📌Ашылу тарихы✔️ Институтты тәмамдағаннан кейін 1996 жылы алғашқы еңбек жолын №4 мектепте хореограф ретінде бастадым. 1997 жылғы 17 мамырда Оқушылар шығармашылығы сарайында өткен мектептер арасындағы қалалық балдық би байқауында тіркеу кезінде әр мектептен қатысқан жұптарға ұжым атауын ойлап табу сұралды. «Романтики» атауы хаттамаға енгізіліп, біздің үш жұбымыз 1, 2, 3 орындарды толық иеленді. Осы үлкен жетістіктен кейін үйірмеге қаланың басқа мектептерінен де балалар келе бастады, нәтижесінде бізді гимнастика мектебіне шақырып, балдық би бөлімшесі ашылды. 2011 жылы Қалалық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткен соң, бізге ақ залды жаттығу үшін ұсынды. 2020 жылы «Үлгілі» атағына ие болдық. 2021 жылдан бастап «Артспорт» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыс істеп келеміз. 📌 Мақсаты мен міндеттері✔️ Балдық билерді насихаттау, өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеу 📌 Шығармашылық жетістіктері✔️ Балдық би ансамбльдері арасындағы Сібір біріншілігі – халықаралық турнирінің жеңімпаздары (Омбы қ., 2024 ж. желтоқсан)✔️ «Солнечный бал 2025» халықаралық байқауының жеңімпаздары (Барнаул қ., 2025 ж. 2 мамыр)✔️ Командалық біріншілік бойынша Қазақстан Республикасының жеңімпаздары (Астана қ., 2026 ж. 25 қаңтар) 📌 Ескертпе✔️ Семей қаласындағы №1 балдық би ансамблі✔️ Үлкен жұмыс тәжірибесі бар кәсіби педагогтар Ұжым құрамы:Лебаева Ольга Борисовна – жетекші Жантуарова Гүлмира Дүйсенғалиқызы – көркемдік жетекші Сергеева София Борисовна – педагог-қоюшы Хабибуллина Марина Владимировна – әкімші, көркем іс-шараларды ұйымдастырушы.


