Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

“Абай облысы Курчатов қаласының тілдерді оқыту орталығы„ КММ

“Абай облысы Курчатов қаласының тілдерді оқыту орталығы„ КММ
Абай облысы Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі -4 +7 72251 3 2815

«Абай облысы Курчатов қаласының тілдерді оқыту орталығы» КММ

Орталық тарихы

Курчатов қаласының мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК Курчатов қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 21 мамырдағы №1727 қаулысымен құрылды.

2013 жылдың 21 ақпанындағы № 1370 қаулы «Курчатов қаласының мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК атауы ШҚО «Курчатов қаласының тілдерді оқыту орталығы» КММ болып өзгертілді.

2022 жылыдың 16 қыркүйегінде № 135 қаулы бойынша ШҚО «Курчатов қаласының тілдерді оқыту орталығы» КММ атауы «Абай облысы Курчатов қаласының тілдерді оқыту орталығы» КММ» болып өзгертілді.

Абай облысы Курчатов қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне бағынысты.

Абай облысы Курчатов қаласының тілді оқыту орталығы» КММ Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4-үйде орналасқан. Оқу орны ақысыз жалға алынып отыр. Жалпы ауданы 77 ш.м. құрайды. Тілдерді оқыту орталығы 3 кабинет (директор, бухгалтер, мұғалімдерге арналған кабинет), 1 мультимедиа – лингафондық кабинетімен, электрондық, оқу әдістемелік әдебиеттер және түрлі сөздіктермен жабдықталған.

Байланыс ақпараттары

- 180010 Абай облысы, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі – 4.

- Email: centr_lan@mail.ru

- Instagram: tilder_ortalygy_kurchatov

- facebook.com:Тілдерді оқыту орталығы Курчатов

- байлыныс нөмері: 8 (72251) 3-28-15.

Басшылық

Курчатов қаласының тілдерді оқыту орталығының директоры – Айнаш Маданиятовна Темирбекова.

Мамандығы: Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі

Директордың байланыстары: 8 775 275 84 16 taynash@mai.ru

Қызметі

Білім беру саласында өнідірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолдану саласын дамыту және кеңейту, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделген көптілді тұлғаны қалыптастыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» іске асыру;

- мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқытуды жетілдіру, инфрақұрылымын дамыту;

- тіл меңгертудің бағдарламаларын, әдістемелік нұсқаулықтар мен оқу құралдарын әзірлеп шығару;

- мемлекеттік және өзге де тілдерді дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

- ересектерге қазақ тілін оқытудың Курчатов қаласында біріздендірілген жүйесін қалыптастыру;

- Мемлекеттік қызметкерлерді ҚАЗТЕСТ жүйесіне негіздей оқытып, олардың ҚАЗТЕСТ сертификатына ие болу мүмкіндігін жүзеге асыру.

Орталық қызметінің мақсаты - «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру шеңберінде қажетті ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасау болып табылады.

Орталықтың негізгі миссиясы-мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдегі рөлін нығайту және заманауи талаптарға сай көптілді, мәдениетті тұлғаны қалыптастыру.

- Мемлекеттік тілді екінші және шет тілі ретінде оқыту;

- Мемлекеттік тілді және ағылшын тілін оқыту;

- Тілдік білім беруге әдістемелік қолдау көрсету;

- «Қазтест» жүйесі арқылы тілдік құзыреттілікті бағалау;

- Қалалық деңгейде тіл саясатын іске асыру.

Өңірде тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, мемлекеттік және ағылшын тілдерін кең көлемді қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тілдік саясатты жүзеге асыру.

Оқыту процесі

«Қазақ тілін оқытудың бірыңғай типтік бағдарламасы» бойынша ұлттық стандарт пен Ш. Шаяхметов атындағы НЦНП «Тіл-Қазына» әдістемелік материалдары негізінде жүргізіледі.

Мемлекеттік тілді оқу курсын ұйымдастырып отырған оқу-әдістемелік кешені мен оқу құралының атауы: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТЫ (ҚР СТ 1926-2023) типтік бағдарламасы, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми–парктикалық орталығының 2024 жылы дайындаған А1,А2,В1,В2,С1 деңгейлері үшін лексикалық және грамматикалық минимумдар, «Қазақ тілі А1 қарапайым деңгей мен А2 базалық деңгей», 2025 жылғы «Қазақ тілі В1орта деңгей, В2 ортадан жоғары деңгей» оқу құралдары, «Тіл-құрал» А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлік «Қазақ тілі» оқулықтарымен оқытылады.

Оқыту процесі тіл меңгеру деңгейінің бес деңгейі бойынша ұйымдастырылған. Білім «Қазтест» жүйесі бойынша бағаланып, сертификаттар мен куәліктер беріледі.

