Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив
басқармасының «Үржар ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 15.07.1985 жылғы № 248 "Республикадағы мұрағат ісін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын орындау мақсатында аудандық атқару комитетінің 1985 жылғы 11 қарашадағы № 397 шешімі негізінде 1986 жылғы қаңтарда жеке құрам бойынша Үржар шаруашылық есеп архив ашылды. Үржар аудандық атқару комитетінің шешімімен мұрағатқа бұрынғы радио торабының ғимараты бөлінді.
Архив мекемелерден, ұйымдардан, колхоздардан, ауылдық кеңестерден жеке құрам бойынша құжаттарды жинау, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, әлеуметтік-құқықтық сипаттағы анықтамаларды АЖ толықтыру, мекемелер үшін істер номенклатурасын жасау, әзірлеу және құжаттардың құндылығына ғылыми-техникалық сараптама жүргізу қызметтерін көрсетті. 1987 жылдың 1 қаңтарына Архив жеке құрам бойынша 10300 дана сақтау бірлігі жинады.
Архив қоры тек жеке құрамның құжаттарынан тұрды. Архивтің анықтамалар жазу машинкасында басылды немесе басып шығарылған бланкке қолмен толтырылды.
Үржар аудандық әкімшілігі басшысының 1992 жылғы 22 мамырдағы №84 "Аудандық әкімшілік жанындағы аудандық мемлекеттік архивке жеке ставка бойынша аудандық шаруашылық есеп архивін қайта құру туралы" шешімі негізінде Үржар ауданының жеке құрамы бойынша шаруашылық архиві жеке құрам бойынша аудандық мемлекеттік архивке, жергілікті әкімшілік есебінен қаржылық мазмұнға қайта құрылды, аудандық ұйымдардан, мекемелерден, кәсіпорындардан, колхоздардан, ауылдық кеңестермен және жеке тұлғалардан шарттық қатынастарды міндетті түрде сақтауа қабылдау болды.
Қазақстан Республикасы президенттінің 1997 жылғы 3 мамырдағы №3483 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы» жарлығына сәйкес ШҚО-ның әкімінің 1997 жылғы 26 мамырдағы № 26 шешімімен Семей облысы Шығыс Қазақстан облысының құрамына кірді, осыған байланысты Таскескен, Мақаншы аудандары Үржар ауданының құрамына кірді. Филиалдағы сақталған барлық құжаттар Үржар аудандық мемлекеттік архивіне сақтауға алынды.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығы және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 1 шілдедегі «Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық заңды тұлғаларының мүліктік кешендерін Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне коммуналдық меншікке беру туралы» қаулысы, Абай облысы әкімінің 15.07.2022 жылғы қаулысы негізінде Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Үржар ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі деп аталды.
Архивттік анықтама алу үшін төменде көрсетілген жолдармен алуға болады.
«Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м. а. 2021 жылғы 19 қазандағы № 312 бұйрығымен өтініштерді қабылдау және беру анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінді көшірмелер беру» Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі тек қана:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» акционерлік қоғамы Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
2) «Электрондық үкімет» Веб-порталы (ЭЦҚ) www.egov.kz;
3) ЭҚО (электрондық қызметтер орталығы (ЭЦҚ) https://e-vko.gov.kz);
4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес өтінішке жауап өтініш тілінде беріледі.
Қызмет құны – Тегін. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 1 (бір) жыл бойы сақтауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында көрсетілген www.mks.gov.kz "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
Қазіргі таңда «Үржар ауданының мемлекеттік архиві» КММ-сіде 15 адам қызмет етеді, оның ішінде Директор – Мырзабекова Кульгайча Кабденовна, 1-есепші, 1-техник, 1-жүргізуші, 7-уі архивист, қалғаны кіші қызметкерлер.
Архивистер біліктіліктіліктерін жетілдіру үшін жыл сайын өтетін семинарламен оқуға барып қатысып тұрады.
«Үржар ауданының мемлекеттік архиві»КММ-сі өз ғимараты жоқ болғандықтан ауданымыздың коммуналдық шаруашылық (комхоз) ғимаратында жалда (арендада) отырмыз. Бүгінгі таңда қоймадағы 266 қор, 77761 - құжат сақталған.
Мекеменің толықтыру көзі болып табылатын мекемелер мен ұйымдардың құжаттары қабылданып толықтырылып отырады.
Ұлы Отан соғысына қатысқан, майданда қайтыс болған жерлестеріміз жеке бас құжаттары, коллекциялары сақталған. Соғыстан оралған азаматтардың ішінде 12 соғыс ардагерлердің жеке бас тегінде құжаттары жинақталып, архивте сақталуда:
Бартасевич В. К., Джумагазиев К., Ивершнев М. Я., Каракучуков. А., Новиков Ф.Д., Нурсапин С., Омиржанов А., Павлов С. Т., Панковец И. С., Пасечников И. С., Потасов И. В., Сапронов А. Т.
2022 жылғы 26 тамыздағы Архив мекемелерімен республикалық кеңесі хаттамасының 4-тармағына және 2022 жылғы 5 қыркүйекте бекітілген «Архив және болашақ ұрпақ» жобасының тұжырымдамасына сәйкес жыл сайын 21 қыркүйек күні «Архив және болашақ ұрпақ» ашық есік күндері өткізіліп келеді.
Осыған мемлекеттік архивте өтетін ашық есік күндердің маңыздылығын ескере отырып, қатысушыларды толыққанды қамту мақсатында алдын ала жобаның өткізілетіні туралы хабардар ету бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
Архив мекемесі cақтауда тұрған тұрақты сақталатын құжаттарға көшірмелер жасалып (сканер), «Е-архив» автоматтық жүйесіне 1076 сақтау бірлігі енгізіліп, қазіргі таңға цифрланғаны 1,4% құрайды.
Архивтің мекен-жайы: Абай облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Сейфуллин көшесі 42 А.
Телефон: 8 (72230) 33721, эл.пошта: u-muragat@mail.ru
Директор: Мырзабекова Күльгайча Кабденовна.