«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ /әрі қарай - ОКЖ/ Семей қаласының мәдени-ақпараттық орталықтарының бірі болып табылады және өз ақпараттық аясын әрдайым кеңейтіп отырады.
Құжаттарға сүйенсек, 1976 жылғы 12 наурыздағы №5-83 Еңбекші депутаттары қалалық Кеңесі Атқару Комитетінің «Семей қаласында мемлекеттік көпшілік кітапханалар желісін орталықтандыру туралы» шешімінде көрсетілгендей, 1976 жылы Семей қаласы аумағында 30 мемлекеттік стационарлық көпшілік кітапханалар және 70 жылжымалы кітапханалар жұмыс жасады.
Қаланың 900 тұрғынына 1 көпшілік кітапханадан келді, тұрғындардың 30%-на жылжымалы кітапханалар қызмет көрсетті.
Жалпы барлық көпшілік кітапханалардың кітап қоры 627 217 дананы құрады. Орта есеппен 1 оқырманға 10 кітаптан ал, 1 тұрғынға 2,2 кітаптан келді.
Алайда, кітапхана желілері кітапханалардың бөлінуі мен оқшаулануына байланысты халықтың кітапқа деген қажеттіліктерін және оқырмандарға қызмет көрсету сапасын толық қанағаттандыруды қамтамасыз етпеді.
Сол себепті, қалада кітапхана ісін жетілдіру мақсатында Кеңес Одағының Коммунистік партиясы Орталық комитетінің 1974 жылғы 8 мамырдағы «Еңбекшілерге коммунистік тәрбие берудегі және ғылыми-техникалық прогрестегі кітапханалардың рөлін арттыру туралы» қаулысына сәйкес еңбек депутаттары қалалық Кеңесінің Атқару Комитеті шешім қабылдап, 1976 жылдың 1 наурызынан бастап мемлекеттік көпшілік кітапханаларды біріктіру және орталық кітапхананы бір кітап қорымен, штаттық кестемен және шығындар сметасымен құру арқылы орталықтандырып қала халқына кітапханалық қызмет көрсетуді қолға алды.
Семей қаласындағы №1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,15,16,17,18,20,21,22,23,24,25, ғылыми кітапхана, №1,2.3.4.5 балалар кітапханасы яғни, 30 қалалық кітапхана біріктіріліп Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі болып құрылды. 1995 жылы ОКЖ құрамына Жаңа-Семей ауданына қарасты тағы 13 ауылдық кітапхана қосылды.
Оңтайландыру уақытында (1993-1996 жж.) қала жүйесінде 26 кітапхана қысқартылды, оның ішінде барлық балалар және 12 ауылдық кітапханалар бар. Жабылған кітапханалардың кітап қорлары қалалық және ауылдық мектеп кітапханаларына, балалар үйлеріне, әскери бөлімшелерге тегін таратылды.
Қалалық көпшілік кітапханалардың жандануы 2000 жылдардан басталу алды. 2003 жылы Балалар және жасөспірімдер кітапханасы, 2004 жылы Цемент кентінде кітапхана-бөлімше, 2012 жылдан Мирный және Жоламан кентеріндегі кітапхана-бөлімшелері қызмет көрсете бастады, 2014 жылы Шығыс кентінде кітапхана-бөлімшесі, 2022 жылы Шақаман ауылында кітапхана-бөлімшесі ашылды.
Қазіргі таңда ОКЖ құрамына 11 кітапхана кіреді, оның iшiнде 9 кітапхана Семей қаласында, 1 кітапхана-бөлiмше Шүлбі кентінде және 1 кітапхана-бөлiмше Шақаман ауылында орналасқан.
ОКЖ кітапханалары төмендегі мекен-жайлар бойынша орналасқан:
Қалалық орталық кітапхана Академик Павлов көшесі, 105
№ 2 кітапхана-бөлімшесі Сорокин көшесі, 34
№ 6 кітапхана-бөлімшесі Трусов көшесі, 147
№ 12 кітапхана-бөлімшесі Әуезов даңғылы, 22
Детско-юношеский филиал Уранхаев көшесі 20/22
Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесі Стаханов көшесі, 17
Библиотека-филиал в поселке Шульбинск 1 ықшам аудан 14 үй
Библиотека-филиал в поселке Мирный Сатпаев көшесі, 164
Библиотека-филиал в поселке Восточный Целинная көшесі, 30/1
Библиотека-филиал в поселке Жоламан Кабельный переулок,3
Библиотека-филиал в селе Шакаман Центральная көшесі, 56
ОКЖ әлеуметтік-мәдени және ақпараттық қызмет саласын жүзеге асырады және келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді: жыл сайынғы Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауын және үкімет құжаттамасын насихаттау, Қазақстандағы тіл саясатын жүзеге асыру, жастарға патриоттық, экологиялық, рухани-өнегелі және құқықтық тәрбие беру.
Жұмыс барысының негізгі көрсеткіштері 2025 жылдың аяғында: оқырман саны – 26 546, кітаптың берілу саны – 509 750, оқырмандардың келу саны – 317 572 болды.
