Төлеубаев Дәурен Шәріпұлы
Төлеубаев Дәурен Шәріпұлы Туған жылы мен жері: 1981 жылы ақпан айының 3 жұлдызында Абай ауданы, Қарауыл селосында дүниеге келген. БіліміЖоғары Негізгі қызметі / бағыты: Театр саласы Жетістіктері, атақтары (бар болса): Қазіргі қызметі: «Дариға-ай» жастар театрының әртісі Төлеубаев Дәурен Шәрiпұлы 2001 жылы М. Төлебаев атындағы Семей саз колледжiнiң «Театр өнерi» бөлiмiн профессор Дариға Тұранқұлқызы, профессор Майра Смағұлқызы Омарбаевалардың класынан үздiк бiтiрiп шықты. Сол жылы құрылған «Дариға-ай» жастар театрына актер болып қабылданды. 2006-2011жж. Б. Бейшеналиева атандағы Қырғыз мемлекеттік өнер институтының «Режиссура» мамандығын бітірді. Театрдың осы бүгiнгi күнге дейiнгi шығармашылық және ұйымдастырушылық жұмыстарында Дәурен Шәрiпұлы өте дарынды, еңбекқор, жауапкершiлiгi мол, театр ұжымының беделдi де - белсендi, кәсiби шеберлiгi жоғары маман ретiнде өзiн - өзi таныта бiлдi. Сахнада ойнаған рольдерiнде өзiн - өзi қайталамауға тырысты. Сахнаға шығарған рольдерiнен төмендегi кейiпкерлердi ерекше атап өтуге болады: Г.И. Горин «Ұмытыңдар Геростратты» - Театр өкiлi Д. Исабеков «Әпке» - Омар Д. Исабеков «Қараспан процесi» - Құрал «Ызғарлы желтоқсан» қойылымы - Қ. Рысқұлбеков К.Тоқаев «Солдат кетті соғысқа» - Сатрапинский У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» - Меркуцио М.Рахимжанов «Әміре – аяқталмаған ән» - Мұхтар Әуезов М. Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» - Пошташы Б. Мұқай «Түнгі қала» - Асан М. Булгаков «Өлі жандар» - Манилов «Қалың елiм» және «Шәкәрiм тағлымы» поэтикалық қойылымдарында айтылатын ойға және сөздiң мәнi мен астарына терең үңiлетiн, жаттандылықтан аулақ, iзденiмпаз актер екенiн көрсеттi. Сонымен қатар режиссерлық жұмыстарымен де сахнада сүбелі көркем шығармашылығы көрерменнің жоғары бағасын алды. Атап айтсақ, «Бәйтерек», «Маугли», «Марстан келген қонақ», «Теңіз астындағы жаңа жыл», «Ғажайып түн» ертегілерін, Г. Гориннің «Атың шықпаса жер өрте», В. Дельмардың «Өкінішті өмір» пыесаларын сахналады. Кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, профессор Дариға Тұранқұлқызы, белгілі режиссер, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов, режиссер Жұлдызбек Жұманбай сынды өнер қайраткерлерінің шеберлік кластарының дәрістерін, тәжірибелік білімдерін тыңдады. 2014 жылы Халықаралық театр күні қарсаңында «Жыл режиссеры» номинациясы бойынша Облыстық мәдениет басқармасының дипломымен марапатталды. 2014 жылы сәуір айында Санкт-Петербург мемлекеттік театр өнері академиясында «Режиссура өнері және режиссердің шығармашылық әдісі» біліктілігі бойынша білім алды. Семейдің М. Төлебаев атындағы музыкалық училищеде «Актер шеберлігі» мамандығы бойынша ұстаздық қызмет атқарып келеді, және де театрдың көркемдік жетекшісі. Театр ұжымының алдында абыройлы, ұйымдастырушылық қабiлетi жоғары, жауапкершiлiгi мол азамат. Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мүшесі.