Архив ісі барлық уақытта мемлекеттік басқарудың маңызды құрамдас бөлігі болды. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры-бұл біздің халқымыздың тарихының баға жетпес деректі шежіресі, мәдени мұрасы мен ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ұлттық жады.
Архив қызметкерлеріне халықтың бай құжаттық игілігін сақтау, толықтыру, пайдалану және көбейту бойынша жауапты міндеттер жүктелген.
Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы дәуірінде архивтер мемлекеттік институттар қызметінің, ғылымды, мәдениетті, білім беруді дамытудың, азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешудің қажетті шарты болып қала береді. Архивтік құжаттармен танысу қоғамда патриотизм рухын дамытуға және азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.
Қазақстандағы ең көне Семей облысының мемлекеттік архиві, қазіргі Абай облысы мемлекеттік архивінің тарихы 106 жылға созылады.
1920 жылы 29-наурызда Семей губерниялық революциялық комитеті өлкенің тарихына қатысты аса құнды деректерді жинақтау, сақтау мақсатында губерниялық архив қорын кұру мәселесін қарастырды. Губерниялық архив қорының меңгерушісі болып Н.Я. Коншин тағайындалды.
1928 жылы Семей мемлекеттік архивінде 40 мың, ал 1939 жылы - 194 мың істер жинақталды. 1947 жылы Қазақстанның орталық архивтерін нығайту мен республиканың мемлекеттік архивтерінің бағытын анықтау бойынша жұмысты жүргізу кезінде 1786-шы жылдан бастап 1917 жылға дейінгі кезеңнің 147 қорлардың 10 мыңға жуық істері Алматы қаласы Қазақ КСР Орталық мемлекеттік архивіне берілді, Қызыл Армияның, ерекше міндет жүктелген бөлімдердің, әскери госпитальдардың тарихына қатысты қорлар Мәскеу және Ленинград қалалары мамандандырылған архивтеріне тапсырылды.
Семей архивінің қорлары аумақтық тиістілігі бойынша Шығыс-Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстары мемлекеттік архивтерінің негізін қалады. Өз кезегінде, Семей және облыс мекемелерінің қызметіне қатысты құжаттар Омск, Новосібір, Томск, Талдықорған облыстарының мемлекеттік архивтерінен алынды.
80-ші жылдары облыстың архив мекемелерінің саны көбейді. Қазақ КСР Министрлер кеңесінің 1985 жылғы 15 шілдедегі № 248 қаулысына сәйкес облыс аумағында 12 аудандық архив құрылды.
1992 жылы мемлекеттік архив Қазақстан компартиясы Семей облыстық комитеті архивінің құжаттарымен толықты.
1997 жылы Семей облысын таратуға байланысты архив ШҚО Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы болып қайта құрылды.
10 қаңтар 2024 жылдан бастап Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ («АОМА» КММ) болып өзгертілді.
Бүгінгі күні «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ –нің Жарма және Аягөз 2 филиалы бар.
«Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ құжаттар құрамында 1798, 1871-2025 жылдарға 2502 архивтік қор; 658109 сақтау бірлігі, фотоқұжаттар 8780 сақтау бірлігі, бейне құжаттар 339 сақтау бірлігі, киноқұжаттар 1 219 сақтау бірлігі, ғылыми-техникалық құжаттар 2437 сақтау бірлігі. Газет қорында 14335 сақтау бірлігі.
Абай облыс мемлекеттік архивінің қоры - жеке тұлға құжаттарының баға жетпес асыл қазынасы. Бұлар Азамат, Ұлы Отан соғыстарының ардагерлері мен Кеңес Одағы Батырлары - Н.Н.Силиннің, А.Ибраевтың, М.М.Медведевтің, А.А.Баздыревтің, Ж.Молдагалиевтің, Социалистік Еңбек Ерлері М.Бейсембаевтің, Р.Н.Ержанованың, Қаз.ССР-ның Еңбек сіңірген дәрігері - А.А.Қозбағаровтың, жазушылар М.Сарсекеевтің, Д.Черепановтың, Қаз.ССР-ның халық артисі К.Сәкиеваның, Қаз.ССР-ның Еңбек сіңірген артисі Т.Исованың, Казақстан суретшілер кеңесінің мүшесі М.М.Беляевтің құжаттарының түпнұсқасы.
Абай облысы мемлекеттік архиві "алтын қорының" ажырамас бөлігі - газет қоры болып табылады, ол 1905 жылдан бастап бүгінгі уақыт аралығын қамтиды. 1918 жылғы "Известия", 1905 жылғы «Вечерняя почта», 1917 жылғы «Воля народа», 1917 жылғы "Сибирская речь", 1918 жылғы "Трудовое знамя" сияқты газеттер тек Абай облысы мемлекеттік архиві қорларында сақталып келеді.
Архив құжаттарындағы ретроспективті ақпарат кеңінен және жан-жақты қолданылады.
Оқу залында зерттеушілер – ғалым-тарихшылар, заңгерлер, экономисттер, өлкетанушылар, жоғары оқу орындары мен колледждер студенттері, жақын және алыс шетелдерден, Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан келген жеке тұлғалар жұмыс жасайды.