Мемлекеттік тіл бойынша оқу бағдарламасы 60/120 сағатқа құрылып, ағылшын тілі бойынша 120 сағаттық курстар оқытылады

Мемлекеттік, ағылшын тілдерін меңгеруде озық технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып жүйелі жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда 4 және 8 айлық курстарды меңгеріп шыққандарға деңгейлеріне сәйкес куәліктер мен сертификаттар беріледі.

Персонал құрамы

Орталықтың штаттық саны 5 адамды құрайды. Орталық ұжымында тәжірибелі, білікті мамандар жұмыс істейді.

1. Айнаш Маданиятовна Темирбкова (27.06.1984 ж.) - тілдерді оқыту орталығының директоры; мамандығы - Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі.

2. Альдина Омарбековна Еликбаева (16.09.1982 ж.) - тілдерді оқыту орталығының бухгалтері; мамандығы - экономист-бухгалтер.

3. Бакытгуль Советовна Майкыбаева (13.06.1983 ж.) - тілдерді оқыту орталығының қазақ тілі мұғалімі; мамандығы - қазақ тілі және әдебиет мұғалімі.

4. Бахыт Жандосқызы Әлімбетова (03.06.1993 ж.) - тілдерді оқыту орталығының ағылшын тілі мұғалімі; мамандығы - филолог

Жетістіктері мен марапаттары

2025 жылдың 4 қыркүйегінде Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай Абай облысының Лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты интеллектуалды ойында Курчатов қаласының тілдерді оқыту орталығының ұжымы – «Парасат жолы» номинацияларымен марапатталды.

2025 жылдың 23 сәуірінде «Ұлттық кітап күні» мерекесіне ұйымдастырылған «BOOK QUIZ» зияткерлік ойынында тілдерді оқыту орталығының ұжымы дипломмен марапатталды.

2025 жылдың 5 қыркүйегінде ҚР Тіл саясатын жүзеге асыруға белсенді атсалысып, мемлекеттік тілді насихаттау мен дамыту ісіне қосқан үлесі үшін ҚР ғылым және жоғары білім министрінің «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ»мен тілдерді оқыту орталығының директоры Темирбекова Айнаш Маданиятовна марапатталды.

2025 жылдың қыркүйек айында Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай Абай облысының әкімінің алғыс хатымен тілдерді оқыту орталығының директоры Темирбекова Айнаш Маданиятовна марапатталды.

2025 жылдың қыркүйек айында ҚР Тілдер күніне орай, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге және оның мәртебесін арттыруға қосқан үлесі үшін тілдерді оқыту орталығының директоры Темирбекова Айнаш Маданиятовна №3514 әскери бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша қала әкімінің «Тіл тірегі» аталымының иегері дипломымен Курчатов қаласының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Бакытгуль Советовна Майкыбаева марапатталды.

Материалдық-техникалық база

Орталықта 1 мультимедиа – лингафондық кабинетімен (мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту бөлмесі). Орталықта барлығы; 13 компьютер, 1 принтер, 2 тақта, 6 шкаф, 10 үстел, 15 орындық, 1 кресло бар. Жоғары жылдамдықтағы интернет желісі орнатылған. Техникалық оқу құралдарынан интерактивті тақта, электрондық оқулықтар, әдістемелік-оқу құралдары мен сөздіктер, сызба кестелер, көрнекті құралдар жеткілікті мөлшерде бар.

Кітап қоры: 650 дана кітап.

Қызметтің негізгі көрсеткіштері

- 219 тыңдаушы 2025 жылы

- 138 мемлекеттік тіл

- 81 ағылшын тілі

- 108 ҚАЗТЕСТ қатысушы

2025 жылда өткізілген іс-шара саны – 45

2025 жылдың 7 сәуір күні Қазақстан Республикасының Ұлттық тестілеу орталығы мен Абай облысының Лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Абай облысының 2023-2029 жылдар аралығындағы іс-қимыл жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтегі қазақ тілінің үлесін арттыру мақсатында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу өткізілді. Диагностикалық тестілеуге облыстағы түрлі мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері қатысып, барлығы 108 адам тест тапсырды.

2025 жылдың 09-10 қаңтар аралығында «Қане, қазақша сөйлесейік!» атты акциясын өткізді.

2025 жылдың 14 қаңтарында «Қызықты қаза тілі әлемі» атты ойын-сабағы өтті.

2025 жылдың 6 ақпанында ағылшын курс тыңдаушылары мен "Sport time" атты ойын - сабағы өтті.

«Курчатов қаласының Тілдерді оқыту орталығы» КММ қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған челленджді Бесқарағай ауданының Тілдерді оқыту орталығы" КММ қабылдап, «Бородулиха ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы» КММ жолдады.

2025 жылдың 13 ақпанында Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Тілдерді оқыту орталығының тыңдаушылары «Тілім менің – тірегімнің айғағы» тақырыбында диктант жазды.

