Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Нугуманов Еркебулан Абдрахманович

Нугуманов Еркебулан Абдрахманович
Нугуманов Еркебулан Абдрахманович Туған жылы мен жері: 1977 жылы 9 наурызда Шар қаласында дүниеге келген. Білімі: Орта арнайы Негізгі қызметі / бағыты: Театр саласы Жетістіктері, атақтары (бар болса): ҚР мәдениет саласының үздігі Қазіргі қызметі: «Дариға-ай» жастар театрының әртісі Еркебұлан Абдрахманұлы 1999 жылы Семейдің М. Төлебаев атындағы музыкалық колледжiнiң «Театр өнерi» бөлiмiн профессор Дариға Тұранқұлқызы, профессор Майра Смағұлқызы Омарбаевалардың класынан үздiк бiтiрiп шықты. Сол жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы музыкалық-драма театрына актер болып қабылданып, театр майталмандарының ортасында жас маман кәсiби шеберлiгiн шыңдады. 2004 жылдан бастап «Дариға-ай» жастар театрында актер болып қызмет атқарады. Еркебұлан Абдрахманұлының кәсiби шеберлiгi жоғары, диапазоны кең, iшкi, сыртқы органикасы бай, сахнадағы сөз мәдениетiн жете меңгерген дарынды актер ретiнде өзiн таныта бiлдi. Сахнадағы сомдаған образдары - сан қырлы кейіпкерлер. Сахна өнерінің құпияларын терең меңгерген, пластикалық қабілеті жоғары, ірі классикалық тұлғалардан бастап нәзік лирикалық балғын жасты да шегіне жеткізе көркемдеген шебер сахнагерлердің бірі. Өзінің актерлік шеберлігін шыңдай жүріп, О.Бөкей атындағы II республикалық байқауына қатысып, лауреат атанды. Сахнада үлкен образдар сомдап, жаңа қырларынан танылып, көрерменнің зор ықыласына бөленіп келеді.. 2013 жылы Облыстық мәдениет басқармасының Бүкіләлемдік театр күніне арналған салтанатты жиында «Жыл актеры» номинациясы бойынша «Маска» сыйлығымен марапатталды. 2014 жылы Бүкіләлемдік театр күніне орай Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының мақтау грамотасымен марапатталды. Сахнада ойнаған негізгі рольдері: Д.Исабеков «Әпке» - Тимур; Ж.Б.Мольер «Сараң» - Клеант; М.Хасенов «Пай, пай, жас жұбайлар-ай» - Почтольон; Г.Горин «Ұмытыңдар Геростратты» - Клеон; К.Тоқаев «Солдат кетті соғысқа»- Мұхамед; Ш.Айтматов «Ақ кеме» - Шал; М. Шаханов «Танакөз» - Мұрат; Р.Куни «№99» - Басқарушы; У.Шекспир «Ромео и Джульетта» - Бенволио; Р.Ибраева «Бәйтерек» ертегісі – Мыстан кемпір; Р. Киплинг «Маугли» - Акелла; М. Рахимжанов «Әміре – аяқталмаған ән» - Нарком; Вина Дельмардың «Өкінішті өмір» - Купер Барклей; Н.Мендебаировтың «Жүрек іздеген қуыршақ» - Мыстан; Г. Хугаев «Иттің баласы немесе адамның аласы» - Көкжал; Шәкәрім «Шәкәрім. Жолсыз жаза» - Шәкәрім; У. Шекспир «Ричард ІІІ» - Ричард; Б. Мұқай «Түнгі қала» - Адам Адамович; П. Морозов «Біртүрлі жан» - Эгль; М. Булгаков «Өлі жандар» - Чичиков; М.Әуезов «Ғажайып трагедиясы» – Абай; «Бар қазаққа ән салдырған – Шәмші!» - Ақан Сері; М.Мақатаев «Дариға-жүрек» - Омар; Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» - Қарабай; Сонымен қатар сатиралық әзіл-сықақтар. Еркебұланның ең үлкен жетістігі. Еркебұлан басты рөлді сомдайтын У. Шекспирдің «Ричард ІІІ» трагедиясы 2017 жылы Қазан (Татарстан) қаласында өткен XIII «Наурыз» түрік халықтарының халықаралық театрлар фестивалінің лауреатыатанса, осы жылы Астана қаласында өткен Ә.Сығайдың 70 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХV республикалық театр фестивалінің Гран-При иегері атанды. 2018 жылы Талдықорған қаласында өткен Астананың 20 жылдығы мен көрнекті мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің 120 жылдығына арналған VII Орталық Азия елдерінің халықаралық театр фестивалінің Құман Тастанбеков атындағы «Ең үздік ер адам ролі» номинациясын жеңіп алды. 2021 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Ә.Сығай атындағы «Сын шын болсын» атты Қарағанды қаласында өткен республикалық театр фестивалінде Еркебұлан басты роль – Абайды сомдаған М.Әуезовтің «Ғажайып трагедиясы» спектаклі 3-ші орын иеленді. Сондай-ақ У. Шекспирдің «Ричард ІІІ» трагедиясымен 2023 жылы Түркияның Конья қаласыда өткен «Мың тыныс, бір дауыс» атты халықаралық театр фестиваліне қатысып лауреат атанды. 2023 жылы Литвада өткен халықаралық моноспектакльдер фестивалінде Дэниел Киздің «Цветы для Элджернона» әңгімесінің желісі бойынша қойылған «Я» моноспектаклімен қатысып Еркебұлан Нұғыманов лауреат атанды. Еркебұлан Нугумановтың режиссерлігімен театр сахнасында М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» поэтикалық қойылымы, Д.Сейсенұлы «Маэстро», Б.Игілік «Құдай соқыр емес», М.Қарт «Белгісіз бағыт», балаларға арналған «Қасқыр мен бұзау», «Шыбын бике», «Бремен музыканттары», «Қасқыр мен жеті лақ» ертегілері сахналанып театр репертуарынан үлкен орын алды. Еркебұлан Абрахманұлы театр ұжымының алдында абыройлы, ұйымдастырушылық қабiлетi жоғары, жауапкершiлiгi мол, жастарға үлгі боларлық тұлға. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, театрдың үлкен жетістіктерге жету жолында аянбай еңбек етіп келеді. Үйленген, екі баланың әкесі.