Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Аптеева Назира Тулеубаевна

Аптеева Назира Тулеубаевна
Аптеева Назира Тулеубаевна Туған жылы мен жері: 1981 жылы қаңтар айының 13 жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Ақжар ауылында дүниеге келген. Білімі: Орта арнайы Негізгі қызметі / бағыты: Театр саласы Жетістіктері, атақтары (бар болса): ҚР мәдениет саласының үздігі Қазіргі қызметі: «Дариға-ай» жастар театрының әртісі Аптеева Назира Төлеубайқызы 1996 жылы облыстық қыздар гимназиясын бітіріп, М.Төлебаев атындағы Семей саз колледжінің «Сөз сөйлеу жанры» мамандығы бойынша профессорлар Д.Тұранқұлқызы, М.С.Омарбаевалардан дәріс алды. Кәсіби шеберлігі жоғары, тіл мәдениеті бай, ізденгіш, белсенді актрисаның бірі. Қоғамдық жұмысқа белсене араласады. 2001 жылы М.Төлебаев атындағы саз колледжін «Театр өнері» бөлімін қызыл дипломмен бітіріп, «Дариға-ай» жастар театрына актриса болып қабылданды. 2003 жылы Республикалық О.Бөкей атындағы көркемсөз шеберлері байқауының лауреаты атанды. 2014 жылы Халықаралық театр күні қарсаңында «Ең үздік әйел ролі» номинациясы бойынша Облыстық мәдениет басқармасының дипломымен марапатталды. Сахнада ойнаған негізгі рольдері: Д.Исабеков «Әпке» - Назилә М.Шаханов «Танакөз» - Зергүлдің шешесі М.Хасенов «Пай, пай, жас жұбайлар-ай» - Бану Г.Горин «Ұмытыңдар Геростратты» - Эрита Д.Исабеков «Есепшот, домино және түйетауық» - Ақлима Р.Куни «№99» - қонақ үй қызметшісі Ш.Айтматов «Ақ кеме» - Бекей; У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» - Леди Капулетти; Р.Киплинг «Маугли» - қасқыр М.Рахимжанов «Әміре – аяқталмаған ән» - Коммунист қыз; К.Касенов «Рахмет сізге» - Қыз; В.Дельмар «Өкінішті өмір» - Кора; Ә.Несин «Үміт үзбеңіз» - Мустафа; Б.Мұқай «Түнгі қала» - Көмекші адам; Р.Куни «Миллиард кімге бұйырады» - Зарина; Е.Аманшаев «Дауыс» - Екінші кемпір; Сонымен қатар Шәкәрім, Абай, Мұқағали, М.Шаханов поэзияларында терең философиялық ой иірімдерін поэзия тілімен аша білді. Кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, профессор Дариға Тұранқұлқызы, белгілі режиссер, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов, режиссер Жұлдызбек Жұманбай сынды өнер қайраткерлерінің шеберлік кластарының дәрістерін, тәжірибелік білімдерін тыңдады. Актрисаның социалдық героинялардан бастап трагедиялық үлкен образдарға баруы интеллектуалдық білімінен байқалады.