2025 жылдың 18 ақпанында Тілдерді оқыту орталығы мен Достық үйінің ұйымдастыруымен «Ана тілім – жүрек үні» атты дөңгелек үстел өтті.

2025 жылдың 16 сәуірінде үш тілді меңгерген тыңдаушылар арасында «Тіл – татулық тірегі» атты қалалық сайысы өтті.

2025 жылдың 17 сәуірінде «Сөйлесейік, түсінейік, қадірлейік!» атты шеберлік сабағы өтті.

2025 жылдың 29 сәуірінде «Береке бірлікте – ырыс ынтымақта» атты викторина сабағы өтті.

2025 жылдың 6 мамырында «Ұлы Жеңіс майталмандары» атты танымдық викторина өтті.

2025 жылдың 8 мамырында «Абай - дана, Абай дара қазақта» атты әдеби-танымдық сабағы өтті.

2025 жылдың 15 мамырында ағылшын курс тыңдаушыларымен «I Like English» атты квест ойын-сабағы өтті.

4 маусым - еліміздің киелі мерекелерінің бірі - Рәміздер күні. Осыған орай тілдерді оқыту орталығы «Ұлт рухын көтерген өнер тұлғалары» атты танымдық викторинасын өткізді.

2025 жылдың 26 маусымында «Туған жерге тағзым» атты қалалық сайысы өтті.

2025 жылдың 8 қыркүйегінде қазақ халқының ағартушысы, ғалым, тіл білімінің негізін қалаушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты танымдық сабағы өтті.

2025 жылдың 10-12 қыркүйек аралығында Курчатов қаласының тілдерді оқыту орталығы «Қазақша сөйлесейік» атты акциясын өткізді.

Тілдерді оқыту орталығында мемлекеттік қызметшілерге арналған қазақ тілін үйрету ойын сабағы өтті.

2025 жылдың 17 қазанында «Тарихтан тағылым» атты викторина өтті.

2025 жылдың 21 қазанында Абай облысы Курчатов қаласы білім бөлімінің 4 жалпы білім беретін орта мектебі Ұлттық диктант жазды.

2025 жылдың 29 қазанында №3514 әскери бөлімнің жеке құрамы Ұлттық диктант акциясына қатысты.

2025 жылдың 06 қарашасында Ұлттық диктантқа Достық үйінің «Асыл әжелер» тобы өздерінің сауаттылықтарын арттырып, қызығушылықпен белсене қатысы.

2025 жылдың 26 қарашасында Тілдерді оқыту орталығынның ұйымдастыруымен «Тіл – ұлттың жаны» атты қалалық интеллектуалды сайысы өтті.

Ел тарихы мен мәдениетін құрметтеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тілдік мәдениетті дамыту және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, сондай-ақ ұлттық сана мен патриоттық рухты қалыптастыру мақсатында 2025 жылдың 11 желтоқсан күні тілдерді оқыту орталығында «Мәңгілік ел – біздің ұлы Қазақстан» атты қалалық байқауы өтті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, тыңдаушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, елдік рухты дәріптеу және ұлттық құндылықтарға деген құрметтерін күшейту мақсатында 2025 жылдың 8-11 желтоқсан аралығында тілдерді оқыту орталығында «Тәуелсіздік – ең қастерлі ұғым» атты қалалық эссе жазу байқауы өтті.

2025 жылдың 24 желтоқсан жұмысшы мамандықтар жылының қорытындысына орай «Қарапайым жұмысшыларды құттықтау» челленджі өтті.

Тұрақты өтетін іс-шаралар

- Жыл сайын тұрақты түрде орталық тыңдаушыларына сертификат табыстау рәсімі өткізіледі.

- 5 қыркүйек Ахмет Байтұрсынұлының туған күні мен Қазақстан халқының тілдері күніне орай әртүрлі форматта іс-шаралар өткізіледі.

- мемлекеттік органдарының қызметкерлері арасында «Ұлттық диктант» жобасы тұрақты түрде өткізіледі.

- Мемлекеттік органдарыдың, қала мекемелерінің және әскери қызметкерлер арасында жылда әртүрлі тақырыпта байқаулар мен сайыстар ұйымдастырылады.

- Оқу үдерісі тілдік дағдыларды қалыптастырумен қатар, мәдени-танымдық бағыттағы іс-шаралармен толықтырылады.

- Сонымен қатар үш тілде кіріктірілген сабақтар өткізіліп, әртүрлі интеллектуалдық ойындар арқылы тілдік білімдерін тәжірибе жүзінде бекітуге мүмкіндік беріледі.

- Жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық тестілеу орталығы мен Абай облысының Лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Абай облысының 2023-2029 жылдар аралығындағы іс-қимыл жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтегі қазақ тілінің үлесін арттыру мақсатында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу өткізіледі.