«Абай облысы Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
1. «Абай облысы Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) қызметін жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
3. Мемлекеттік мекеме Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі №134 қаулысымен құрылған.
4. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Бесқарағай ауданының әкімдігі болып табылады.
5. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган «Абай облысы Бесқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік орган болып табылады.
6. Мемлекеттік мекеменің атауы: «Абай облысы Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
7. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 070300, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Сейфуллин көшесі, 153.
Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі
8. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес балансы, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы бар бланкілері, мөрлері болады.
9. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
10. Мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.
11. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
12. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні басқа санаттарға енгізілмеген білім беру саласындағы білім беру қызметін жүзеге асыру болып табылады.
13. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде қажетті ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасау.
14. Мемлекеттік мекеме өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қызметтің келесі түрлері:
1) барлық меншік нысанындағы мемлекеттік мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың, сондай-ақ халықтың басқа да топтарының мемлекеттік және өзге де қызметшілерін қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерге оқыту;
2) оқытуды ұйымдастыру үшін қажетті материалдық-техникалық жағдайлармен, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;
3) аудан тұрғындары арасында мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу және мемлекеттік тілде сөйлеушінің беделді бейнесін арттыру мақсатында әлеуметтік желілерде ақпараттық блогтар жүргізу;
4) тіл саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша жарияланымдарды Бесқарағай аудандық газетінде, жергілікті журналдарда орналастыру;
5) Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту туралы идеяны іске асыру шеңберінде аудан әкімдігінің сайтын көптілді ақпараттық контентпен толықтыру;
6) мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу және қолдану аясын кеңейту мәселелерінде мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен, мекемелермен, кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау болып табылады;
7) мемлекеттік органдарға, ведомстволарға және ұжымдарға, кез келген меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ жеке тұлғаларға «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес деректемелерді, көрнекі ақпаратты ресімдеуге әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
8) барлық меншік нысанындағы аудан мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істейтін мемлекеттік тіл редакторларына терминологиялық базаны жаңарту, әртүрлі лексикалық құрылымдардың өзектілігі және т. б. мәселелер бойынша консультативтік көмек көрсету;
9) оқытушылардың біліктілігін арттыру мақсатында ересек халықты оқыту әдістемесі бойынша оқытатын ғылыми-практикалық семинарлар, курстар, вебинарлар және онлайн-конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
10) әдістемелік ұсынымдар мен құралдарды, оның ішінде қазіргі заманғы қоғамның қажеттіліктерін ескеретін білім берудің үштілді моделі үшін әзірлеу және тарату;
11) Қазақстан Республикасының ұқсас мемлекеттік мекемелерімен, ұйымдарымен ынтымақтастық ету;
12) кеңінен ақпараттық сүйемелдеумен тіл саясатын іске асыру мәселелері бойынша мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру (дебаттық конкурстар, викториналар және т. б.);
13) осы ережеде көзделген және заң актілерінде тыйым салынбаған мемлекеттік тілді оқыту бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуге құқығы бар.
15. Мемлекеттік мекеменің осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқығы жоқ.
16. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі: тиісті саланың уәкілетті органының, жергілікті атқарушы органның, прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Қызметі:
• Заманауи технологияларды пайдалану: Тіл үйренушілерге арналған QR-кодтар, сандық және интерактивті презентацияларды енгізу арқылы оқу материалдары мен ақпаратты жылдам әрі қолжетімді алу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
• Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс: орталықтың қызметі, мемлекеттік тілді насихаттау және тілдерді дамыту бағытындағы іс-шаралар туралы жергілікті басылымдарда тұрақты түрде мақалалар жарияланады.
• Білім беру іс-шаралары: жыл сайын ашық сабақтар, шеберлік сабақтар, тілдік сайыстар мен интерактивті квест ойындар ұйымдастырылып, бұл тілдерді оқыту орталығының қызметін кеңінен танытудың тиімді жолы ретінде қолданылады.
• Оқу үдерісін оңтайландыру: тілдерді оқыту бағдарламалары бойынша ыңғайлы оқу навигаторы әзірленіп, енгізілді. Бұл оқу материалдарына қолжетімділікті жеңілдетіп, тыңдаушылардың өздігінен ізденуін жеделдетуге және тілдік біліммен жұмыс істеудің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Персонал құрамы
Бесқарағай тілдерді оқыту орталығының штаттық саны 8 қызметкерді құрайды. Оның ішінде орталық директоры, есепші, әдіскер және мемлекеттік тілді оқытумен айналысатын 5 оқытушы бар. Орталық ұжымы тілдерді оқыту және тіл саясатын іске асыру саласында тәжірибесі мол, білікті мамандардан құралған.
Орталық оқытушылары мемлекеттік тілді, сондай-ақ өзге де тілдерді оқытуда заманауи әдістемелерді, интерактивті тәсілдер мен деңгейлік оқыту жүйесін қолданады. Сабақ барысында көрнекі құралдар, цифрлық ресурстар, тестілік және практикалық тапсырмалар кеңінен пайдаланылады. Бұл тіл үйренушілердің қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге ықпал етеді.
Қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында орталық мамандары облыстық және республикалық деңгейде ұйымдастырылатын семинарлар мен курстарға тұрақты түрде қатысады. Әдістемелік қолдау көрсету мақсатында ашық сабақтар, шеберлік сабақтар және тәжірибе алмасу кездесулері өткізіледі.Орталық қызметкерлерінің еңбегі еленіп, әр жылдары тілдерді дамыту саласына қосқан үлесі үшін республикалық және өңірлік деңгейдегі уәкілетті органдардың алғыс хаттары мен марапаттарына ие болды.
Бұл – ұжым жұмысының нәтижелілігін көрсетеді.Бесқарағай тілдерді оқыту орталығы өз қызметін Қазақстан Республикасының тіл саясаты саласындағы мемлекеттік бағдарламаларына, сондай-ақ облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұсынымдарына сәйкес әзірленген жылдық жұмыс жоспарлары негізінде жүзеге асырады.Бүгінгі тілдерді оқыту орталығы – ұлт болашағына бағытталған маңызды рухани алаң.
Мемлекеттік тілдің қоғамдық қолданыс аясын кеңейту, тұрғындардың тілдік мәдениетін қалыптастыру және көптілді ортаны дамыту – орталықтың негізгі міндеттерінің бірі.