Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының «Абай облысының мемлекеттік архиві» КММ Аягөз филиалы
Архив тарихы
«Қалалық, аудандық мемлекеттік архивтерді таратып, аймақтық, облыстық архивтердің филиалдарды құру» жөніндегі Қазақ ССР Министрлер Советінің 21 мамыр 1963 жылғы № 409 қаулысымен, Семей облыстық атқару комитеті халық депутаттарының 4 маусым 1963 жылғы № 313-12 шешімімен 1 шілде 1963 жылы Семей облысы мемлекеттік архивінің Аягөз филиалы құрылды. «Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік-аумақтық өзгерістері» жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің 23 мамыр 1997 жылғы № 3528 жарлығымен Семей облысы Шығыс Қазақстан облысының құрамына қосылуына байланысты, Аягөз филиалы Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архивіне қарады.
Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 10 «Мемлекеттік мұрағаттық мекемелердің қайта аталуы туралы» қаулысы бойынша Аягөз филиалы «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты» Мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама бақармасының «Мемлекеттік мұрағаты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.
2013 жылы қаңтар айында Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 10 қаңтардағы № 2 «Шығыс Қазақстан облысының кейбір мемлекеттік мұрғат мекемелерінің қайта құрылуы туралы» қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама бақармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ-нің Аягөз филиалы қайта құрылды.
Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 188 Қаулысымен «Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылды, соның бағыныштылығына ала отырып, Аягөз филиалы Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивіне өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 4 мамырдағы №887 Жарлығымен Абай облысы құрылғандықтан, Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» Коммуналдық Мемлекеттік мекемесінің Аягөз филиалы болып қайта құрылды.
Ғимарат Абай облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласында орналасқан, архивтің жалпы ауданы 294 шаршы метрді құрайды, оның ішінде жалпы ауданы 186,2 шаршы метр қойма бар.
Қызметі:
Аягөз филиалы Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау (сатып алу), тұрақты сақтау және пайдалануды ұйымдастыру құқығы берiлген мемлекеттiк мекеме болып табылады, ведомстволық архивтердің жұмысына ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасайды және құжаттарды сақтауға беретiн мекемелерде iс жүргiзудi ұйымдастыруға бақылау жасайды. Мемлекеттiк архив қызметкерлерi ұйымдарға iстер номенклатурасын, ведомстволық архивтер мен сараптау комиссиялары туралы ережелердi, iс жүргiзу, құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және iстердi мемлекеттiк сақтауға беру жөнiндегi нұсқаулықтарды жасауда ұдайы практикалық, әдiстемелiк көмек көрсетедi.
Жыл сайын филиал құжаттарды сақтауға ғана емес, оларды көпшілікке қолжетімді етуге де тырысады. Бұл бағыттағы маңызды қадам:
• Көрмелер мен экспозициялар: архив тұрғындарға тарихты өз көзімен көруге мүмкіндік беретін сирек кездесетін құжаттар мен фотосуреттердің тақырыптық және виртуалды көрмелерін ұдайы ұйымдастырады.
• Электрондық анықтамалық және дерекқор: пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін филиал гиперсілтемелері бар электрондық анықтамалықтар жасады, оларды онлайн режимінде көруге болады.
• Іс-шаралар мен дәрістер: филиал қызметкерлері аймақтың тарихына, архив ісі мен мұраны сақтауға арналған семинарлар, дәрістер мен тақырыптық кештер өткізеді.
• Заманауи технологияларды пайдалану: QR-кодтар мен сандық презентацияларды еңгізу келушілерді құжаттар туралы ақпаратты жылдам алуға шақырады.
• Абай облысы мемлекеттік архивінің веб-сайты белсенді түрде толықтырылуда, Instagram әлеуметтік желісінде ресми парақша, филиалдың қызметі туралы ақпарат үнемі жарияланатын филиалдың YouTube арнасы бар.
• Тоқсан сайын жергілікті газетте бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялаймыз.
• Жыл сайын ашық сабақ, шеберлік сабақтар, интерактивті квест ойындар өткіземіз, бұл архивті танымал етудің тиімді жолы.
• Филиалда архив қорлары бойынша ыңғайлы іздеу навигаторы әзірленіп, еңгізілді. Ол электрондық құжаттарға қол жеткізуді, іздестіруді жеделдету және архивтік ақпаратпен жұмыс істеу тиімділігін арттыру мақсатында құрылған.
