Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив
басқармасының «Абай ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив басқармасының «Абай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 01.01.1987 жылы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 15.07.1985 жылғы № 243 санды «Республикадағы архивтер ісін одан әрі жетілдірудің жайы және шаралары туралы» қаулысы, Семей облыстық Кеңесінің атқару комитетінің 09.12.1986 жылғы № 645-22 санды және Абай аудандық Кеңесі атқару комитетінің 27.12.1986 жылғы № 24 санды шешімдерінің негізінде Жеке құрам жөніндегі шаруашылық есептегі Абай ауданының архиві болып, жеке және заңды тұлғалардың құжаттарының мемлекеттік сақталуын есебін және пайдалануын қамтамасыз ету үшін және аудан аумағындағы азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қанағаттандыру және қорғау мақсатында құрылған.
23.01.2012 жылғы № 10 ШҚО әкімдігі қаулысына сәйкес, 16.02.2012 жылғы № 13 ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының бұйрығы негізінде Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасының 2012 жылғы 07 ақпандағы № П-114 (к) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы «Абай ауданының мемлекеттік мұрағаты» Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Абай ауданының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
ШҚО әкімінің № 250 санды 23.09.2013 жылғы «ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы» қаулысы және «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» ҚР Азаматтық кодексінің 38,41,42 бабы негізінде ШҚО бойынша мұрағаттар мен құжаттама басқармасын ШҚО мәдениет басқармасына қосу туралы Шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № П-813 (к) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Абай ауданының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Абай ауданының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының 2016 жылғы 21 шілдедегі № П-226 бұйрығына сәйкес ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Абай ауданының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Абай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Шығыс Қазақстан облысының 18.09.2020 жылғы №333 қаулысы бойынша, ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының «Абай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Абай облысы әкімінің 2022 жылдың 15 шілдедегі №8 қаулысына сәйкес, Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып атауы өзгертілді.
Архивтің негізгі міндеттері:
• Архив ісі мен құжат құрылуда біртұтас мемлекеттік саясатты қамтамасыз етеді;
• Қазақ Республикасының ұлттық архив қоры құжаттарына аудан аумағындағы құжаттар кешенінің мемлекеттік орталықтандырылған есебін жүргізеді;
• Ғылыми, тарихи, мәдени әлеуметтік-құқықтық және басқа құндылықтарына сәйкес сақталу мерзімдерін анықтау мақсатында аудан аумағында пайда болған құжаттардың құндылығын мемлекеттік сараптауды ұйымдастырады;
• ҚР ҰМҚ құжаттарына ғылыми-анықтамалық ақпараттарды дамытады және жетілдіреді;
• Құжаттарды қоғам мүддесі үшін сақтаудағы құжаттарды жан-жақты пайдалану және жариялау;
• Ведомствалық бағыныштылығына, сол саланың іс жүзіндегі ереже-лері мен нормативтеріне қарамастан, заңды тұлғаларға құжаттан-дыру және құжаттаманы басқару, құжаттардың мұрағаттық сақта-луын ұйымдастыру және оны бақылау бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
• Жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі архивтерді, архив қорларын және жеке текті құжаттарды анықтау және олардың мемлекеттік есебін жүргізу.
2005 жылдың қаңтар айынан бастап Абай ауданының мемлекеттік архиві облыстық бюджеттен қаржыланады. Архивтің жылдық 2025 жылға бюджеті 39млн 35 мың тенгені құрайды. Мемлекеттік сақтаудағы қорлар саны 67-ге, олардағы сақтау бірлігі – 17148 сақтау бірлігімен толықтырып сақталуда. Архив Абай атындағы мектеп-лицейіне қарасты үш қабатты ғимараттың екінші қабатында 135,8 шаршы метрге орналасқан.
2025 жылы мемлекеттік архивке сұраныс жасағандардан 2451 өтініш түсіп, тіркелген. Олардың 2416 өтініш - электронды үкімет порталы арқылы, 35 өтініш тікелей архив мекемесіне келіп қолдай жазылып түскен. Қазіргі уақытқа дейін мемлекеттік қызмет көрсету бойынша уақытынан кешіктірілген анықтамалар жоқ.
Архивттік анықтама алу үшін төменде көрсетілген жолдармен алуға болады.
«Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м. а. 2021 жылғы 19 қазандағы № 312 бұйрығымен өтініштерді қабылдау және беру анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінді көшірмелер беру» Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі тек қана:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» акционерлік қоғамы Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
2) «Электрондық үкімет» Веб-порталы (ЭЦҚ) www.egov.kz;
3) ЭҚО (электрондық қызметтер орталығы (ЭЦҚ) https://e-vko.gov.kz);
4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес өтінішке жауап өтініш тілінде беріледі.
Қызмет құны – Тегін. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 1 (бір) жыл бойы сақтауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында көрсетілген www.mks.gov.kz "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777
Мемлекеттік қызмет көрсетуді халыққа түсіндіру мақсатында 14 наурыз 2025 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Абай облысы бойынша филиалы –Әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Абай ауданының бөлімі қызметкерлерімен әлеуметтік құқықтық сипаттағы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» қызметінің мәселелері бойынша бірлескен семинар жиналыс болып, халыққа қызмет көрсету жағдайлары талқыланды.
