«DANA» балалар шығармашылық орталығы

«DANA» балалар шығармашылық орталығы
Абай облысы, Семей қаласы, Шығыс кенті, Квартал А, 5/1
«Dana» балалар шығармашылық орталығы 2024 жылғы 1 наурызда өз жұмысын бастады. Ашылғанына көп уақыт болмаса да, орталық балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамыту, ұлттық және заманауи бағыттарды үйлестіре отырып жан-жақты тәрбие беру мақсатында тұрақты жұмыс атқарып келеді.Орталық 500 шаршы метр аумақты құрайтын, екі қабатты, сабақ өткізуге толық бейімделген ғимаратта орналасқан. Балалар үшін жайлы, қауіпсіз және тәрбиелік мәні жоғары орта қалыптастырылған.Қазіргі таңда орталыққа 500-ден астам бала тартылып, өнер мен спортқа қызығушылық танытқан балалар үшін сенімді әрі қолайлы орта қалыптасты. Орталықта балаларға арналған жайлы, қауіпсіз және достық атмосфера жасалған.Бүгінгі күнде орталықта келесі үйірмелер жұмыс істейді:– ұлттық және заманауи би;– домбыра;– сурет салу;– қолөнер және тігін;– вокал;– каратэ;– дзюдо;– үстел теннисі.Сабақтар 4–17 жас аралығындағы балаларға арналған және олардың жас ерекшелігі мен жеке қабілеттері ескеріле отырып өткізіледі. Үйірмелер білікті, тәжірибелі мамандар тарапынан жүргізіледі. Орталықта балалардың шығармашылық, рухани және физикалық дамуына қолайлы жағдай жасалған. Орталықтың мақсаты - балалардың бос уақытын пайдалы өткізуге жағдай жасап, олардың қабілеттерін ашу, өнер мен спортқа деген қызығушылығын арттыру арқылы өзіне сенімді, белсенді тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.Міндеттері:• Би үйірмелері арқылы эстетикалық талғамды, сахналық мәдениетті қалыптастыру;• Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақтың күй өнеріне қызығушылық ояту;• Сурет салу арқылы қиялды, көркем ойлауды және түстермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;• Ұқыптылыққа, еңбекке баулу және шығармашылық ойды іске асыру;• Музыкалық есту қабілетін, дауыс мәдениетін және сахнада өзін еркін ұстауды дамыту;• Спорт секциялары арқылы балалардың физикалық дайындығын арттыру, тәртіпке, өзін-өзі қорғауға және төзімділікке тәрбиелеу;• Жылдамдықты, зейінділікті, реакция мен командалық рухты дамыту;• Балалардың жас ерекшелігі мен жеке қабілеттерін ескере отырып, сапалы білім мен жаттығу беру;• Салауатты өмір салтын қалыптастыру және спортқа деген тұрақты қызығушылықты арттыру;• Балалардың бос уақытын қауіпсіз әрі пайдалы өткізуін қамтамасыз ету;• Ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, бірлесіп даму жолын құру. «Dana» балалар шығармашылық және спорттық орталығы шығармашылық пен спорттық бағыттарды бір орталықта жүйелі түрде үйлестіре отырып жұмыс істеуімен ерекшеленеді.Орталықтың маңызды ерекшеліктерінің бірі – бір оқушының бірнеше үйірмеге бір уақытта тегін қатысу мүмкіндігінің болуы. Бұл балалардың әртүрлі бағытта өзін сынап көруіне, қабілеттерін жан-жақты дамытуына мүмкіндік береді.Сабақтарды тәжірибелі, білікті мамандар жүргізеді. Орталықта балалар үшін жайлы, қауіпсіз және тәрбиелік мәні жоғары орта қалыптастырылған. Ашылғанына көп уақыт болмаса да, қысқа мерзім ішінде 500-ден астам баланың орталыққа тартылуы ата-аналар сенімінің жоғары екенін көрсетеді.Сонымен қатар, орталық ата-аналар мен балалар үшін қолжетімді, ыңғайлы жерде орналасқан, бұл сабақтарға тұрақты қатысуға мүмкіндік береді.Оқушыларымыздың жетістіктері:• Қазақстандық ЮНЕСКО клубтарының қолдауымен «Абайдың қара сөздері сурет тілінде» Облыстық бейнелеу өнері Гран При – Аширбеков Азамат.• Республикалық «Шабыт» балалар өнер байқауы, «Жұлдызды сәт» домбырашылар ансамблі «Күмбір» тобы 1 орын, 2 орын Астана, 2025 жыл 13 шілде.• IX Республикалық “Жарық жұлдыз” атты балалар өнер байқауында “Қол өнер” жанры бойынша өнер көрсетіп Әділханова Айша Бас жүлде иеленді.• Республикалық "Шабыт" балалар өнер байқауында "Аспапта ойнау" жанры бойынша өнер көрсетіп домбырашыларымыз 1 орын алғаны үшін дипломмен марапатталды. Астана қ.• Халықаралық “Mega Show” шығармашылық көп жанрлы байқауындағы "Аспапта ойнау" жанры бойынша өнер көрсетіп домбырашылар Гран При алғаны үшін дипломмен марапатталды және тегін клип пен телевизиялық байқауға жолдама алды. Астана қ.• Халықаралық байқау «Жұлдыз арт» домбырашылар ансамблі Гран При, 6 желтоқсан 2025 жыл.