Қорлар мінездемесі
Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Аягөз филиалында 01.01.2026 жылғы жағдай бойынша 321 қор, 68385 сақтау бірлігі бар. Оның ішінде: басқару құжаттамасы - 54988 бірлік, жеке тектік құжаттар - 4 қор, 220 бірлік, жеке құрам бойынша – 13177 сақтау бірлік.
01.01.2026 жылы «Е-Архив» ақпараттық жүйесіне 638 тізімдеме, 6823 іс, 5136 құжат еңгізілді. Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеке тектік қоры толығымен цифрландырылды.
Сақтауда Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеке тектік қорлары бар. Атап айтқанда, Оразбек Сәбитов, Борис Бородин, Чаих Бланов, Секен Жүнісов, Ишпекбай Айнажаров, Қуатжан Қалиев, Сармырза Әбеков. Абай облысы мемлекеттік архивінің ресми сайтында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жеке тектеріне арналған виртуалды көрме жұмыс істейді. Көрмеде толық жүйеленген ақпарат ұсынылған: фотосуреттер, өмірбаян, хаттар, наградалық құжаттар және ҰОС қатысушыларының өмірлік жолы мен үлесін көрсететін өзге де архивтік материалдар.
Мемлекеттік архивте аудан мекемелерінің, ұйымдарының, кәсіпорындарының жеке құрамы бойынша құжаттар сақталады - бұл жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату туралы бұйрықтар, қызметкерлердің жалақысы туралы мәліметтер, әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұрау салуларды орындау кезінде қарқынды пайдаланылатын жеке істер. Жыл сайын филиалда әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 6000-ға жуық сұрау салады.
Аягөз филиалы архив құжаттары негізінде өңірдің тарихын, тектік, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын зерттейтін зерттеушілер мен өлкетанушылардың жұмысы үшін алаң болып табылады.
Персонал құрамы
Филиалдың штаттық саны архившілер мен техникалық қызметкерлерді қоса алғанда 14 адамды құрайды. Филиал ұжымында архив ісі саласында үлкен тәжірибесі бар білікті мамандар жұмыс істейді. Филиалдың архившілері семинарларда оқудан және біліктілігін арттырудан тұрақты түрде өтеді.
2021 жылы филиал директоры К.С.Күренкеев, архившілер Б.С.Бостанова, Ж.О.Кенжебекова, Қ.Қ.Чуенбекова ҚР Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасымен, 2024 жылы филиал архившісі Б.О.Бостанова Мәдениет министрінің «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды, архивші Ахмешов А.Б. ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің алғыс хатымен, архивші Сатимбекова Ж.Б. Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының алғыс хатымен марапатталды. 2025 жылы филиалдың архившісі Ж.О. Кенжебековаға «Мәдениет саласындағы кәсіподақ үздігі» төсбелігісімен марапатталды. Сондай-ақ, филиалдың архившілері 2025 жылы Астана қаласындағы біліктілікті арттыру семинарларына қатысты, атап айтқанда, "Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе үзінділерін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету" семинарына Г.Д. Тоқтарова, "Архив ісі саласындағы өзекті үрдістер, әдістемелер мен технологиялар" К.С.Куренкеев, "Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік бақылау жүргізу", «ЕЭАД» АЖ функционалдарымен жұмыс бойынша қамтамасыз ету" атты өңірлік семинар Өскемен қаласында Кенжебекова Ж.О. қатысты. Архивші Алимжанов Д.Д. облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Аягөз филиалы өз қызметін Қазақстан Республикасы Ақпарат және архитв комитетінің және Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мақсатты және кешенді бағдарламалары мен ұсынымдары негізінде әзірленген жылдық жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.
Бүгінгі архив - ұрпақтар арасындағы көпір. Аягөз филиалында 1927 жылдан бергі архив құжаттар бар. Біз болашақтың берік негізі болуы үшін өткенді сақтап қаламыз.
Архивтің мекен-жайы: Абай облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, Ш. Уалиханов көшесі, 32 үй.
Телефон: 8 (72237)38278 , эл.пошта: agz_arhiv@mail.ru
Архив директоры: Күренкеев Қанағат Селеубаевич