Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

№ 2 кітапхана-бөлімшесі

№ 2 кітапхана-бөлімшесі
Абай облысы, Семей қаласы, Сорокин көшесі, 34 +7 747 086 0709

№2 кітапхана-бөлімшесі

№2 кітапхана-бөлімшесінің ғимараты 1989 жылы салынған. Осы уақытқа дейін осы ғимаратта кітапхана өз жұмысын істеп келеді. Кітапхана ашылған кезеңнен бастап тұрғындарға мәдени-ағартушылық қызмет көрсетіп келеді. Кітапхананың құрылымдық бөлімдеріне абонемент және оқу залы кіреді, олар оқырмандарға тұрақты түрде қызмет көрсетеді.

Қазіргі таңда кітапхана-бөлімшесінің кітап қоры 37822 дана, оның ішінде 6272 данасы қазақ тілінде. Барлығы 22 электронды оқулықтар бар.

Кітапхана көпшілікке арналған мәдени мекеме болғандықтан, мектеп оқушыларына, колледж студенттеріне, зейнеткерлерге, қызметкерлерге және балаларға қызмет көрсетеді. Кітапхана «өнегелі - эстетика бағыты» бойынша жұмыстар атқарады.

Кітапхананың негізгі көрсеткіштері: оқырмандар саны – 1 825 адам, кітап берілімі – 39 043, оқырмандардың келім саны – 19 535. Кітапханада 3 қызметкер еңбек етеді.

№2 кітапхана-бөлімшесі қызметкерлері маусым-тамыз айлары аралығында «Оқу аллеясы» тарихи-әдеби жобасы аясында жұмыстар жүргізеді. Жобаның мақсаты: ұлы тұлғалар мен жазушылардың әдебиеттерін насихаттау арқылы жастардың кітап оқу мәдениетін арттыру. Осы орайда, Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру; отаншылдыққа, бірлікке, ынтымаққа, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Абай жолы» аллеясында Қазақ хандығының құрылғанына 560 жыл толуына арналған «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» атты тарихи иірімдер өткізілді.

Оқырмандарды кітапханаға тарту, оларға кітапхана ақпаратты мәдени орта екендігін жеткізу мақсатында жасөспірімдерге арналған «Ұлағат» клубы жұмыс істейді. Клуб жұмысының мақсаты: жас жеткіншектерге ата – бабаларымыз ауыз әдебиеті арқылы қалдырып кеткен мол мұраларын жас жеткіншектердің бойына дарытып, дүниетанымдарын кеңейту, патриоттық рухта тәрбиелеу. Туған елінің әдебиеті мен мәдениетіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Мектеп оқушыларына 6-10 жас аралығындағы балаларға «Сиқырлы саусақтар» үйірмесі жұмыс істейді. Үйірменің мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін практикалық тұрғыда дамытуға жағдай жасау, балаларды эстетикалық тәрбиелеу, шығармашылық пен балалардың дүниетанымын дамыту.

Кітапхана серіктестері: №20, 35, 42 орта мектептері, қызмет көрсету саласы және геодезия, картография және құрылыс жоғары колледждерімен бірлесе жұмыстар атқарылады және кітап беру пункты КМҚК «№8 «Балбөбек» бөбекжайы» мекемесінде орналасқан.

Кітапхана-бөлімшесінде өткізілген іс-шаралар, жаңадан келіп түскен кітаптар және кітапхана қызметі туралы ақпараттар https://www.instagram.com/2kitaphana?igsh=MWt0dnZtMHZwM2E1Ng

әлеуметтік желісіндегі ресми парақшада тұрақты түрде жарияланып отырады. Бұл парақша арқылы кез келген пайдаланушы кітапхана қызметімен таныса алады.