Сыбанова Карлыга Толегеновна
Сыбанова Карлыга Толегеновна Туған жылы мен жері: 1987 жылы 30 қарашада Семей қаласында туған. Білімі: Жоғары Негізгі қызметі / бағыты: Театр саласы Жетістіктері, атақтары (бар болса): Қазіргі қызметі: «Дариға-ай» жастар театрының әртісі Сыбанова Қарлыға Төлегенқызы 2005 жылы Семей қалалық №8–ші орта мектебін бітіріп, сол жылы М.Төлебаев атындағы саз колледждің «Хор дирижеры» мамандығына қабылданды. 2010 жылы колледжді үздік бітіріп, Семейдің “Дариға-ай” жастар театрына актриса болып қабылданды. Сахнада актерлық шеберлігін шыңдап, үлкен актерлармен тәжірибе алмасып, жан-жақты білімін жетілдіріп, жақсы актриса екенін дәлелдей білді. Қарлыға Төлегенқызы өзінің ізденгіштігімен, дарындылығымен, дауысының диапазоны кең, дикциясы таза лирикалық образдарға табиғаты жақын актриса ретінде қалыптасты. Сондай-ақ сахнадағы әр түрлі образдармен қатар поэзиялық композицияларда, мерекелік іс-шараларда, театрландырылған сахналық қойылымдарда өзінің жан-жақты дарын иесі ретінде көрермен көзайымына айналды. Д.Исабеков «Әпке» - Кәмила М.Хасенов «Пай, пай, жас жұбайлар-ай» - Бану, Ғазиза Р.Куни «№99» - Леди Глэдис М.Рахимжанов «Әміре – аяқталмаған ән» - Көмекші қыз; Р.Ибраева «Бәйтерек» - Айгүл; Р.Киплинг «Маугли» - Багира У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» - Джульетта В. Дельмардың «Өкінішті өмір» - Нелли Н.Мендебаировтың «Жүрек іздеген қуыршақ» - Қуыршақ-2 М. Шахановтың «Танакөз» - Танакөз Г. Хугаев «Иттің баласы немесе адамның аласы» - Сылаң; В.Дельмар «Өкінішті өмір» - Нелли; У. Шекспир «Ричард ІІІ» - Маргарита; Е.Аманшаев «Дауыс» - Сағима; П. Морозов «Біртүрлі жан» - Гретто; Р.Куни «Миллиард кімге бұйырады» - Гуля; Кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, профессор Дариға Тұранқұлқызы, белгілі режиссер, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов, режиссер Жұлдызбек Жұманбай сынды өнер қайраткерлерінің шеберлік кластарының дәрістерін, тәжірибелік білімдерін тыңдады. 2014 жылы Халықаралық театр күні қарсаңында «Балаларға арналған спектакльдегі жылдың шығармашылық жұмысы» номинациясы бойынша Облыстық мәдениет басқармасының дипломымен марапатталды. 2019 жылы САХНАГЕР - 2018 Ұлттық театр сыйлығының "Үміт" номинациясымен марапатталды. Театрдың репертуарындағы сахналық қойылымдарда, ертегілерде өз рольдерімен таныла бастады. Жұмысқа өте тиянақты, ізденгіш, болашағынан үлкен үміт күттіретін актрисаның бірі.