Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

“Абай облысы Бородулиха Ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы„ КММ

«Абай облысы Бородулиха ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы» КММ

Тілдерді оқыту орталығының тарихы

«Абай облысы Бородулиха ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы» 2007 жылғы 26 қарашадағы №2318 қаулысының негізінде «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып құрылып, Шығыс Қазақстан облыстық Тілдерді дамыту басқармасына қарады.

«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2017 жылғы 24 наурыздағы Бородулиха ауданы әкімдігінің №48 қаулысының негізінде қайта құрылып, «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 4 мамырдағы №887 Жарлығына сәйкес Абай облысы құрылғандықтан, Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты «Абай облысы, Бородулиха аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт» мемлекеттік мекемесінен «Абай облысы, Бородулиха ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.

Орталықтың ғимараты Абай облысы, Бородулиха ауданында Достық 154 ғимаратта орналасқан. Ғимараттың жалпы ауданы 50,5 шаршы метрді құрайды.

Құрылымы (бөлімдер, филиалдар)

Абай облысы Бородулиха ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығына қарасты 4 филиал бар.

1. Новопокровка ауылдық округі

2. Жезкент кенттік округі

3. Новодворовка ауылдық округі

4. Новая Шульба ауылдық округі

Тілдерді оқыту орталығының қызметі

Тілдерді оқыту орталығы (бұдан әрі – Орталық) тілдерді меңгерту, мемлекеттік тіл саясатын іске асыру және тілдік құзыреттілікті арттыру мақсатында қызмет атқарады.

Орталықтың негізгі қызметтері:

1. Мемлекеттік тіл, орыс тілі, ағылшын тілі мен татар тілін оқыту бойынша оқу курстарын ұйымдастыру және өткізу.

2. Тыңдаушылардың тілдік білім деңгейін анықтау үшін тестілеу жүргізу және деңгейлік оқытуды қамтамасыз ету.

3. Оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарды, оқу материалдарын әзірлеу, жетілдіру және қолдану.

4. Тілдік дағдыларды (тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу) дамытуға бағытталған практикалық сабақтар, тренингтер, тілдік клубтар ұйымдастыру.

5. Кәсіби және іскерлік бағыттағы тіл курстарын өткізу.

6. Оқу нәтижелері бойынша қорытынды бақылау жүргізу және белгіленген тәртіпте сертификаттар беру.

7. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған мәдени-танымдық және әдістемелік іс-шаралар өткізу.

8. Тілдерді оқыту мәселелері бойынша кеңес беру және әдістемелік қолдау көрсету.

• Іс-шаралар мен сабақтар: Орталықтың оқытушылары бекітілген жоспарға сай іс-шаралар, сабақтар мен тақырыптық байқаулар мен акциялар өткізеді.

Тілдерді оқыту орталығында заманауи технологияларды пайдалану:

Тілдерді оқыту орталығында білім беру сапасын арттыру, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру және тыңдаушылардың тілдік құзыреттілігін дамыту мақсатында заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кеңінен пайдаланылады.

Орталықта заманауи технологияларды пайдалану мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1. Оқу үдерісінде мультимедиялық құралдарды (интерактивті тақта, аудио және бейнематериалдар, презентациялар) қолдану.

2. Онлайн және аралас оқыту форматтарын (қашықтан оқыту платформалары, вебинарлар, бейнесабақтар) енгізу.

3. Электрондық оқу ресурстарын, цифрлық оқулықтарды және онлайн платформаларды пайдалану.

4. Тыңдаушылардың білім деңгейін анықтау және бақылау үшін электрондық тестілеу жүйелерін қолдану.

5. Тілдік дағдыларды дамытуға арналған мобильді қосымшалар мен интернет-ресурстарды пайдалану.

6. Оқу материалдарын цифрлық форматта әзірлеу, сақтау және тарату.

7. Оқытушылардың цифрлық құзыреттілігін арттыру мақсатында әдістемелік қолдау және оқыту іс-шараларын ұйымдастыру.

8. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, оқу үдерісін техникалық қамтамасыз ету.

• Абай облысы Бородулиха ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының Instagram: boroduliha_til_ortalygy әлеуметтік желісіне белсенді түрде ақпараттар жарияланады.

• «Жаңа уақыт» жергілікті газетте, sayipqiran.kz және anyqtaime.kz бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялаймыз.

• Жыл сайын бекітілген жоспарға сай іс-шаралар, ашық сабақтар, акциялар мен байқаулар, интелектуалды ойындар мен дөңгелек түстелдер өткіземіз, бұл орталықты танымал етудің тиімді жолы.

Персонал құрамы

Орталықтың штаттық саны - 8,25, оқытушылар мен техникалық қызметкерлерді қоса алғанда 14 адамды құрайды. Орталық ұжымында үлкен тәжірибесі бар білікті оқытушылар жұмыс істейді.

Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай 4 қыркүйекте Абай облысының лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты интеллектуалды ойын өтті. Танымдық сайысқа Абай облысының Бородулиха, Бескарағай, Көкпекті аудандары мен Курчатов қаласының тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары қатысты. Интеллектуалды ойын натижесінде: Бородулиха ауданының оқытушылары “Алаш жұлдызы” номинациясымен марапатталып, бас жүлдеге ие болды. Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған «Тіл - татулық туы» облыстық фестивальде , бірқатар біздің ауданның тіл жанашырлары марапатталды. Мәселен, тіл саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін Бородулиха аудандық мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығында қызмет еткен Серік Әбілқасымұлы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы төс белгісімен, орталық директоры М. Атаева 2025 жылғы Ғылым және жоғарғы білім Министрінің “Құрмет Громатосымен және ҚР Кәсіподақ ұйымының “Еңбек даңқы” төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар Жезкент кентінің мемлекеттік тілдің оқытушысы Б.Рахымбаев облыстық мәдениет және тілдерді дамыту архив ісі департментінің Алғыс хатымен марапатталды. Мемлекеттік тілдің оқытушысы Д.Мұрат, Бородулиха аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Мемлекеттік тілдің оқытушысы Мокроусова Виктория Анатольевна «Мемлекеттік тіл-тәуелсіздік символы» атты облыстық байқаудың 1 орын иегері.

«Үздік оқытушы» атты облыстық байқаудың 2 орын иегері.

Ыкыласова Асел Женисовна Новопокровка ауылдық округінің филиалының мемлекеттік тілдің оқытушысы Республикалық «Үздік педагог -2017» сайысының жеңімпазы, «Үздік педагог-2017» атағының иегері. Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының І дәрежелі диплом, «Қ.Бітібаеваның ұстаздық тұлғасы және педагог мәртебесі» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда І дәрежелі диплом, «Кемеңгер ұстаз» республикалық олимпиадасының І дәрежелі диплом, «ПедСтарт» олимпиадасы ІІ дәрежелі диплом иегері.

Орталықтың тыңдаушылары да облыстық, аудандық іс-шаралар мен акция, байқауларға белсене қатысады.

Мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерінің арасында «Мемлекеттік тіл - Тәуелсіздік символы»атты облыстық байқауы өтті. Орталықтың тыңдаушылары Щербакова Вероника мен Мамедова Лайла Адгёзаловна қатысып алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды.