Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының „Ақсуат тарихи-өлкетану музейі„ КМҚК

Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының „Ақсуат тарихи-өлкетану музейі„ КМҚК
Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылы, Ы.Кәбеков көшесі - 8 +7 72346 2 1627

Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының

«Ақсуат тарихи – өлкетану музейі» КМҚК

Музей тарихы

Музейдің негізін қалаушы, алғашқы директоры Ақжасар Қонысбек Сләмұлы. ҚР Мәдениет қайраткері.

Құрылған жылы: 1986, 17 желтоқсан; Ашылған жылы: 1993, 18 мамыр.

Ғимараттың жалпы көлемі: 2032 ш/м, ауданы: 594,0 ш/м.

Музей қоры: 5930 дана сақтау бірлігін құрайды.

Қызметкерлер саны: 12.

Ақсуат тарихи – өлкетану музейі бұрынғы Семей облыстық мәдениет басқармасының ұсынысымен Қазақ ССР-і Мәдениет министрлігінің 1986 жылғы 17 желтоқсандағы №385 бұйрығы негізінде Семей облыстық тарихи – өлкетану мұражайының Ақсуат аудандық филиалы болып құрылып, 1993 жылы 18-мамырда ашылған. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 1 – қаңтар №350 қаулысымен мәдениет басқармасының «Тарбағатай тарихи – өлкетану музейі» КМҚК болып құрылымдалған. Музей құрылымы табиғат, көне дәуір, қазіргі заман, көрме бөлімдері бойынша жабдықталған. Музей ұжымы 2004 жылы Қазақстан Республикасының мұражай ісін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Музей 2022 жылдың 18 қазанында әкімшілік – территориялық өзгерістерге байланысты Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «Тарбағатай тарихи-өлкетану музейі» КМҚК - Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Ақсуат тарихи – өлкетану музейі» КМҚК болып қайта құрылды.

Музей табиғат, көне дәуір, қазіргі заман залдарынан және көрме орталығынан тұрады. Музей ғимаратының күмбезді екінші қабатында шеңберлі көрме бөлімінің жобасы. Еліміздің қалаларындағы мұражайлар қорынан әкелінетін сан-алуан көркемөнер шығармаларының көрсетілімдері ұйымдастырылады.

Музей құрылымында 2014 Зергер Сержан Башировтың Алматы қаласынан әкелген коллекциясынан қолөнер және суретші Еркін Нұразхановтың шығармашылығынан «Әзіл сурет алдаспаны» атты көрме мамыр айында өтті. Астана қаласының тарихи мұражайы қорынан «Астана мерейі» атты фотокөрмені маусым айында аудан тұрғындары тамашалады, ШҚО «Өнер» музейінен кескіндеме көрмесі қазан айында өткізілді. Шығыс өңірі суретшілірінің туындыларын көрермендер зор ықыласпен тамашалады.

9 – көшпелі көрме ұйымдастырылды, олардың ішінде 2 көрме облыстық мәдени шаралар аясында өткізілді. Оның біреуі ШҚО, Қатонқарағай ауданы, Алтай тауларының баурайында өткен түркі халықтары жиынында, екіншісі Өскемен қаласында өткен Тарбағатай ауданы күндеріне байланысты С. Башировтың коллекциясынаан қолөнер туындылар көрмесі, сонымен қатар аудан мектептері мен мекемелерінде көшпелі көрмелер өтті.

