Абай облысы
мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының
«Бородулиха ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Архив тарихы.
Семей облыстық атқару комитетінің 15.05.1990 жылғы № 120-5 «Жеке құрам бойынша Бородулиха және Ново-Шульба аудандарында ведомствааралық шаруашылық есептегі архивтер ұйымдастыру туралы» шешіміне, Бородулиха ауданының халықтық кеңес депутаттарының атқару комитеті Бородулиха ауданының архивін - жеке заңды мекеме ретінде ашу туралы шешім қабылдады.
Семей облысы әкімшілігінің бірінші орынбасарының 22.04.1992 жылғы № 215р өкіміне сәйкес Бородулиха ауданы әкімшілігі басшысының 18.05.1992 жылы № 165 Бородулиха ауданының шаруашылық есептегі архивінің жеке құрамын Аудандық әкімшіліктің құрамына қабылдап, Бородулиха ауданының мемлекеттік архиві деп жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру туралы өкімі шықты.
26.12.2997 жылы Бородулиха ауданының мемлекеттік мұрағаты, ШҚО Әділет басқармасынан тіркелуден өтті /4774-1917-У-е Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/.
10.01.2005 жылы № 1 «Облыстың аудандық Мемлекеттік мұрағаттарын қайта атау туралы» ШҚО архивтер және құжаттандыру басқармасы басшысының бұрығына сәйкес «ШҚО Бородулиха ауданының мемлекеттік мұрағаты» ММ-сі деп аталды. Облыстық қаржыландыруға көшірілді.
10.01.2005 ж. - 23.01.2012 ж. ШҚО мұрағаттар және құжаттандыру басқармасының «ШҚО. Бородулиха ауданының мемлекеттік мұрағаты» ММ-сі.
23.01.2012 ж, - 23.09.2013 ШҚО мұрағаттар және құжаттандыру басқармасының «Бородулиха ауданының мемлекеттік мұрағаты» КММ-сі.
23.09.2013 ж. - 08.07.2016 ж. ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттандыру басқармасының «Бородулиха ауданының мемлекеттік мұрағаты» КММ-сі.
08.07.2016 ж. - 02.11.2020 ж. ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттандыру басқармасының «Бородулиха ауданының мемлекеттік архиві» КММ-сі.
03.11.2020 ж. - 17.09.2022 ж. ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының «Бородулиха ауданының мемлекеттік архиві» КММ-сі.
17.09.2022 ж. - қазіргі уақытқа дейін Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Бородулиха ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып аталады.
Бородулиха ауданының мемлекеттік архиві Абай облысы Бородулиха ауданы Бородулиха ауылында орналасқан.
Мемлекеттік архив заңды жеке мекеме, мөртаңбасы бар, заңды тұлға ретінде барлық құқықтарды қолданады.
Архивтің негізгі міндеттері мен қызметтері:
1. Ұлттық мұрағат қорына жататын құжаттарды мемлекеттік орталықтандырылған есепке алуды жүргізу.
2. Құжаттар кешендерімен жиынтықтау, олардың сақталуы мен есепке алуын қамтамасыз ету.
3. Аудан аумағында жинақталған құжаттарға сақтау мерзімін анықтау үшін, ғылыми, тарихи, мәдени, әлуметтік-құқықтық және басқада қажеттілігіне қарай құжаттардың құндылығына мемлекеттік сараптама ұйымдастыру.
4. Ведомствалық сақтаудағы құжаттарды қабылдау, реттеуді жүргізу.
5. Азаматтардың әлеуметтік-құқықтық сұраныстарын орындау.
6. Ұйымдар мен мекемелердегі ведомствалық сақтаудағы құжаттарды құжаттандыру және құжаттаманы басқару бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету.
7. Баспасөз, радио арқылы архив құжаттары туралы ақпарат беру, көрмелер ұйымдастыру және т.б.
8. Мерейтойлық даталар және т.б. мерекелеу бойынша құжатар жинағын шығару.
Көрмелер мен жарияланымдар
«Бородулиха ауданының тарихи шежіресі (хроника, архив сөрелерінен)»
«Соғыссыз әлем қандай жақсы»
«Жеңіс мерекесі қарсаңында»
«Тіл - достықтың кепілі»
«Өз тарихыңды біл»
«Мемлекеттің негізгі Заңы»
«Тарихтың 120 жылдық қазынасы»
«13 жыл қалыптасу»
«Ұрпаққа өсиет»
Жеңіс мерекесі қарсаңында
Келешек ұрпаққа аманат
Мұрағат қызметкерлерімен екі көрме ресімделді: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты фотоқұжатты және «Көз жасымен келген қуаныш» атты фотосуретті көрмелер. Көрмені ресімдеу барысында мемлекеттік сақтаудағы сегіз ҰОС ардагерлерінің жеке текті құжаттары пайдаланылып, сәуір айында мемлекеттік мұрағат мұрағатшылары Бородулиха ауданы мектептерінің оқушыларына үш сабақ өткізілді.
Фотоқұжатты көрмеге мұрағат қорларының ең қызықты құжаттары қойылды: ардагерлердің өмірбаяндары, олардың әскери, комсомол билеттері, әскери қызмет өткендігі туралы анықтамалары, соғыс жылдары алған жарақаттары бойынша госпиталдарда емделгендігі туралы анықтамалар, марапаттау құжаттары, алғыстар мен құттықтаулары, газет мақалалары және т.б.
