Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі,
Абай облысы Үржар ауданы Уржар ауылындағы филиалы
Үржар ауданындағы филиал – Үржар тарихи-өлкетану музейі 2012 жылы аудан әкімі Бауыржан Жанақовтың бастамасымен құрылды. Музей қоры ауданды мекен етіп отырған ұлт өкілдерінің әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен сыр шертетін жәдігерлерден жинақталған. Музей «Археология», «Үржар – Барқытбел табиғаты», «Үржар өңірінің тарихы», «Сыр шерткен ғасырлар», «Алаш идеясы – тәуелсіздік тұғыры», «Үржарлықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Этнография» бөлімдерінен тұрады.
2013 жылы музей Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі құрамына өтіп, филиал ретінде қызметін жалғастырды.
2015 жылы Тарбағатайдың Ақперілі шыңында орналасқан таңбалы тастарға ғылыми-зерттеу экспедициясы ұйымдастырылды.
2016 жылы ҚазМУ ғалымдарымен бірлескен археологиялық қазба жұмыстары Үржар ауданы, Таскескен ауылы маңындағы «Бұқпан» төбесіндегі сақ қорғандарына жүргізіліп, бірнеше моншақ және төрт сақ жебесі табылды.
2016 жылы филиалда «Алаш және Тәуелсіздік идеясы» тақырыбында тұрақты экспозиция жасақталды.
2017 жылы ақын, сазгер Ә. Найманбайұлының 150 жылдық мерейтойына орай тұрақты экспозиция жасақталды.
2017 жылы жергілікті Алаш қайраткері, өңірдегі ұлт-азаттық көтерілісінің көсемі Балтабек қажы Байсұлтанұлына арналған экспозиция құрылды.
2017 жылы аудандық Чернобыль ардагерлерінің құрметіне «Чернобыль ардагерлері» экспозициясы ұйымдастырылды.
2019 жылы Тарбағатайдың Ақперілі шыңында орналасқан таңбалы тастарға ғылыми-зерттеу экспедициясы ұйымдастырылды.
2022 жылы Үржар ауданы, Елтай ауылы маңындағы «Найманқала» тарихи орынында ҚазМУ ғалымдарымен бірлескен археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.
2023 жылы филиалдың «Ұлы Отан соғысы жылдары» бөлімі даңқты партизан, қоғам қайраткері Мешітбай Хасеновке арналған «Ержүрек партизан» экспозициясымен толықты.
Қор туралы
Музейінің жалпы қоры 4888 сақтау бірлігін, яғни негізгі 963 және 3 925 қосымша қорды құрайды.
КГКП «Областной историко-краеведческий музей города Семей» управления культуры, развития языков и архивного дела области Абай,
филиал в селе Урджар Урджарского района
Филиал в селе Урджар Урджарского района создан в 2012 году по инициативе акима района Бауыржана Жанакова. Фонд музея собран из музейных предметов, раскрывающих обычаи и традиции народов, проживавших в регионе. Музей состоит из разделов «Археология», «Природа Урджара – Баркытбеля», «История Урджарского края», «Тайны веков», «Идея Алаш – основа независимости», «Урджарцы в период Великой Отечественной войны», «Этнография».
В 2013 году музей вошел в состав областного историко-краеведческого музея города Семей и начал функционировать в качестве его филиала.
В 2015 году была организована исследовательская экспедиция по наскальным рисункам пика Тарбагатая – Акберли.
В 2016 году проведены совместные археологические раскопки с учеными КазНУ на холме «Букпан» близ села Таскескен Урджарского района и найдены несколько бусин и четыре сакские стрелы.
В 2016 году в филиале создана постоянная экспозиция на тему «Алаш и идея независимости».
В 2017 году к 150-летию со дня рождения поэта, музыканта А. Найманбайулы создана постоянная экспозиция.
В 2017 году была создана экспозиция, посвященная Балтабеку Хаджи Байсултанулы – местному деятелю Алаш, лидеру национально-освободительного восстания в регионе.
В 2017 году в честь ветеранов-чернобыльцев района организована выставка «Ветераны Чернобыля».
В 2019 году была организована научно-исследовательская экспедиция к отмеченным камням, расположенным на пике Акперили Тарбагатая.
В 2022 году с учёными КазНУ проведены совместные археологические раскопки на историческом месте «Найманкала» вблизи села Елтай Урджарского района.
В 2023 году раздел «Годы Великой Отечественной войны» пополнился экспозицией «Бесстрашный партизан», посвященной известному партизану, общественному деятелю Мешитбаю Хасенову.
О фонде
Общий фонд музея составляет 4888 единиц хранения, из них 963 – основной фонд и 3925 – научно-вспомогательный фонд.