмандардың келім саны – 19 516. Оқу залы 10 оқырманға арналған.

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Шебер қолдар» үйірмесі мен «Жас толқын» клубы жұмыс істейді. Сонымен қатар әртүрлі жас ерекшеліктеріне арналған мәдени-бұқаралық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі. Өткен жылы кітапханада барлығы 71 мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.

«Ертіс жағасындағы отырыстар» жобасы аясында шағын аудан тұрғындары Ертіс жағасында кітап оқып, кітап алмасу мүмкіндігіне ие болады.

Кітапхана-бөлімшесінде өткізілген мәдени шаралар, жаңадан келіп түскен кітаптар және басқа да ақпараттарды https://www.instagram.com/mirnyi_kitaphana?igsh=MTN6dHg2MGowM3NsbA== әлеуметтік желісі арқылы танысуға болады.