Абайдың даналық ілімі-бүгінгі жастарға бағдар

Абайдың даналық ілімі-бүгінгі жастарға бағдар

Абайдың даналық ілімі-бүгінгі жастарға бағдар

Абай оқулары республикалық жобасы аясындағы іс-шара Абай музейінде басталды. Республиканың әр өңірінен келген қатысушылар ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды жәдігерлермен танысып, Абай ескерткіштеріне тағзым етті.

«Бүгін республикалық деңгейде бастау алған Абай оқулары Абай музейінде Абай ескерткіштеріне тағзым етуден, Абай мұраларымен танысудан бастау алып жатыр. Республиканың әр түкпірінен келген қатысушыларға бұл үлкен әсер береді деп ойлаймыз. Музей қорында этнографиялық заттар, Абайдың тұмар домбырасы және ақындық мектебіне қатысты көптеген құнды жәдігер сақталған. Ал бүгінде заманауи мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдалану да Абайды тереңірек тануға мүмкіндік береді», – дейді Ұлан Сағадиев.

Абай мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған жоба аясында қатысушылар Шәкәрім университетіндегі коворкинг алаңында «Абай ілімі және қазіргі жастар» тақырыбындағы пікірталас алаңына қатысты. Мұнда Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасы, ұлттық құндылықтар мен «Қара сөздерінің» бүгінгі қоғамдағы маңызы талқыланды. Сонымен қатар TED форматындағы баяндамалар оқылып, шығармашылық бағдарлама ұсынылды.