ШҮЛБІ КЕНТІНДЕГІ КІТАПХАНА-БӨЛІМШЕСІ
Кітапхана 1980 жылы ашылып, Жаңа Семей ауданының Ново-Покровка орталық кітапханасының құрамында болған. Алғаш ашылған кезде кітап қоры шамамен 13605 дана кітапты құрады. 1995 жылдан бастап Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарайды.
Шүлбі кентінің тұрғындар саны 2805 адам. Қазіргі таңда кітапхана қоры 17918 дана кітап құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілде – 1987 дана кітап.
Шүлбі кентіндегі кітапхана-бөлімшесінің оқырман саны 1204, кітаптың берілу саны 26915, оқырмандардың келу саны 13243.
Шүлбі кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде өлкетану бағытында жұмыстар жүргізіледі. Өлкенің тарихы, киелі орындары, ауыл аймақтардан шыққан белгілі тұлғалар туралы ақпараттарды оқырмандарға жеткізіп отырады. Оның ішінде Жұмаділов Қ., Жанғалиев Т., Мұқанова Р., Исабаев Б., Оспанов М., Сарин Қ., Дүйсенғазы С., Қалиев С., Елгезек А., Қайран Ә., Шәріпов Ә., Еспенбетов А., Сыдықов Е., және тағы да басқа тұлғалар қамтылған.
Кітапхана ауыл тұрғындарына мәдени-ағартушылық қызмет көрсетеді.
Кітапхана жұмыс барысында shulbikentindegi_kitaphana инстаграм әлеуметтік желісіне өткізілген шаралар туралы ақпараттарын жариялап отырады. https://www.instagram.com/shulbikentindegi_kitaphana?igsh=NHR2c293czlnaHh2