Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының “Ақсуат ауданының мемлекеттік архиві” КММ
Халық депутаттары аудандық Советі атқару комитеті мекемелерде ұйымдарда, шаруашылықтарда іс қағаздарын жүргізу жағдайын жақсарту, документтердің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында және Қазақ ССР Министрлер Советінің 15 ақпан 1985 жылғы № 248 санды «Республикада архив ісін одан әрі жетілдірудің жәйі және оны жақсартудың шаралары туралы» қаулысын орындауды көзделіп, Халық депутаттары Семей облыстық Советі атқару комитетінің 28желтоқсан 1987 жылғы №803 санды шешіміне сәйкес 14 қаңтар 1988 жылдан № 3-1 санды шешімі негізінде аудандық Советі атқару комитеті жанынан шаруашылық есепті жеке адамдар құрамы жөніндегі архив ашылған.
1990 жылдың наурыз айында Ақсуат аудандық атқару комитетін жанынан шаруашылық есепті жеке құрамы жөніндегі архив шаруашылық есептен, бюджеттіқ қаржыландыру нысанына ауыстырылып, Ақсуат аудандық жергілікті бюджетінен қаржыландырылған.
1994 жылдың маусым айында Аудандық Совет атқару комитеті жанынан шаруашылық есепті жеке адамдар құрамы жөніндегі архив мемлекеттік мекеме құқығына ие болды, «Ақсуат аудандық архив» мемлекеттік мекемесі болып аталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 мамырдағы жарлығы негізінде Семипалатинск облысы таратылып, Ақсуат ауданы Шығыс Қазақстан облысының құрамына енгізілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 23 мамырдағы жарлығымен Ақсуат ауданы таратылып, әкімшілік –аумақтық құрамы Тарбағатай ауданының құрамына енгізілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы жарлығы негізінде аудан құрамына таратылған Ақсуат ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымы енгізіліп, аудан орталығы Ақсуат ауылы белгіленген.
2005 жылғы 06 қаңтардағы № 32 «Мемлекеттік мекемелердегі бірнеше сұрақтар бойынша», ШҚО Әкімшілігінің қаулысы негізінде және «Облыс көлеміндегі аудандардағы мұрағаттардың атын өзгерту жөнінде» ШҚО құжаттандыру және мұрағат басқарма бастығының шешімінің негізінде, 2005 жылғы 10 қаңтарда № 1 «Тарбағатай аудандық мемлекеттік мұрағаты», «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі деп өзгертілді. Мемлекеттік мұрағаты 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап, облыстық бюджеттін қаржыландыра бастады.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 10 “Мемлекеттік архив мекемелерін қайта атау туралы” қаулысына сәйкес “Тарбағатай ауданының мемлекеттік архиві” мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысының “Тарбағатай ауданының мемлекеттік архиві” коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қыркүйегіндегі №250 “Мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың архивтер мен құжаттама басқармаларына берілуі туралы” қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың архивтері мен құжаттары Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасына берілді.Осыған байланысты “Тарбағатай ауданының мемлекеттік архиві” мемлекеттік мекемесі, Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының “Тарбағатай ауданының мемлекеттік архиві” коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып аталды.
2016 жылғы 08 шілдедегі №207 Шығыс қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқарамысның коммуналдық мемлекеттік мекемелері мен коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының аутауларын өзгерту туралы” Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы негізінде “Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және құжаттама басқармасының Тарбағатай аудандық мемлекеттік архиві” КММ “Шығыс Қазақстаноблысының мәдениет ,архивтер және құжаттама басқармасының Тарбағатай аудандық мемлекеттік архиві” КММ болып қайта аталды.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 02 қарашадағы №388 “шығыс Қазақстан облысының архивтарды цифрландыу департаменті” мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымды қайта атау туралы” қаулысына сәйкес және Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының “тарбағатай ауданының мемлекеттік архиві” мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру архивтер департаментінің “Тарбағатай ауданының мемлекеттік архивы” мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Абай облысы әкімдігінің 15 шілде 2022 жылғы № 8 қаулысының № 11 қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Тарбағатай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Ақсуат ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.
Қазіргі кезде «Ақсуат ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 86 қор бар, оның ішінде тұрақты сақталатын құжаттар қоры -41, жеке құрам бойынша құжаттар қоры -44, жеке тектік қор-1. Барлық сақталып тұрған құжаттар саны 22050 сақтық бірлікті құрайды, оның ішінде тұрақты сақталатын құжаттар саны-12388, жеке тектік қор құжаттары-123, жеке құрам бойынша 9539 сақтық бірлікті құрайды.
Архив жұмысының басты бағыттары:
• архив ісі мен құжат құрылуда біртұтас мемелкеттік саясатты қамтамасыз етеді;
• аудан аумағындағы Ұлттық архив қорына жататын құжаттар кешенінің мемелкеттік ораталықтандырылған есебін жүргізіеді.
• ғылыми,тарихи, мәдени, әлеуметтік-құқықтық және басқа құндылықтарына сәйкес сақталу мерзімдерін анықтау мақсатында аудан аумағында пайда болған құжаттардың құндылығын мемелкеттік сараптауды ұйымдастырады.
• қоғам мүдесі үшін сақтаудағы құжаттарды жан-жақты пайдалану-жариялау азаматтардың құқықтары мен мүделерін қанағаттандыру
• ведомоствалық бағыныштылығына сол саланың іс жүзіндегі ережелері мен нормативтеріне қарамастан заңды тұлғаларға құжаттандыру және құжатаманы басқару, құжатардың архивте сақталуын ұйымдастыру және оны бақылау бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
• жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі архивтерді,архив қорларын және жеке бас текті құжаттарды анықтау және олардың мемелкеттік есебін жүргізу.
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Ақсуат ауданының мемлекеттік архиві» КММ жеке және заңды тұлғаларға «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету барысында «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру»мемлекеттік қызмет көрсету қағидасын басшылыққа алады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің баламасы ретінде ХҚКО арқылы, «Е-Архив» электорндық үкіметінің веб-порталы арқылы көрсетіледі.
2025 жылы мемлекеттік архивқа әлеуметтік құқықтық сипаттағы- 1856 сұраныс түсті, орындалды-1832, қанағаттанғысыз -466 жауап берілді.
Ақсуат ауданының мемлекеттік архивінің штаттық саны -10,5 құрайды.
Архивтің мекен-жайы: Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылы Жамбыл көшесі , 16 үй.
Телефон: 8 (72346)22277, эл.пошта: tarbarh@mail.ru
Архив директоры: Зейнелғабиденов Қанатбек Зейнелғабиденұлы