Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Мақаншы ауданы Қабанбай ауылындағы филиал

Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Абай облысы Мақаншы ауданы Қабанбай ауылындағы филиалы Күре жолдардан жырақта, облыс орталығынан 600 шақырым қашықтықта орналасқан, қазақ елінің оңтүстік-шығыс шекарасына жапсарлас, қол созым жердегі Азияның алыбы Қытаймен құдайы көрші, «Жоңғар қақпасына» арқасын тіреп жатқан «Қабанбай» атты ауыл бар. Ашық аспан астындағы музей деп айтуға тұрарлық құтты мекен. 2019 жылы музей Қабанбай ауылында Семей облыстық тарихи-өлкетану музейі Үржар аудандық филиалының бөлімі ретінде ашылды. Музей экспозициясын құру, тақырыптық жоспарын дайындау, бөлімді ашу жолында Семей облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Қ. Сабырбаев бастаған ұжым үлкен еңбек сіңірді. «Қабанбай» ауылы тоғыз жолдың торбанда тұрмаса да, оған келушілердің қарасы мол. Бүгінде айдыны жарқыраған «Алакөлдің» абыройы алты алашқа ғана емес, Евразиялық құрылықтың тікпір-түкіпіріне кеңінен мәшһүр болды. Сондықтан апталық жерден ат арытып, «Алакөлдің» шипалы суын аңсап, тілі мен діні бөтен халықтардың өкілдері де алыс-жақын шет елдерден жаз айларының аптап ыстығын елемей ағылып келіп жатады. Тәніне шипа, жанына дауа тапқан туристер мен демалушылар, аз уақыттан соң рухани азық іздей бастайды. Міне, сондай сәттерде олардың көзін тойдырып, ойына қозғау салатын музей бөлімінің экспонаттары болады. Олар музейдің «Үржар ханшайымы», «Археология», «Абай облысының киелі жерлері», «Қабанбай батыр», «Қазақ халқының этнографиясы», «Көшпенді ел мәдениеті» және «Табиғат» деп аталатын 7 залда орналасқан. Жылдан-жылға музейге келушілердің саны үздіксіз өсіп келеді. Туристік маусым аяқталып адам саны азайған кезде, музейдегі мәдени-ағарту, үгіт-насихат жұмыстары, өлкетану шаралары толассыз жүріп жатады. Жоспарлы түрде музей қабырғасында мерекелік іс-шаралар, тақырыптық көрмелер, лекциялар өткізіліп тұрады. Мектеп оқушылары үшін танымдық және ашық сабақтардың да өткізілуі дәстүрге айналды. 2024 жылдың соңында Мақаншы ауданының құрылуына байланысты Үржар филиалының бөлімі жеке филиалға айналды. КГКП «Областной историко-краеведческий музей города Семей» управления культуры, развития языков и архивного дела области Абай, филиал в селе Кабанбай Маканчинского района Аул Кабанбай расположен у самой юго-восточной границы Казахстана с Китаем, в стороне от столбовых магистральных дорог, напротив известных «Джунгарских ворот», на внушительном расстоянии от областного центра, и тем более от столицы республики – Астаны. Он вот уже не одно столетие соседствует с целебным и сказочно красивым озером Алаколь. С каждым годом поток туристов и отдыхающих, не только со всех концов нашей страны, но и из ближнего, а также дальнего зарубежья неизменно растет. Более того, в последние годы и у местных жителей заметно ощущается живой интерес к истории родного края, вопросам ее исследования и развитию краеведения. С учетом перечисленных обстоятельств коллектив музея во главе с директором музея К. Сабырбаевым приложил немало усилий для того, чтобы организовать отдел филиала в ауле Кабанбай. Официальное открытие отдела состоялось в 2019 году. В отделе имеется семь экспозиционных залов: «Урджарская принцесса», «Археология» «Сакральные места области Абай», «Кабанбай батыр», «Этнография казахского народа», «Культура кочевников» и «Природа». Количество посетителей ежегодно неизменно растет. После завершения сезона отдыха на озере Алаколь количество посетителей заметно сокращается, но сотрудники продолжают работу по привлечению в музей учащихся и местного населения. Регулярно проводятся встречи с представителями творческой интеллигенции, выставки, «круглые столы», тематические экскурсии для школьников. В связи с образованием Маканчинского района отдел Урджарского филиала в конце 2024 года стал отдельным филиалом.