Кітапхананың қоры 354 893 дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегі әдебиет 64 266 дананы құрады.
Бүгінгі заман талабына сай кітапханаларды ізгілендіру, ақпараттандыру мақсатында ОКЖ-нің барлық 11 кітапханасы жылдамдығы 10 Мбит/с құрайтын лимитсіз Интернентке қосылды, сондай-ақ, барлық кітапханада WiFi бар.
Қазіргі уақытта ОКЖ бойынша жалпы 32 компьютер қолданыста, барлық компьютер локальдік жүйе арқылы Интернентке қосылған, пайдаланушыларға Интернет желісіне қосылған 4 компьютер ұсынылады. Сондай-ақ, 1 А3+ планетарлық кітап сканері, 3 сканер, 13 принтер, 16 көп жүйелі құрылғы /МФУ/ бар.
Электронды каталог жүйелі түрде толықтырылуда, жалпы 2009-2025 жыл аралығында электронды каталогқа енгізілген библиографиялық жазба саны 415 210 болды, қазақ тілінде 177 286.
Сондай-ақ, дәстүрлі библиографиялық анықтамалар орындалып, ОКЖ-де 2013 жылдан Құжаттарды электронды жеткізу қызметі жүзеге асуда. ОКЖ кітапханаларында жүйелі түрде кітапхана қорын сандық нұсқаға көшіру жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан басқа, ОКЖ-де балалардың бос уақытын ұйымдастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында, әр жастағы адамдардың басын қосатын 18 клуб, 10 үйірме белсенді түрде жұмыс атқаруда.
Қазіргі жаңа технологиялар заманында оқырмандарды кітапханың тыныс тіршілігімен жан-жақты ақпараттандыру үшін кітапхананың веб-сайты жұмыс жасауда.
Кітапханада болып жатқан жаңалықтар туралы ақпаратпен әлеуметтік желі қолданушыларын қамтамасыз ету барысында әлеуметтік желілер ашылды: Instagram /8719 жазылушы/, Facebook /4985 жазылушы/, Youtube /4593 жазылушы/, ВКонтакте /666 жазылушы/, TikTok /1044 жазылушы /
№ Кітапхана атауы Әлеуметтік желі ссылкалары
1. Қалалық
орталық кітапхана okjsemeykitaphana
https://www.instagram.com/okjsemeykitaphana?igsh=MTBuMHM3eTVzZHIzbA==
okjsemey
https://www.facebook.com/share/1C1VFU3NMp/
@tsemey
vk.com/tsemey
cbssemeybook
https://www.tiktok.com/@cbssemeybook?_r=1&_t=ZS-93OU3FSrPVZ
okjsemeykitaphana
https://youtube.com/@okjsemeykitaphana?si=SyTYZOJ5qB1eogpQ
2. №2 кітапхана-бөлімшесі 2kitaphana
https://www.instagram.com/2kitaphana?igsh=MWt0dnZtMHZwM2E1Ng==
3. №6 кітапхана-бөлімшесі 6_kitaphana
https://www.instagram.com/6_kitaphana?igsh=OXNiY3Q3aXc1bXZ2
4. №12 кітапхана-бөлімшесі kitaphana12semey
https://www.instagram.com/kitaphana12semey?igsh=a3pxY3Q2NHVxaDFj
5. Балалар және жасөспірімдер кітапханасы bjk_semey
https://www.instagram.com/bjk_semey?igsh=MXN2czgzNDJ3dGttYg==
6. Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесі cementkentindegi_kitaphana
https://www.instagram.com/cementkentindegi_kitaphana?igsh=MWY5dWVqMWE0ZjduMQ==
7. Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесі mirnyi_kitaphana
https://www.instagram.com/mirnyi_kitaphana?igsh=MTN6dHg2MGowM3NsbA==
8. Шүлбі кентіндегі
кітапхана-бөлімшесі shulbikentindegi_kitaphana
https://www.instagram.com/shulbikentindegi_kitaphana?igsh=NHR2c293czlnaHh2
9. Шығыс кентіндегі кітапхана-бөлімшесі shygys_kentindegi_kitaphana
https://www.instagram.com/shygys_kentindegi_kitaphana?igsh=NGY3emg1OGFzcG5n
10. Жоламан кентіндегі кітапхана-бөлімшесі zholaman_kentindegi_kitaphana
https://www.instagram.com/zholaman_kentindegi_kitaphana?igsh=N3R1YjUwbjExNTl2
11. Шақаман ауылындағы кітапхана-бөлімшесі kitaphana_shakaman
https://www.instagram.com/kitaphana_shakaman?igsh=MjZiaG5xaHJ4N2Fk
ОКЖ кітапханалары БАҚ өкілдерімен үнемі байланыста. Мысалы, 2025 жылы мерзімді басылым беттеріне 41 мақала шығып, жергілікті телеарна бағдарламаларына ОКЖ қызметкерлері 15 рет қатысты. Қала әкімнің сайтына 80 ақпарат қойылды.
