Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесі

Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесі
Абай облысы, Семей қаласы, Стаханов көшесі, 17 +7 747 052 0281

ЦЕМЕНТ КЕНТІНДЕГІ КІТАПХАНА-БӨЛІМШЕСІ

Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесі 2004 жылдың желтоқсан айында ашылды. Кітапхана ашылған кезеңнен бастап тұрғындарға мәдени-ағартушылық қызмет көрсетіп келеді. Кітапхананың құрылымдық бөлімдеріне абонемент және оқу залы кіреді, олар оқырмандарға тұрақты түрде қызмет көрсетеді.

Кітапхана ашылған кездегі кітап қоры 21 219 дананы құрады, оның ішінде 5 188 дана қазақ тіліндегі әдебиеттер болды. Алғашқы жылдары кітап қоры мемлекеттік мекемелер арқылы, сондай-ақ оқырмандар мен зиялы қауым өкілдерінің сыйға тартқан кітаптары есебінен толықтырылды.

Қазіргі таңда кітапхана-бөлімшесінің кітап қоры 22 826 дананы құрайды, оның ішінде 6 487 дана мемлекеттік тілдегі әдебиеттер.

Кітапхана көпшілікке арналған мәдени мекеме болғандықтан, мектеп оқушыларына, колледж студенттеріне, зейнеткерлерге, қызметкерлерге және балаларға қызмет көрсетеді.

Кітапхананың негізгі көрсеткіштері: оқырмандар саны – 1 820 адам, кітап берілімі – 39 029 дана, оқырмандардың келім саны – 19 524. Оқу залы 50 оқырманға арналған, кітапхана ғимараты мекеме балансында, жалпы алаңы 182,8 шаршы метрді құрайды. Кітапханада 3 қызметкер еңбек етеді.

Кітапханада «Атамекен» клубы, «Жас шебер» үйірмесі және «Комикс кафе» жобасы жұмыс істейді. Өткен жылы кітапханада барлығы 81 мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Балалар мен жасөспірімдерге, сондай-ақ ересек оқырмандарға арналған тәрбиелік, танымдық және шығармашылық бағыттағы іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі.

Өлкетану бағыты кітапхана жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Өлкеміздегі киелі орындарды, өңірден шыққан қасиетті адамдар мен белгілі тұлғаларды дәріптеу және насихаттау мақсатында жыл бойы 26 мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар барысында жергілікті тарих, рухани құндылықтар мен ұлттық мұра кеңінен қамтылды.

Кітапхана-бөлімшесінде өткізілген іс-шаралар, жаңадан келіп түскен кітаптар және кітапхана қызметі туралы ақпараттар https://www.instagram.com/cementkentindegi_kitaphana әлеуметтік желісіндегі ресми парақшада тұрақты түрде жарияланып отырады. Бұл парақша арқылы кез келген пайдаланушы кітапхана қызметімен таныса алады.