• IX Республикалық «Жарық жұлдыз» байқауы, домбырашы Құсайын Алим, 3 орын.• IX Республикалық «Жарық жұлдыз» байқауы, аспапта ойнау «Өрлеу», «Жігер» домбырашылар тобы 3 орын.• Республикалық «Шабыт» байқауы, домбырашы Құсайын Алим 2 орын.• Республикалық «Тәуелсіздік тағылымы» шығармашылық конкурсында 2 орын - Болысбек Жұмабек.• «Ұлы тұлға» Республикалық ғылыми-танымдылық басылымының редакциясы ұйымдастырған «Жас суретшілер: бала қиялы» конкурсында 1 орын - Төлегенов Ерасыл, 2 орын Елубай Шынар.• «Жаңа жыл-жаңа бастама» Республикалық шығармашылық байқауында 2 орын Алатаев Азамат, 1 орын - Дюйсенгазиева Іңкәр.• «Білімді ұрпақ ел ертеңі» атты республикалық сурет конкурсы: Азамат Алдияр, Жеңісова Айзере – 1 орын, Тойкенова Қарақат – 2 орын.• «Бояулар құпиясының сыры» атты республикалық сурет байқауы: Беделбеков Серікжан, Аширбеков Азамат, Мирасқызы Рамина – 1 орын.• Республикалық «Шабыт» жас суретшілер байқауы 2025-2026 жж.: Кенжебаева Аделя, Базархан Кәусар – 1 орын, Мирасқызы Рамина, Муратов Ердаулет, Аширбеков Азамат – 2 орын, Серікқалиева Жайна, Еркін Медина, Азамат Алдияр – 3 орын.• «Laula» конкурстық проекті Волшебство зимы байқауы, «Форс» би тобы, ВИП Гран При «Сердце Африки» биі.• «Dance is a style» Халықаралық фестиваль байқауы, Форс би тобы, Қазақ биі ГРАН ПРИ.• ІХ Республикалық «Жарық жұлдыз» атты балалар өнер байқауында хореография жанры бойынша «Форс» би тобы, Заманауи биі Бас жүлде.• ІХ Республикалық «Жарық жұлдыз» атты балалар өнер байқауында хореография жанры бойынша «Форс» би тобы, Антошка биі Бас жүлде.• «Круче всех» Халықаралық фестиваль байқауы, «Антошка» эстрадалық биі ГРАН ПРИ. • «Dance is a style» Халықаралық фестиваль байқауы, Форс би тобы, Сердце Африки эстрадалық биі ГРАН ПРИ.• «Dance is a style» Халықаралық фестиваль байқауы, Форс би тобы, «Сақ аруы» қазақ биі 1 орын.• «Dance is a style» Халықаралық фестиваль байқауы, Форс би тобы, «Огненный ритм» эстрадалық биі 1 орын.• Хореография жанры бойынша ақшалай сыйлықтар: Турцияға жолдама, 25000, 40000, 50000, 30000, 10000 тг сертификаттар.• «Круче всех» Халықаралық фестиваль байқауы, «Baby shark» эстрадалық биі 3 орын. • «Laula» конкурстық проекті Волшебство зимы байқауы, «Форс» би тобы, Қазақ биі 2 орын.• «Laula» конкурстық проекті Волшебство зимы байқауы, «Форс» би тобы, Өзбек биі 2 орын.• «Dance is a style» Халықаралық фестиваль байқауы, Форс би тобы, Антошка эстрадалық биі 1 орын.• «Dance is a style» Халықаралық фестиваль байқауы, Форс би тобы, Нити природы эстрадалық биі 2 орын.• «Dance is a style» Халықаралық фестиваль байқауы, Форс би тобы, Мышинная вечеринка эстрадалық биі 2 орын.• «Laula» конкурстық проекті Волшебство зимы байқауы, «Форс» би тобы, Цветение сакуры биі 1 орын.• «Laula» конкурстық проекті Волшебство зимы байқауы, «Форс» би тобы, Үнді биі 2 орын.• «Laula» конкурстық проекті Волшебство зимы байқауы, «Форс» би тобы, Огненный ритм биі 2 орын.• «Laula» конкурстық проекті Волшебство зимы байқауы, «Форс» би тобы, «Зебрики» эстрадалық биі 1 орын.• «Dance is a style» Халықаралық фестиваль байқауы, Форс би тобы, Үнді биі 1 орын.• «Dance is a style» Халықаралық фестиваль байқауы, Форс би тобы, Өзбек биі 1 орын.• «Dance is a style» Халықаралық фестиваль байқауы, Форс би тобы 1 орын• «Laula» конкурстық проектісінде «Форс» би тобы, 2 орын.• «ArtOpen-2025» ІІ облыстық хореографиялық өнер байқауына белсене қатысқаны үшін Алғыс хат.• Халықаралық «Mega show» шығармашылық көп жанрлы байқауындағы «Аспапта ойнау» жанры бойынша «Әсем саз» тобы ГРАН ПРИ, «Телевизиялық байқауға жолдама», тегін клип түсіру сертификатына ие болды.• ІХ Республикалық «Жарық жұлдыз» атты балалар шығармашылық байқауында «Аспапта ойнау» жанры бойынша Бас жүлде иеленген Серіков Алишер. • «ABAY FEST» халықаралық көп жанрлы байқауда 2 орын Әсет Мөлдір.• «MEGA SHOW» Халықаралық шығармашылық көп жанрлы байқауындағы «Вокал» жанры бойынша ГРАН ПРИ Әсет Мөлдір.• «Zhuldyz Art» халықаралық байқауында 3 орын Әсет Мөлдір.• «Жарық жұлдыз» VIII халықаралық көп жанрлы байқауында «Эстрадалық вокал» жанры бойынша 1 орын Бестонова Томирис. • Республикалық «Тәуелсіздік – ел тірегі» өнер байқауында «Вокал» жанры бойынша 1 орын Ержанқызы Асылым.