Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Шереметьев Григорий Тимофеевич

Шереметьев Григорий Тимофеевич

Шереметьев Григорий Тимофеевич. 1922-1997

Алтай өлкесі Сидоров ауылында туған. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесін бітірген (1946). 1954 жылдан бастап Семейде тұрып, жұмыс істеген. КСРО суретшілер Одағының мүшесі (1958). Семейдегі Қазақстан Суретшілер Одағының бірінші өкілі бола тұра, ол қаланың көркемөнер зиялылар ұжымын құруға белсенді қатысқан. Қалалық, республикалық және бүкілодақтық көрмелердің тұрақты қатысушысы, олардың ішінде: ҚазИЗО суретшілер бірлестігінің шығармашылық жұмыстардың III Республикалық есеп беру көрмесі (Т.Г. Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемөнер галереясында, 1955), Кеңес өкіметінің 50-жылдық мерейтойына арналған көркем сурет, графика, сәндік-безендіру қолданбалы өнердің облысаралық көрмесі (Семей, Өскемен, 1966-1967), Семей суретшілерінің есептеме көрмесі (Облыстық көрме залы, Семей), В.И. Лениннің 100-жылдық мерейтойына арналған Семей суретшілер туындыларының көрмесі (Семей, 1970), Ұлы Отан соғысының ардагер-суретшілер көрмесі (К.А. Коровин атындағы шығармашылық үйі, Гурзуф, 1989) және т.б. Жеке мерейтойлық көрмелері Алматыда ұйымдастырылған (1974, 1982). Туындылары Қазақстанның музейлік және жеке жинақтарында сақталған. Қызы Светлана Шереметьева қазіргі таңда Семей қаласының белсенді суретшілерінің бірі.