ОКЖ кітапханалары форматы мен стилі жағынан әртүрлі офлайн және онлайн іс-шараларды ұйымдастырып өткізуде. ОКЖ кітапханалары қаланың түрлі білім беру мекемелері мектептер, колледж, жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатып, іскерлік ынтымақтастық жақсы жолға қойылған.
ОКЖ кітапханаларының әдебиетті насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында өткізген шараларына тоқталып өтсек: 2025 жылы қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы, қазақ халқының мәдениеті мен тарихының ең маңызды өкілдерінің бірі Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы кең көлемде аталып өтілді.
Мерейтойға орай «Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің қолдауымен Қалалық орталық кітапханада «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» атты поэзиялық батл, «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты әдеби quiz ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, Балалар және жасөспірімдер кітапханасы Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасымен бірлесе «Әлемдік ойдың алыбы» атты онлайн кездесу кешін өткізді. Бұдан басқа, №12 кітапхана-бөлімшесі М.Әуезов алаңында қала тұрғындары мен қонақтарына арнап «АВАI Live - Абайды бірге оқиық!» атты Opeh air /ашық аспан асында/ және Қалалық орталық кітапхана қызметкерлері Арбат алаңында «Қазақ елінің данасы» атты Abai Fest ұйымдастырады.
ОКЖ ұжымы ұлы ақынға арнап Ұлытау облысы, Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі жолдаған «Әнді сүйсең менше сүй» атты челленджін қабыл алып, әріптестеріміз Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» жолдады.
ОКЖ-де Ұлттық кітап күні аясында өткізілген «Қызықты кітаптар әлемі шақырады» атты ВookVibe шарасында «Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің қолдауымен ұйымдастырылған «Кітап оқу марафоны» атты интернет-байқаудың қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар марапатталды. байқауға республикамыздың әр өңірінен жалпы 585 жұмыс ұсынылып, қатысушылар белсенділік танытты.
Наурыз мерекесіне орай «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» тақырыбында Көрісу мейрамы, Амал мерекесі аталып өттілді. Шара барысында жастар «Қауышу» көрінісін, «Baursak Day» шеберлік сағатын ұйымдастырып, «Ертіс толқындары» ансамбілі мерекелік ән шашуларын сыйлады.
«Ұлттық сезім» жалпы республикалық жобасы аясында №12 кітапхана-бөлімшесінде «Этно-fashion» атты ұлттық киімдер флешмобы ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысының жарлығымен «2025 жыл - Жұмыс¬шы мамандықтарының жылы» деп жарияланған болатын, жыл аясында еңбекқор азаматтардың еңбегін бағалап, еңбек адамының беделін арттыру мақсатында Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Respublica» партиясының Абай облыстық филиалының төрағасы А.В.Айтмұқаш, кәсіпкер жас дизайнер-тігінші А.С.Советова, жас кәсіпкер А.С.Серікқазы т.б. қатысуымен «Адал еңбек - адал табыс» атты өзекті диалог, Қалалық орталық кітапханада «Еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар» атты MamandyqFest өткізілді.
Жастарды жан-жақты қолдау, патриоттық рухта, адамгершілік құндылықтарды игеруге тәрбиелеу бағыттында Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Абай өңірлік горнизоны Әскери полиция басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен Халықаралық жастар күніне арналған «Болашаққа үміт, жастарға сенім» атты Non stop және Орталық полиция департаментіңің кәмелетке толмағандар ісі жөнінде полиция тобының учаскелік полиция инспекторы Е.Б.Стамбеков пен психолог Н.А.Шукимбаева сынды мамандардың қатысуымен «Адам құқығына жастар көзқарасы» тақырыбында құқықтық сайыс өткізілді.
Сондай-ақ, Балалар және жасөспірімдер кітапханасында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні аясында «Зорлық-зомбылықсыз әлемге бірге!» атты дөңгелек үстел, облыстық мәслихат депутаты, Абай облысының балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Э.Ә.Солтабаева, Абай облысы, Семей қаласының отбасы және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету орталығының маманы А.Е.Сұлтанбекова, Семей қ. ПБ ОТЗЗҚКБ бастығы, полиция майоры А.Кабдылкакова, №7 емхананың психолог мамандары А.М.Мұсабекова, А.А.Алдабергенова мамандарының қатысуымен өтті.
Алдағы уақытта, ОКЖ «Шектеусіз кітапхана» /ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға арналған бағдарлама/, жазғы демалыс кездерінде «Кітап оқу сәнді» /библиожаз-библиолето, жоба/, «Оқу аллеясы» /жоба/, «Жағалаудағы жазғы отырыстар» /акция «Летние посиделки на набережной»/, «Кітап – ұлт қазынасы» /буккроссинг/ және т.б. акциялар мен жобаларды іске асыруды жоспарлауда.
Сонымен қатар, «Оқитын дос іздеймін...» оқитын аялдама, «Домбыра – асыл мұра» open air dombyra, «Абай әлемі - даналық әлемі» Абай Fest, «Мен оқыған кітап кейіпкері» дефиле-кеші, «Рахмет кітапханашы!» құттықтау хаттар бұрышы, «Төрлет, Жаңа жыл!» беби-шоу т.б. іс-шаралар ұйымдастырылады.