Сондай мақсатпен аудандық «Абай елі» газетінің 22-31 шілде 2025 жылғы № 28(818) санында А.Нилибаеваның «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» тәртібі туралы атты мақаласы жарық көрді. Аудандық «Абай елі» газетінің 1-7 қыркүйек 2025 жылғы № 33(823) санында сол мақала қайталанып берілді. Аудандық «Абай елі» газетінің 16-23 қараша 2025 жылғы № 43(833) санында А.Нилибаеваның «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» тәртібі туралы атты мақаласы жарияланды.
9 мамыр Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында архивке келушілердің назарына мемлекеттік архивте құжаттары сақталған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құжаттарынан фотолары іріктеліп алынып, «Батырларға тағзым» атты көрме ұйымдастырылып қойылды.
Биылғы жылдың 8 мамыр айында Жалпы орта білім беретін мектептің - 8 сынып оқушылары мемлекеттік архивке экскурсия жасап, архивтің жұмысымен танысты.
Жылдағы үрдіс бойынша ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Абай ауданының мемлекеттік архивінде «Архив және болашақ ұрпақ» жобасының тұжырымдамасына сәйкес, туған өлке тарихын зерттеуге балаларды кеңінен тарта отырып, іс-шараларды іске асыру мақсатында Ұлы ақын – Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күніне Қарауыл ауылындағы Жалпы білім беретін орта мектебінің 9а сынып оқушылары ұстаздарымен қатысты. Олардың назарына «Архив және болашақ ұрпақ» тақырыбында арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрмаге архив қорларында сақталған фото құжаттар қойылды. Архив ісі бойынша таныстыру экскурсиясы жүргізілді. Арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалап, жас ұрпақтар зор мағлұмат алды. Құнды ақпараттарға қаныққан оқушылар жүрекжарды жыр өлеңдерін арнады. Шара соңында архив директоры Ә.И.Оспанова тарапынан оқушыларға сый-сияпаттар табысталды.
Мәдени және әлеуметтік шаралар
Архив ұжымы облыс және аудан көлемінде атқарылып жатқан мәдени және әлеуметтік шараларға да белсене араласуда.
8 – наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесінде мекемедегі әйел азаматшаларға құрмет көрсетіліп сыйлықтар берілді.
21 - наурыз күні жыл басы «Наурыз» мейрамын дәстүрлі атап өту мақсатында Аудан бойынша орталық алаңда киіз үй тігіліп, Ұлттық дәстүрге сай аталып өткен іс-шараларға қатыстық.
31- мамыр еліміз бойынша аталып өтетін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Қуғын-сүргіннен зардап шеккендерге арналған ескерткіш маңында өткізілген шараларға қатыстық.
30 - тамыз Конституция күніне арналған іс – шараға қатыстық.
25 – қазан Республика күні мерекесіне байланысты аудан бойынша өткізілген жиналысқа қатыстық.
16 - желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында аудандық Мәдениет үйінде 14 желтоқсан күні өткен салтанатты шарасында Оспанова Әлем Игентайқызы «Мәдениет саласының үздігі», сонымен қатар облыс басқармасында өткен «архившілер күні» қарсаңындағы шарада басшымыз Оспанова Әлем Игентайқызы «Архив саласының үздігі» төсбелгісіне ие болса, архивистеріміз басқарма басшысының алғыс хатымен марапатталуда.
Ұлттық архивтегі семинар – кәсіби тәжірибе алаңы
2025–2026 жылдары Ұлттық архив базасында ұйымдастырылған танымдық семинарға қатысу мамандар үшін үлкен тәжірибе мектебіне айналды. Семинар барысында қатысушылар архив саласының қыр-сырымен тереңірек танысып, құжаттарды сақтау, қалпына келтіру, жүйелеу және цифрландыру жұмыстарының жүргізілу барысын өз көздерімен көрді.
Іс-шарада архив ісінің заманауи әдістері, тарихи құжаттардың маңыздылығы және оларды келешек ұрпаққа аман жеткізудің жолдары кеңінен түсіндірілді. Тәжірибелік бөлімде қатысушылар нақты құжаттармен жұмыс істеу үдерісін бақылап, мамандардың кәсіби қызметімен танысты.
Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Бұл сертификаттар олардың кәсіби білімін жетілдіріп, архив саласындағы тәжірибесін арттырғанын растайды.
Ұлттық архивте өткен мұндай тағылымды шаралар мамандардың біліктілігін көтеруге, тарихи мұраны бағалауға және архив ісіне деген қызығушылықты арттыруға зор үлес қосады.
Аудандық архив ұжымы алдағы уақытта да өз жұмысында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бұйрықтары, тапсырмалары мен нұсқаулықтарын басшылыққа ала отырып, жоспарлы жұмыстарды жүзеге асыра беретін болады.
Архивтің мекен-жайы: Абай облысы, Абай ауданы, Ералы көшесі, 4 үй.
Телефон: 8 (722) 52-9-13-34, эл.пошта: adayariv@mail.ru
Директор: Оспанова Әлем Игентаевна