Абай облысы мемлекеттік архиві мамандары Семей Ертіс өңірінің тарихына қатысты: "Из истории Семипалатинска", "Летопись Семипалатинских улиц", "Татары Семипалатинского Прииртышья", "Полигон", "М.Әуезов.Семипалатинский период", "Герои Советского Союза - семипалатинцы", "Летопись Прииртышья в годы Великой Отечественной войны", "Завтра возвращаюсь на фронт..."(эвакуацияланған госпитальдердің тарихынан), "Всегда в строю" (Кеңес Одағының Батыры Н.Н.Силин туралы), "Семипалатинские девизии", "Неизвестные страницы истории Семипалатинского Прииртышья, 20-30 гг. ХХ вв.", "Торговые связи Семипалатинского Прииртышья, XVIII-нач.ХХ вв.", "Из истории величайшей трагедии казахского народа, 1932-1933 гг.", "Административно-территориальное управление Восточным Казахстаном, XVIII в. – 30 годы ХХ в.", "Развитие горного дела в Восточном Казахстане, XVIII в. – 30 годы XX вв.", "Исследователь Степного края. Избранные труды Н.Я.Коншина", "Восточное отделение правительства Алаш Орда", "Переселенческая политика царского правительства и ее осуществление в Восточном Казахстане, XVII - нач. ХХ вв."(2 том), "Избранные труды Семипалатинских краеведов, 1903-1929 гг.", "Противостояние" (Семей полигоны тарихынан) «Алаштың алыптары» альбомы, «Гражданская война в Восточном Казахстане, 1917-1922 гг.», " Развитие здравоохранения в Восточном Казахстане, XIX – 40-гг. ХХ вв. Шығыс Қазақстандағы денсаулық сақтауды дамыту, ХХ ғғ. XIX – 40-ж., " Развитие культуры в Восточном Казахстане, XIX – 40-гг. ХХ вв. Шығыс Қазақстандағы мәдениетті дамыту, ХХ ғ. XIX – 40-ж.», «Подъем целинных и залежных земель в Семипалатинском Прииртышье, 20-50 гг. ХХ в. Семей Ертіс өңіріндегі тың және тыңайған жерлерді игеру, 20-50 ж. ХХ ғ. », «И помнит мир спасенный...» атты жинақтары әзірленіп шығарылды.
Абай облысы мемлекеттік архиві тақырыптық фотоқұжаттық көрмелер, жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған дәрістер, бұқаралық ақпарат құралдарында, аймақтық интернет-ресурстарда жариялау сияқты архивтік құжаттарды насихаттау нысандарының мүмкіндіктерін белсенді пайдаланады.
Абай облысы мемлекеттік архиві веб-сайтын сүйемелдеуді жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде – сыртқы пайдаланушылардың архив құжаттарына қолжетімділігін кеңейту үшін оның тақырыптық бөлімдерін ақпаратпен толтыру. Өзекті ақпарат Instagram сервисінде "Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ бетінде орналастырылады.
Абай облысы мемлекеттік архиві азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қанағаттандыруға ерекше назар аударады. Әр жыл сайын Абай облысы мемлекеттік архивіне алыс-жақын шетел және Қазақстан азаматтарынан әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 15000-ден астам сұраныс келіп түседі.
Қабылданатын істердің сапалық құрамын жақсарту мақсатында жинақтау көзі болып табылатын 260 ұйымда құжаттардың сақталуына әдістемелік басшылық пен бақылау жүзеге асырылады, істер номенклатурасын жасау, құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу, оларды ғылыми-техникалық өңдеу, істерді қалыптастыру және ресімдеу, тізімдемелер жасау, құжаттарды ведомстволық сақтауды ұйымдастыру бойынша кеңестік көмек көрсетіледі.
Абай облысы мемлекеттік архиві мамандарымен "Құжаттардың бірыңғай электрондық архивы" ақпараттық жүйесін енгізу жалғасты - "Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ мен филиалдары қорлары және архивты жинақтау көздері ұйымдары, Абай облысы мемлекеттік архиві ағымдағы іс жүргізу құжаттары және т. б. бойынша ақпарат енгізілді.
Архив қызметінің жетекші бағыты Абай облысы мемлекеттік архивіндесақталған құжаттарды цифрландыру болып табылады. Қазіргі уақытта барлығы 4544 архив ісі цифрландырылды.
Архив құжаттарынсыз халықтың да, мемлекеттің де тарихы, ұлт да болмайтыны ақиқат. Жүздеген жылдар өтіп, ұрпақтан ұрпақ алмасып жатса да, олар туралы естеліктер теңдессіз де баға жетпес архив кұжаттары ретінде сақталады.
Архивтің мекен-жайы: Абай облысы, Семей қаласы, Абая көшесі, 84 үй.
Телефон: 8 (7222)52-22-63, эл. пошта: kgu-gaoa1920@rambler.ru
Директоры: Мусин Болат Темерғалиұлы.