«Тарбағатай зергерлік мұралары», «Алтын жәдігерлер топтамасы», 7 – мамыр Отан қорғаушылар мерекесіне арналған «Айбын» жас сарбаздар әскери міндеттерін баяндайтын, «Өлке әдебиеті» тақырыбында, «Алтын жәдігерлер топтамасы», «Тастағы таңба сырлары», Тарбағатайлық жергілікті қаламгерлердің (Қ.Тортаев, Л.Белібаев, Р.Арынұлы, Н.Сейілханов т.б. шығармалары), «Өресі биік өнер» жерлес айтыс ақындары шығармашылығы, «Азия – авто» зауытының президенті жерлесіміз Е.Мәндиевтің жоғарғы кәсіптік мамандығы туралы топтама суреттер, «Тарбағатай табиғаты», «1 – маусым балалар күніне арналған оқушылар шығармашылығы», «Ата заңым демократиялық қоғамның кепілі» кітап, «ұлттық валюта – тәуелсіз елдің бір нышаны», «Тарбағатайлықтар Елбасымен» - 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, ШҚО «Өнер мұражайынан әкелген «Шығыс Қазақстан – «ТҮРКСОЙ» фотосуретшілерінің көзімен», ҚР тәуелсіздік күніне байланысты «Тәуелсіздік тұғыры» т.б. тақырыбында көрмелер ұйымдастырылып отырды. Жерлестеріміз, республикалық, қалалық мұражайлардың басшылары: Төкен Ибрагимов-Республикалық Абай қорық мұражайының бұрынғы директоры, Еркін Нұразхан –Ә.Кастеев атындағы Өнер мұражайының директорының орынбасары, Кенжехан Матыжанов-Мемлекеттік Орталық тарих музейінің директорының бұрынғы орынбасары, ҚР Тұңғыш президенті мұражайының алғашқы директоры болған, Әділғазы Қайырбеков –Ғ.Мүсірепов пен С.Мұқанов әдеби-мемориалдық мұражай кешенінің директоры, Айнұр Ақжасарова – Астана қаласы тарихы мұражайының жетекшісі туралы және мұражайлардағы шығармашылық қызметтері жайлы жинақталған деректер бойынша шағын көрме өткізілді. Бұл көрсетілімдер мұражай мамандары мен жас өлкетанушылар үшін маңызды ақпарат болды.

2015 жылдың қыркүйек айында ШҚО «Невзоровтар отбасы» мұражайынан кескіндеме көрмесі өткізілді. 20 кескіндеме туындылары жұртшылыққа таныстырылыды.

2016 жылы мамыр айында Өскемен қаласында аудан күндеріне байланысты «Аңшылық, саятшылық, мергендік» әдет ғұрпы көшпелі көрмесі өткізілді.

Сонымен қатар мұражай қорынан әртүрлі тақырыптық, көрмелер ұйымдастырылып, көрермендердің рухани танымдылығына сай құндылықтар көрсетілімге қойып жаңа көрме орталығының қызметі жұртшылықтың рухани игілігіне жүзеге асты.

2018 жылдың қаңтар айында тарбағатай ауданы Ақжар ауылы «Өнер» мектебінің ұстазы көркемсурет шебері А.Т.Шокановтың өнер туындыларынан көшпелі көрме Ақсуат тарихи – өлкетану музейіне әкелініп бір ай көрме өткізілді.

2018 жылдың тамыз айында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі қорынан әкелінген IV-III ғғ. мерзімделетін сақ көсемі болған «Алтын Адам» көрмесі ұйымдастырылып, бір ай көлемінде өткізілді.

2024 жылы Шығыс Қазақстан облыстық тарихи – өлкетану музейінің қорынан «Елеке сазы Алтындары» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, өткізілді.

Ақсуат тарихи–өлкетану музейі 2025 жылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына Абай ауданына «Ақсуат таңғажайыптары» жылжымалы көрмесін апарды.

Музейдің міндеттері мен қызметтері:

1. Кәсіпорын қызметінің мәні мәдени, білім беру, ғылыми-зерттеу функцияларын жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын кеңінен танытуды қамтамасыз етуге арналған музей заттары мен музей коллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшілікке ұсыну болып табылады. ОКЕД - 91020 Музейлер қызметі.

2. Кәсіпорын қызметінің мақсаты мәдени, білім беру, ғылыми-зерттеу функцияларын іске асыру және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын кеңінен танытуды қамтамасыз ету болып табылады.

3. Кәсіпорынның осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсатына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқылы емес.

4. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі Жергілікті атқарушы органның, Тиісті саланың уәкілетті органының, Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не Прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Мәдени бұқаралық іс – шаралар

Есепті кезеңдегі мекеме жұмысының сандық көрсеткіштерін (2025 жылы өткізілген іс-шаралар саны 90, 38 көрме, келушілер саны 3020 келуші). Соның ішінде жылдық жоспарға сәйкес 1 наурыз Алғыс айту күні, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні, 22 наурыз Наурыз мерекесі, 1 мамыр - Қазақстан Халықтарының бірлігі күні, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні, 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні, Мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерекесі, 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні, 4 маусым - ҚР Рәміздері күні, 2 шілде - Домбыра күні, Астана күні, 10 тамыз - Абай күні, 29 тамыз - Семей ядролық полигоны жабылған күні, 30 тамыз - ҚР Конституциясы күні, 1 қыркүйек - Білім күні, Тілдер күні, 15 қыркүйек – Отбасы күні, 1 қазан – Қарттар күні, 25 қазан – Қазақстан Республикасы күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай мәдени іс шаралар, көрмелер, тақырыптық саяхаттар мен дәрістер ұйымдастырылды.

Танымал тұлғалар шығармашылығын насихаттау мақсатында 2025 жылдың мерейтойлық іс-шаралары, "Туған жерге тағзым" бағдарламасы бойынша өткізілетін шаралар, «Жазғы демалыс» бағдарламасы бойынша іс шаралар ұйымдастырылды.

2025 жылдың 16 мамырында Ақсуат тарихи-өлкетану музейінде “Музей түні” акциясы кең көлемде аталып өтті. Онда ауданымыздағы А.Байқыдыров атындағы Саз мектебі оқушылары мерекелік концерт қойса, Қожагелді батыр атындағы мектеп интернатының тәрбиеленушілері түрлі қисса оқып халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Музей қорындағы құнды жәдігерлерден қойылған “Көненің көмбесі” көрмесі, Өнер мектебінің ұстазы суретші, қолөнерші Е.Жарылғасыновтың шеберлік сабағы мен “Ұлттық нақыштағы қобдишалар” көрмесі және шәкірттерінің қолынан шыққан қолөнер бұйымдарынан ұйымдастырылған көрмелерді

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін іс шаралар «Музей түні» іс шарасы, «Музейге сый» акциясы.

2023 жылдың 12 мамырында Ақсуат тарихи-өлкетану музейінің 30 жылдығына арналған «ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ МЕН САҚТАУДАҒЫ МУЗЕЙЛЕРДІҢ РӨЛІ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.

2025 жылдың 1 тамыз күні Ақсуат тарихи - өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Қ. Ақжасардың 70 жылдығына орай өткізіліп отырған «Үздік экскурсия жүргізушісі» республикалық байқау өткізілді.

Қорлар сипаттамасы

Ақсуат тарихи -өлкетану музейінің қоры – аймақтың табиғи, тарихи, әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуын кешенді түрде танытатын бірегей материалдық және рухани мұралар жиынтығы болып табылады. Музей қоры ғылыми, мәдени және тәрбиелік маңызы зор жәдігерлерді жинақтау, сақтау, зерттеу және көпшілікке ұсыну мақсатында қалыптастырылған.

Музей қоры негізгі қор және қосалқы қор болып бөлінеді.

Негізгі қорды тарихи, археологиялық, этнографиялық, нумизматикалық, қолжазба-құжаттық, фотосуреттік және бейнелеу өнері жәдігерлері құрайды. Аталған бұйымдар өлкенің ежелгі дәуірлерден бастап қазіргі кезеңге дейінгі даму тарихын, халықтың тұрмыс-салтын, шаруашылығын, дәстүрлі мәдениетін, рухани құндылықтарын айқындайды.

Археологиялық қорда өңір аумағынан табылған қоныстар мен қорымдарға қатысты еңбек құралдары, тұрмыстық заттар, әшекей бұйымдар сақталған. Бұл жәдігерлер өлкенің ежелгі мәдени қабаттарын ғылыми тұрғыдан зерделеуге мүмкіндік береді.

