Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Аягөз қаласындағы филиал

Аягөз қаласындағы филиал
Танирбергенова, 35/2 +7 702 941 2107
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Абай облысы Аягөз қаласындағы филиалы Аягөз аудандық тарихи-өлкетану музейі алғаш рет 1978 жылы 17 сәуір айында, Аягөз қаласына 50 жыл толуына орай ұйымдастырылған мерекеде ашылды (қазіргі қалалық әкімшілік ғимаратында). Аудандық музейдің жетекшісі болып Степан Балахненко тағайындалған. Осы кезеңде тұрғылықты халықтың музей ісіне деген ықыласы ерекше болады. Далалық геология, археология, этнографиялық экспонаттарды жан-жақтан әкеле бастайды. Музей жұмысына белсене ат салысқандар: Аягөз қалалық орталық атқару комитетінің төрағасы Ө. Ахмадиев, сол кезеңдегі аудан, мекеме, мектеп басшылары Р. Мұхамедиярова, С. Щебалин, К. Байзақова, Л. Дмуховская, Н. Қасымова, т.б. Содан бері музей ісі жалғасып келеді. Кейінгі жылдары аудандық білім бөлімінің құрамына алынып, сол бөлімнің ғимаратына көшірілген. Он жылға жуық тарих пәнінің мұғалімдері жетекшілік жасаған. Осы жерден аудандық мәдениет бөлімінің құрамына кірді. Алғашында көрме залы ретінде ғана жұмыс жасаған музей, 2013 жылдың 1 желтоқсанында Семейдің тарихи-өлкетану музейінің филиалы ретінде салтанатты түрде ашылды. Семейдің тарихи-өлкетану музейінің директоры Б. Теміров, аудан әкімі болып қызмет атқарған Н. Нұрғалиев, Ұлы Отан Соғысының ардагерлері – Ақтамберді батырдың ұрпағы Асқап Жұмаділов, Нұралы батырдың ұрпақтары Біліс Оспанов, Тұрсын Жұманов; ардагер ұстаздар – Жамал Кәрімқызы, Таңсық Исабекова, Зәбирә Сүлейменова, ауданның Құрметті азаматтары Рамазан Нашанов, Қайыртай Қажығұлов, Серікхан Құрақбаев, аудан тұрғындары, жергілікті қол өнер шеберлері және тағы басқа азаматтар жылдар бойы музей қорын толықтыру жұмыстарына ат салысып келеді. Музей ғимаратының құрылысы 2011 жылғы қыркүйекте басталып, 2013 жылғы желтоқсан айында пайдалануға берілді. Музейдің экспозициясы «Ұлылар мекені – Аягөз», «Жеңіске құрмет», этнография, табиғат бөлімдерінен тұрады. 2014 жылы Абай қорық-музейінің «Ұлы тұлғалар әлемінен» көрмесі, «Тарих толқынында: саяхатшылар мен өлкетанушылар» көшпелі көрмелері ұйымдастырылды. 2017 жылы «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне орай, облыс көлемінде музейдің экспозициялық бөлімінде жергілікті қолөнер шебері А. Сәрсекейұлының авторлық көрмесі және «Алаш партиясының құрылуына 100 жыл» көрмесі ұйымдастырылды. 2021 жылы «Табиғат» экспозициялық бөлімі салтанатты түрде ашылды. Экспозицияда алғашқы қауымдық құрылыс тарихы, далалық геология, археология, палеонтологиялық және таңбалы тастар, пайдалы қазбалар, өлкені мекендейтін аң мен құстар, өсімдіктер, сонымен бірге келушілер назарына Аягөз өңіріндегі киелі жерлер, тарихи-мәдени ескерткіштер туралы көрнекі материалдар мен мәліметтер кеңінен қамтылған. Қор туралы Музейінің жалпы қоры 2 770 сақтау бірлігін, яғни негізгі 939 және 1 831 қосымша қорды құрайды. КГКП «Областной историко-краеведческий музей города Семей» управления культуры, развития языков и архивного дела области Абай, филиал в городе Аягоз Историко-краеведческий музей Аягозского района впервые был открыт 17 апреля 1978 года, в день празднования 50-летия города Аягоза, в нынешнем здании городской администрации. Руководителем музея назначен Степан Балахненко. В этот период интерес к музейному делу был необычайно высоким. Со всех сторон везли и передавали в музей предметы степной геологии, археологии и этнографии. С первых дней музей плодотворно работает на ниве популяризации культурного наследия. В становлении музея внесли большой вклад: председатель горисполкома г. Аягоз О. Ахмадиев, руководители района, учреждений, школ того периода Р. Мухамедиярова, С. Щебалин, К. Байзакова, Л. Дмуховская, Н. Касымова. Спустя какое-то время музей был передан в распоряжение отдела образования и перевезен в его здание. В течение 10 лет деятельностью музея руководили учителя истории школ города, затем его передали в районный отдел культуры. Вначале музей работал как выставочный зал, и только 1 декабря 2013 года он был торжественно открыт как филиал историко-краеведческого музея города Семей с несколькими экспозиционными залами. За годы деятельности музея в дело пополнения фонда внесли большой вклад: Бекен Темиров, в бытность его директором историко-краеведческого музея г. Семей, Н. Нургалиев, будучи акимом Аягозского района, ветераны Великой отечественной войны: потомок батыра Актамберды – Аскап Жумадилов, потомки батыра Нурали – Билис Оспанов и Турсын Жуманов, ветераны народного образования – Жамал Каримкызы, Тансык Исабекова, Забира Сулейменова, Почетные граждане района – Рамазан Нашанов, Кайыртай Кажыгулов, Серикхан Куракбаев, а также горожане и мастера прикладного искусства. Начавшееся в сентябре 2011 года строительство здания музея завершилось в декабре 2013 года. В музее имеются следующие экспозиционные разделы: «Край великих», «Поклонение Победе», зал этнографии, природы. В 2014 году были организованы выставка «Из мира великих» и передвижная выставка «В потоке истории: путешественники и краеведы» заповедника-музея Абая «Жидебай-Борили». В 2017 году по случаю проведения международной выставки «ЭКСПО-2017» в экспозиции музея была организована персональная выставка художника А. Сарсекейулы и выставка «100 лет партии Алаш». В 2021 году состоялось торжественное открытие экспозиции «Природа». Экспозиция широко раскрывает темы зарождения жизни на планете, появления первых поселений, геологии, палеонтологии, полезных ископаемых, флоры и фауны, а также сакральных мест, памятников истории и культуры Аягозского региона. О фонде Общий фонд музея составляет 2 770 единиц хранения, из них 939 – основной фонд и 1 831 – научно-вспомогательный фонд.