Белослюдов Виктор Николаевич
Белослюдов Виктор Николаевич. 1883-1916
Кескіндемеші, график, иллюстратор, өлкетанушы, археолог, этнограф, коллекция жинақтаушы, ақын. Семейде туған. Строганов атындағы орталық көркем-өнеркәсіптік училищені бітірген (1899-1905).
Тәлімгерлері: С.В. Иванов, И.А. Андреев, К.К. Первухин. Мәскеуде оқып жүрген кезінде Третьяков галереясының фронтонын безендіруге арналған В.М. Васнецовтің «Жеңімпаз Георгий» суретін үлкейту жұмысына қатысқан. Суретші К.П. Степановтың шақыртуы бойынша Чудов монастырын әшекейлеу жұмыстарына қатысқан, С.В. Ивановпен бірге істеген. 1906 жылдан Семей шаһарында өткен көрмелердің ұйымдастырушысы және қатысушысы. 1911,1915 жылдардағы ТКӘҚ көрмелеріне қатысушы. Ағаларымен бірге жеке «Ағайынды Белослюдовтар музейін» ашқан. Ғылым Академиясының ғылыми қызметкері, Л.А. Кулик осы музейді елдің шет аймақтық музейлер арасындағы «қазынасы» деп атаған. 1917 жылы Семей қаласында I-ші жоғары бастауыш училищесінде В. Белослюдов атындағы стипендия тағайындалған. Сол жылдың қараша айында 3 қоғамдастықтың: бастапқы білім беруге қамқорлық көрсету қоғамының, географиялық бөлімшенің және драма қоғамының В. Белослюдовты еске алуға арналған мәжілістері өткізілді.
В. Белослюдовтың суреттері Адматы ғылыми кітапханасында, Томск көркем музейінде, Владивосток өлкетану музейінде, Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінде сақталуда