Этнографиялық қор халықтың дәстүрлі тұрмысы мен шаруашылығын сипаттайтын киім-кешек, тұрмыстық бұйымдар, қолөнер туындылары, музыкалық аспаптар мен әдет-ғұрыпқа қатысты заттардан тұрады.

Құжаттық-қолжазба қорына өлке тарихына қатысты ресми құжаттар, хаттар, күнделіктер, естеліктер, сирек кітаптар мен басылымдар енгізілген. Бұл деректер аймақ тарихын нақты тарихи тұлғалар мен оқиғалар арқылы тануға жол ашады.

Фотосуреттер мен бейнематериалдар қоры өңірдің әлеуметтік өмірін, тарихи кезеңдерін, көрнекті тұлғаларын, маңызды оқиғаларын визуалды түрде бейнелейді.

Ғылыми-көмекші қор экспозициялық және зерттеу жұмыстарына арналған көшірмелерді, макеттерді, реконструкцияларды және әдістемелік материалдарды қамтиды.

Ақсуат тарихи-өлкетану музейінің қоры – аймақтық тарихи жадты сақтаудың, ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңірудің және ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңызды негізі болып табылады.

Ақсуат тарихи – өлкетану музейінің қорының жалпы саны – 5930 сандық бірлік, оның ішінде негізгі қор саны 2456 жәдігер, қосалқы қор саны 3474 жәдігер.

Кадрлық құрам

Қызметкерлердің тізімі туған жылы, атқаратын лауазымы, білімі жазылады.

1 Акжасарова Куралай

Конысбековна 20.10.1976 Директор Жоғары

2 Садуанова Жанар

Абылхамитовна 20.02.1979 Бас Бухгалтер Жоғары

3 Өмірбекұлы Мұхтар 10.07.1991 Әдіскер Жоғары

4 Кенжебаев Ерлан

Мәлікұлы 15.01.1990 қор сақтаушы Жоғары

5 Ережепова Маржан

Нұртаевна 17.07.1988 Құрылым және көрме ұйымдастыру маман Жоғары

6 Сайдахметова Гүльнур

Төлеубековна 27.11.1982 Саяхат жүргізуші Жоғары

7 Сыдықова Арайлым 01.09.1986 Зал қараушы Жоғары

8 Хамитжанов Данабек 12.08.1967 Көлік жүргізуші Орташа

9 Ахметов Мадгат

Ризабекович 20.03.1963 Жұмысшы Орташа

10 Мандиев Саябек

Манарбекович 15.12.1986 Электрик Орташа

11

Ахпанбаева Гульжан

Жұмабековна 29.10.1982 Еден жуушы Орташа

12

Жұмажанова Гульмира

Ниязбековна

03.06.1975 Еден жуушы Орташа

6. Материалдық-техникалық база

Ғимарат саны 1, Бейімделген ғимарат (Приспособленное), 6 компьютер,

100 кісі сыйымдылығы, көрме орталығы бар.

Жетістіктері мен марапаттары

2004 жылы Қазақстан Республикасының музей ісін дамытуға қосқан елеулі еңбегі үшін «Құрмет грамотасы».

2014 жылы еліміздің музейлері арасындағы Ұлттық кәсіптік рейтинг байқау көрсеткіші бойынша «Сала көшбасшысы» аталымын жеңіп алды.

2025 жылы «Жыл үздігі – 2025» салтанатты кеш барысында «Тарихи – мәдени мұраны қорғау және дәріптеудегі үздік еңбегі үшін» Ақсуат тарихи – өлкетану музейі марапатталды.

Мекен жайы: Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылы, Кабеков көшесі-7 үй.

электрондық поштасы: muzey.aksuat@mail.ru

жұмыс телефоны: 872346-21855

факс: 872346-21626

Пошта индексі: 180600

Коммунальное государственное казённое предприятие

«Историко-краеведческий музей Аксуат»

Управления культуры, развития языков и архивного дела области Абай

История музея

Основателем музея и его первым директором является Акжасар Конысбек Слямулы, деятель культуры Республики Казахстан.

