Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

“Көкпекті ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы„ КММ

“Көкпекті ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы„ КММ
Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Валиханова 65 А +7 777 307 1387

«Абай облысы Көкпекті ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Көкпекті ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы»коммуналдық мекемесі

• Орталық туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының мемлекеттік және басқа да тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылды.

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын ашу себебі төмендегідей:

1.Орталықтағы оқытушылар аккредитациядан өтуі керек;

2.Тыңдаушыларға орталықтағы оқытуды бітірген соң мемлекеттік үлгідегі сертификат беріледі;

3.Болашақта оқыту орталығы облыстық лингвистикалық орталығы басқаруына өтуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Б.Сапарбаевтың 2012 жылғы 6 ақпандағы № 1689 хаттамалық тапсырмасының 5-тармағына сәйкес Көкпекті ауданында 2013 жылдың 1-ші наурызына дейін «Тілдерді оқыту орталығын ашу» жоспарланған. Аталған тапсырманы орындау барысында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі төмендегідей шараларды жүзеге асыруда:

1. Самар ауылында «Тілдерді оқыту орталығы» үшін орталық кітапхана ғимаратынан бөлме бөлінді.

2. «Тілдерді оқыту орталығының» жарғысы дайындалып, тіркеуге әділет басқармасына өткізілді.

3. «Тілдерді оқыту орталығының» мөрі мен есептік шоты дайындалды.

4. «Тілдерді оқыту орталығының» штаттық кестесі жасалып, бекітілді.

5. «Тілдерді оқыту орталығының» заңды мекен-жайы анықталды.

6. «Тілдерді оқыту орталығының» оқыту бағдарламасы Шығыс Қазақстан облыстық «Тілдерді оқыту орталығының» әдістемелік кеңесімен құпталды.

Көкпекті ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қыркүйегінде «Абай облысы Көкпекті ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мекемесі № 321қаулысымен бекітілді.

• Кадр мәселесі

Штаттық кестеге сәйкес «Көкпекті ауданының мемлекеттік және тілдерді оқыту орталығы»КММ 3,5 бірлікте қызметкерлер істейді. Соның 3,0 бірлігі оқытушы, 0,5 есепші. Барлығы жоғары білімді.

• Миссия және мақсаттар

Орталықтың негізгі миссиясы — мемлекеттік тілдің қолдану саласын дамыту және кеңейту, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделген көптілді тұлғаны қалыптастыру.

• Мемлекеттік тілді екінші және шет тілі ретінде оқыту

• Ағылшын тілін оқыту

• Тіл білімін методикалық қолдау

• «Қазтест» жүйесі бойынша тілдік құзыреттілікті бағалау

• Аймақтық деңгейде тіл саясатын жүзеге асыру

Көкпекті ауданының мемлекеттік және тілдерді оқыту орталығы»КММ –ның инстраграм желісіндегі парақшасында 39 ақпарат қойылған, желіге тіркелгендер саны 587 тіркелуші. Орталық ересек тұрғындарға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін тегін оқытуды Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» заңы және 2023–2029 жылдарға арналған тіл саясатын дамыту тұжырымдамасы аясында жүзеге асырады.

• Материалдық техникалық базасы

Көкпекті ауданының тілдерді оқыту орталығында 1 интерактивті тақта, 1 маркерлік тақта,1 ноутбук, 3 компьютер, 2 принтер.

• Мақсаты мен міндеттері

Көкпекті өңірінде тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, мемлекеттік және өзге де тілдердің кең көлемді қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тілдік саясатты жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» іске асыру. Мемлекеттік және өзге де тілдерді оқытуды жетілдіру, инфрақұрылымын дамыту, тіл меңгертудің бағдарламаларын, әдістемелік нұсқаулықтар мен оқу құралдарын әзірлеп шығару, мемлекеттік және өзге де тілдерді дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

• Іс-шаралар мен қызметтік көрсеткіштер

2025 жылы орталықта 32 іс-шара, мемлекеттік тіл оқығандар саны 92, ағылшын тілі оқығандар саны 96. Көкпекті ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығың ұйымдастыруымен Қазақстан халқы және Тілдер күні мерекесіне орай Ахмет Байтұрсынұлы тағылымы және Тіл – рухани қазына атты жастар арасында дөңгелек үстел отырысы өтті. Шара барысында кішігірім тренинг және тақырыпқа сай сұрақтар қойылып, өз ой – пікірлерімен бөлісті. Іс – шара соңында тіл жанашырлары алғыс хатпен марапатталды.

Халықаралық Қазақ тілі қоғамықоғамдық бірлестігінің бастамасымен, Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық диктант жобасы бастау алды. Жобаның мақсаты мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, сауаттылыты арттыруға және қазақстандықтардың тіл мәдениетіне деген қызығушылығын оятуға бағытталған игі бастама болып табылады. Аталған шараға дербес бөлім басшылары, бас мамандары мен мекеме қызметкерлері белсене қатысты.

25 қазан Республика күніне орай QUIZ интеллектуалдық сайысы өтті. Сайысқа 6 топ қатысып жүлделі орындармен, бағалы сыйлықтармен мараппаталды.

16 – желтоқсанТәуелсіздік күніне орай Тәуелсіздік тағылымы атты викториналық сайыс өтті. Аталған іс – шараға өзге ұлт өкілдері белсене қатысып, бағалы сыйлықтармен мараптталды.

• Тұрақты өтетін іс-шаралар

Жыл сайын тұрақты түрде орталық тыңдаушыларына сертификат табыстау рәсімі өткізіледі.

5 қыркүйек Ахмет Байтұрсынұлының туған күні мен Қазақстан халқының тілдері күніне орай әртүрлі форматта іс-шаралар өткізіледі.

Жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық тестілеу орталығы мен Абай облысының Лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» іске асыру жөніндегі Абай облысының 2023-2029 жылдар аралығындағы іс-қимыл жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтегі қазақ тілінің үлесін арттыру мақсатында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу өткізіледі

• Жетістіктер мен марапаттары

2025 жылы Абай облысының лигвистикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты квизде орталықтың қызметкерлері «Рухани серпіліс» номинациясымен 3 орынға ие болды. Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған «Тіл фестивалінде» орталықтың директоры Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.