Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі,
Абай облысы Абай ауданы Қарауыл ауылындағы филиалы
1960 жылдары Абай ауданында музей қызметінің маңыздылығы мәселесі көтеріліп, аудандық Мәдениет үйінде өлкетану бұрышы ашу жұмысы қолға алынады. Онда «Аңыздар өлкесі» және «Шежірелі Шыңғыстау» тақырыптарында кішігірім бөлімдер болған. Жұмыс жемісті жалғасын тауып, сол кездегі аудан басшылары – аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы К. Нұрбаев, аудандық атқару комитетінің төрағасы Р. Ғабдуллин тиісті қаражаттың көзін тауып, музейге арнайы алты бөлмелі ғимарат салынады. Музейге штат бөлініп, оны Семейдегі тарихи-өлкетану музейінің бөлімшесі деп те атаған. Алайда, кейіннен түрлі себептерге байланысты бұл жұмыс аяқсыз қалып, музей жабылып қалған.
2000 жылдардың басында Абай ауданында өлкетану жұмысы қайта түлеп, игі істің нәтижесінде 2012 жылдың қараша айында өлкетану музейі Семейдегі облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы ретінде қайта ашылды.
1992 жылы салынған музей ғимараты алғашқыда дүкен болған, онда кейіннен Абай аудандық ардагерлер кеңесінің орталығы орналасты. Алайда, осы қолайсыздықтарға қарамастан, музей өз қызметін үзбей атқарып келді.
Абай ауданының әкімі Т. Мүсәпірбековтың 21.07.2011 жылғы №31 қаулысы бойынша Абай ауданының есебіндегі Қарауыл ауылы, Молдағалиев көшесі №8 үйде орналасқан, жалпы аумағы 320 ш.м. құрайтын ғимарат Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің есебіне берілген.
Экспозицияда «Археология», «Шыңғыстау табиғаты», «Этнография», «Абай, Шәкәрім, Мұхтар», «Алаш қозғалысының тарихы», «Абай ауданы Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Абай ауданының өнері мен спорты», «Елеулі есімдер» тақырыптар қамтылған.
Құнды жәдігерлердің қатарындағы Шәкәрім қажының белбеуі, көне кебеже, 1922 жылы жасалған асадал, 1950 жылғы патефон, т.б. жұрт назарына қойылған.
Музейде әр жылдары «Қаламқастың бұлбұлы», «Тылсымы терең қырық үңгір» көрмелері, «Жыл басы, әз-Наурыз!», «Сергек ойлы қаламгер», «Зұлмат заман зардаптары» көрмелері ұйымдастырылды.
Қор туралы
Музейінің жалпы қоры 5 256 сақтау бірлігін, яғни негізгі 1 345 және 3 911 қосымша қорды құрайды.
КГКП «Областной историко-краеведческий музей города Семей» управления культуры, развития языков и архивного дела области Абай,
филиал в селе Караул Абайского района
В 1960-е годы в Абайском районе был поднят вопрос о значении музейной деятельности, в результате которого принято решение об открытии краеведческого уголка в районном доме культуры. Уголок краеведения состоял из двух небольших разделов: «Край, овеянный легендами» и «Исторический Чингистау». Плодотворная работа была поддержана местными властями: первый секретарь райкома партии К. Нурбаев, председатель райисполкома Р. Габдуллин выделили необходимые средства на постройку специального здания для музея. Также были выделены штатные единицы, и музей было предложено открыть как филиал Семипалатинского историко-краеведческого музея. Однако впоследствии, по разным причинам, музей был закрыт и вся работа по его созданию приостановлена.
В начале 2000-х годов в Абайском районе вновь была возобновлена краеведческая работа, в результате чего в ноябре 2012 года краеведческий музей был открыт как филиал областного историко-краеведческого музея города Семей.
Здание музея изначально было построено в 1992 году под магазин, позже в нем расположился совет ветеранов Абайского района. Несмотря на эти неудобства, музей продолжал свою деятельность.
В экспозиции представлены темы: «Археология», «Природа Чингистау», «Этнография», «Абай, Шакарим, Мухтар», «История движения Алаш», «Абайский район в годы Великой Отечественной войны», «Достижения искусства и спорта Абайского района», «Известные имена».
Среди ценных экспонатов – пояс поэта и мыслителя Шакарима Кудайбердиева, кебеже – ларь для хранения продуктов, асадал – шкаф для хранения продуктов 1922 года изготовления, патефон 1950 года и др.
В разные годы в музее сотрудниками были организованы выставки «Қаламқас бұлбұлы», «Тайны сорока пещер», «Наурыз – начало нового года!», «Мастер пера», «Страницы трагических лет».
О фонде
Общий фонд музея составляет 5 256 единиц хранения, из них 1345 – основной фонд и 3911 – научно-вспомогательный фонд.