Фотосуретті көрмеге ардагерлердің соғыс жылдардағы, еңбек және қоғамдық- саяси қызметтегі, жанұялық фотосуреттері және 1941-1945 соғыс жылдарындағы аудандық «Ленинский путь» газетінің тігіндісі қойылды.
«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» (фотоқұжаттық көрме)
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеке текті құжаттары бойынша, 8 қордан ресімделген «Көз жасымен келген қуаныш» атты фотосуретті көрме.
Мектеп оқушыларының мұрағатқа саяхаты.
1941-1945 соғыс жылдарындағы аудандық «Ленинский путь» газеті беттерінен тарихи үзінділер.
Қорлар сипаттамасы
Фосс Тамара Петровна- КСРО оқу ағарту ісінің үздігі, Қазақстан КСР-ның халық ағарту ісінің үздігі, Н.Островский атындағы орта мектебінің директоры, аудандық Мәслихаттың депутаты. 1940-2004 жылдардағы №142 Т.П. Фосстың қорында 19 сақтау бірлігі бар. Сақтауға оның өмірбаяны,еңбек және қоғамдық-саяси қызметтері туралы құжаттары, марапаттау, мақалалары жинақталған.
Еременко Василий Васильевич- Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Бородулиха ауданының құрметті азаматы. 1923 -2005 жылдардағы В.Еременконың №149 қорында 30 сақтау бірлігі бар. Құжаттарда өмірбаяны, еңбек және қоғамдық-саяси қызметтері туралы құжаттар, марапаттау, мерей той, құттықтау, басылымдары мен кино құжаттары сақталған.
Никульшина Нина Федоровна- медицина қызметкері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Бородулиха ауданының құрметті азаматы, Н.Ф.Никульшинаның №154 қорында 27 сақталу бірлігі жинақталған. Сақтауға 1923-2005 жылдардағы өмірбаяны, еңбек және қоғамдық-саяси қызметтері, марапаттау, мерей той, құттықтау туралы құжаттары, басылымдары және фотосуреттері қабылданған.
Рымжанов Таупық – ұстаз, жазушы, Бородулиха ауданының құрметті азаматы. Т.Рымжановтың жеке №162 қорында 1937-2008 жылдардың құжаттары: өмірбаяны, еңбек және қоғамдық қызметтері, фотосуреттері және кино құжаттар сақталған.Барлығы 31 сақтау бірлігі бар.
Линник Алексей Андреевич- бірінші тың игеруші, орман шаруашылығының директоры, Ұлы Отан соғысының ардагері, Бородулиха ауданының құрметті азаматы. А.А. Линниктің 1918-2008 жылдардағы №165 қорында 34 сақтау бірлігі бар. Бұл қорда оның өмірбаяны, еңбек және қоғамдық-саяси қызметтері туралы құжаттары, басылымдары, фотосуреттері сақталған.
Есимханов Габбас Есимханұлы (1922 ж.) –Ұлы Отан соғысының ардагері, 100-ші атқыштар бригадасының жауынгері, Кеңестер Одағының батыры Мәншүк Мәметованың, жазушы Әзілхан Нұршайықовтың майдандасы. Пролетарка ауылдық кеңесінің төрағасы, Семей облысы Бородулиха ауданы Пушкин атындағы колхоздың агрономы, Бородулиха ауданының құрметті азаматы.№166 Г.Е.Есимхановтың қорында 28 сақтау бірлігі бар.Құжаттарда оның өмірбаяны, еңбек және қоғамдық қызметтері көрсетілген.
Чекалин Анатолий Михайлович (1922-2003 гг.) - ҰОС ардагері, запастағы офицер, «Аул» санаториінің есепшісі. 1937-2002 жылдардағы №170 А.Н. Чекалиннің қорында 14 сақтау бірлігі бар. Қорда оның жеке құжаттары сақталған.
Сұраныстар және көрсеткіштер
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының
«Бородулиха ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жеке және заңды тұлғаларға «Архивтік анықтамалар беру» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Архив мемлекеттік қызмет көрсету барысында ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарына сәйкес орындайды.
Мемлекеттік қызмет ХҚКО, веб-портал электронды Үкімет "Е-Архив" және мемлекеттік архивтің кеңсесі арқылы жүзеге асады.
2025 жылы барлығы 1744 әлеуметтік-құқықтық өтініш орындалды. Оның 1426-ы жеке тұлғалардан, 318-і заңды тұлғалардан, 1286-ы оң жауап, 458-і теріс жауап алды.
Келіп түскен сұраныстар келесі санаттар бойынша орындалды:
- еңбек өтілі- 634
- еңбек ақы бойынша- 118
- тұрғандығы туралы дерек- 36
- т.б. - 284.
ТМД елдерінен, заңды және жеке тұлғалардан 308 өтініш орындалып, 263-і оң жауап, 45-і теріс жауап алды.
Сұраныстар келесі санаттар бойынша орындалды:
- еңбек өтілі- 212
- еңбек ақы бойынша- 63
- тұрғандығы туралы дерек- 15
- т.б. - 18.
Оқу залында жұмыс істеу үшін 13 келуші тіркеліп, 485 іс берілді.
53 - дей келуші қабылданды. Сол сияқты, телефон арқылыда кеңес берілді.
Архивтің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Бородулиха ауылы, Молодежная көшесі, 25.
Телефон: 8 (7235) 21458, эл.пошта: arhivbor@mail.ru
Директор: Құдайбергенов Айдын Еркінович