Год основания музея – 17 декабря 1986 года, год открытия – 18 мая 1993 года.

Общая площадь здания музея составляет 2032 кв. м, экспозиционная площадь – 594,0 кв. м.

Музейный фонд насчитывает 5930 единиц хранения.

Численность сотрудников – 12 человек.

Аксуатский историко-краеведческий музей был создан на основании приказа Министерства культуры Казахской ССР №385 от 17 декабря 1986 года по предложению бывшего Семипалатинского областного управления культуры как Аксуатский районный филиал Семипалатинского областного историко-краеведческого музея и открыт 18 мая 1993 года.

В соответствии с постановлением акимата Восточно-Казахстанской области №350 от 1 января 2005 года музей был реорганизован в КГКП «Тарбагатайский историко-краеведческий музей» управления культуры.

Структура музея оснащена отделами природы, древнего периода, современности и выставочным залом. В 2004 году коллектив музея был награждён Почётной грамотой Министерства культуры Республики Казахстан за значительный вклад в развитие музейного дела.

18 октября 2022 года в связи с административно-территориальными изменениями музей был реорганизован из КГКП «Тарбагатайский историко-краеведческий музей» управления культуры Восточно-Казахстанской области в КГКП «Историко-краеведческий музейАксуат» управления культуры, развития языков и архивного дела области Абай.

Музей состоит из залов природы, древнего периода, современности и выставочного центра. На втором купольном этаже здания расположен круговой выставочный зал, где организуются экспозиции произведений из фондов музеев различных городов страны.

Выставочная деятельность

В Выстовочном зале музея были организованы выставки из других музеев и произведения из коллекции художников. В их числе — выставка изделий прикладного искусства из коллекции ювелира Сержана Баширова (г. Алматы), выставка художника Еркина Нуразханова «Алдаспан юмористического рисунка», фотовыставка «Астана мерейі» из фондов Музея истории города Астаны, а также живописная выставка Восточно-Казахстанского музея искусств.

В рамках областных культурных мероприятий: на собрании тюркских народов в Катон-Карагайском районе и в городе Усть-Каменогорске в дни Тарбагатайского района. Передвижные выставки также проводились в школах и учреждениях района.

«Ювелирное наследие Тарбагатая», «Коллекция золотых реликвий», «Айбын», «Литература родного края», «Тайны каменных знаков», «Высокое искусство», «Природа Тарбагатая», «Национальная валюта — символ независимого государства», «Тәуелсіздік тұғыры» и другие.

Были организованы тематические выставки о деятельности руководителей республиканских и городских музеев, что стало ценным источником информации для музейных работников и юных краеведов.

В сентябре 2015 года была проведена выставка живописи из фондов музея «Семья Невзоровых», где было представлено 20 произведений.

В мае 2016 года в городе Усть-Каменогорске прошла передвижная выставка «Охота, соколиная охота и стрелковое искусство».

В январе 2018 года была организована месячная выставка произведений художника А.Т. Шоканова.

В августе 2018 года из фондов Национального музея Республики Казахстан была привезена выставка сакского вождя «Золотой человек», датируемая IV–III вв. до н. э.

2024 году организована выставка «Золото Елеке сазы» из фонда Восточно-Казахстанского областного историко –краеведческого музея.

В 2025 году в рамках празднования 180-летия Абая Кунанбаева музей организовал передвижную выставку «Чудеса Аксуата» в Абайском районе.

Основные задачи и функции музея

Основная деятельность предприятия направлена на сохранение, изучение и популяризацию музейных предметов и коллекций в целях реализации культурных, образовательных и научно-исследовательских функций, а также на широкое представление историко-культурного наследия Республики Казахстан.

ОКЭД – 91020 (Деятельность музеев).

Целью деятельности предприятия является реализация культурных, образовательных и научно-исследовательских функций.

Предприятие не вправе осуществлять деятельность, не соответствующую целям и задачам, утверждённым в Уставе.

Сделки, совершённые с нарушением законодательства Республики Казахстан, могут быть признаны недействительными по иску уполномоченных органов.

