Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

“Бесқарағай ауданының мемлекеттік архиві„ КММ

“Бесқарағай ауданының мемлекеттік архиві„ КММ
Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Пушкин көшесі, 2А үй +7 72236 9 1343, +7 72236 9 0711, beskarhiv@bk.ru

Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының

«Бесқарағай ауданының мемлекеттік архиві» КММ

Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының

«Бесқарағай ауданының мемлекеттік архиві» КММ — жедел басқару құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

Семей облыстық атқару комитетінің 1988 жылғы 7 желтоқсандағы №448 шешімі, Бесқарағай аудандық халық депутаттары Кеңесінің атқару комитетінің 1988 жылғы 22 желтоқсандағы

№258-20 шешімі негізінде 1989 жылғы қаңтар айында жеке құрам бойынша Бесқарағай шаруашылық есептегі архиві ашылды.

Архив мекемелерден, ұйымдардан, колхоздардан, ауылдық кеңестерден құжаттарды қабылдау, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, әлеуметтік-құқықтық сипаттағы анықтамаларды орындау, мекемелерге арналған істер номенклатурасын жасау және әзірлеу, құжаттардың құндылығына ғылыми-техникалық сараптама жүргізу қызметтерін көрсетті.

Бесқарағай аудандық әкімшілігінің 1992 жылғы 5 маусымдағы №286-18 «Жеке құрам бойынша аудандық шаруашылық есептегі архивті аудандық мемлекеттік архивке қайта құру туралы» шешімі негізінде Бесқарағай жеке құрам бойынша шаруашылық есептегі архиві аудандық әкімдік жанындағы Бесқарағай архиві болып қайта құрылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 мамырдағы №3482 «Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы» Жарлығына сәйкес Семей облысы Шығыс Қазақстан облысының құрамына енгізілді, Бесқарағай ауданы Шығыс Қазақстан облысының құрамына кірді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы №887 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» ҚР Заңының 9-бабына сәйкес Абай облысы құрылды, Бесқарағай ауданы Абай облысының құрамына енді.

Қызметтің негізгі пәні — Қазақстан Республикасында архив ісі мен құжаттаманы қалыптастыру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.

«Бесқарағай ауданының мемлекеттік архиві» КММ Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарын жинақтау, тұрақты сақтау және пайдалануды ұйымдастыру функцияларын жүзеге асырады.

Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының

«Бесқарағай ауданының мемлекеттік архиві» КММ-нің жинақтау көздері болып табылатын мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар тізіміне Бесқарағай ауданының 49 мекемесі мен ұйымы кіреді.

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сақтауда: 1876–1916, 1924–2015 жылдар аралығындағы 117 архив қоры бар; 32 920 сақтау бірлігі, оның ішінде қағаз негізіндегі 32 920 сақтау бірлігі. Тұрақты сақтаудағы құжаттар архивте сканерленіп, кейін «Е-архив» автоматтандырылған жүйесіне енгізіледі. Бүгінгі күні 2 954 сақтау бірлігі енгізілді, бұл жалпы құжаттар көлемінің 8,9%-ын құрайды.

Архивттік анықтама алу үшін төменде көрсетілген жолдармен алуға болады.

«Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м. а. 2021 жылғы 19 қазандағы № 312 бұйрығымен өтініштерді қабылдау және беру анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінді көшірмелер беру» Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі тек қана:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» акционерлік қоғамы Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

2) «Электрондық үкімет» Веб-порталы (ЭЦҚ) www.egov.kz;

3) ЭҚО (электрондық қызметтер орталығы (ЭЦҚ) https://e-vko.gov.kz);

4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес өтінішке жауап өтініш тілінде беріледі.

Қызмет құны – Тегін.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 1 (бір) жыл бойы сақтауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында көрсетілген www.mks.gov.kz "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777

Архив мекен- жайы: Абай облысы, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Пушкин көшесі, 2А үй.

Телефон: 8 (72236)91343, эл.пошта: beskarhiv@bk.ru

Директор: Тұқтыбаев Әділбек