Культурно-массовые мероприятия

В 2025 году проведено 90 мероприятий, 38 выставок, музей посетили 3020 человек.

В соответствии с годовым планом были организованы мероприятия, приуроченные к государственным и национальным праздникам: Наурыз, День благодарности, День Победы, День Конституции, День Абая, День Независимости и др.

16 мая 2025 года в музее широко прошла акция «Ночь в музее», включавшая концертные программы и выставки.

12 мая 2023 года была проведена республиканская научно-практическая конференция, посвящённая 30-летию музея.

1 августа 2025 года состоялся республиканский конкурс «Лучший экскурсовод», посвящённый 70-летию деятеля культуры РК К. Акжасара.

Описание фондов

Фонд Историко-краеведческого музея Аксуат представляет собой совокупность уникальных материальных и духовных ценностей, комплексно отражающих природное, историческое, социально-экономическое и культурное развитие региона.

Музейный фонд подразделяется на основной фонд и вспомогательный фонд.

Основной фонд включает исторические, археологические, этнографические, нумизматические, рукописно-документальные, фотографические и художественные экспонаты, отражающие историю края с древнейших времён до современности.

Археологический фонд содержит орудия труда, предметы быта и украшения, найденные на территории региона.

Этнографический фонд включает традиционную одежду, предметы быта, изделия декоративно-прикладного искусства и музыкальные инструменты.

Документально-рукописный фонд состоит из официальных документов, писем, дневников, редких книг и изданий.

Фото- и видеоматериалы визуально отражают социальную и историческую жизнь региона.

Научно-вспомогательный фонд включает копии, макеты, реконструкции и методические материалы.

Общее количество музейных предметов составляет 5930 единиц хранения,

в том числе основной фонд – 2456 единиц,

вспомогательный фонд – 3474 единицы.

Кадровый состав

Список сотрудников с указанием года рождения, занимаемой должности и образования

Фамилия, имя, отчество

Дата рождения Должность Образование

1 Акжасарова Куралай Конысбековна 20.10.1976 Директор Высшее

2 Садуанова Жанар Абылхамитовна 20.02.1979 Главный бухгалтер Высшее

3

Өмірбекұлы Мухтар 10.07.1991 Методист Высшее

4 Кенжебаев Ерлан Маликович 15.01.1990 Хранитель фондов Высшее

5 Ережепова Маржан Нуртаевна 17.07.1988 Специалист по структуре и

организации выставок Высшее

6 Сайдахметова Гульнур Толеубековна 27.11.1982 Экскурсовод Высшее

7 Сыдыкова Арайлым

01.09.1986 Смотритель зала Высшее

8 Хамитжанов Данабек

12.08.1967 Водитель Среднее

9 Ахметов Мадгат Ризабекович

20.03.1963 Рабочий Среднее

10 Мандиев Саябек Манарбекович

15.12.1986 Электрик Среднее

11 Ахпанбаева Гульжан Жумабековна

29.10.1982 Уборщица Среднее

12 Жумажанова Гульмира Ниязбековна

03.06.1975 Уборщица Среднее

Материально-техническая база

Количество зданий – 1 (приспособленное здание).

Количество компьютеров – 6.

Вместимость – 100 человек.

Имеется выставочный центр.

Достижения и награды

В 2004 году за значительный вклад в развитие музейного дела Республики Казахстан музей был награждён Почётной грамотой.

В 2014 году по итогам Национального профессионального рейтингового конкурса среди музеев страны удостоен звания «Лидер отрасли».

В 2025 году на торжественной церемонии «Жыл үздігі – 2025» Аксуатский историко-краеведческий музей награждён за лучший вклад в дело охраны и популяризации историко-культурного наследия.

Контактная информация

Адрес: Республика Казахстан, областьАбай, районАксуат, село Аксуат, улица Кабекова, дом 7

Электронная почта: muzey.aksuat@mail.ru

Рабочий телефон: 8 (72346) 2-18-55

Факс: 8 (72346) 2-16-26

Почтовый индекс: 180600