Махно Олександр Степанович
Махно Олександр Степанович. 1963-2024
Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының көркем-графика факультетін (1986), Львов өнер академиясын бітірген (1989-1996). Семей қаласында тұрып, жұмыс істейді. 1991 жылдан қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық көрмелердің қатысушысы. Олардың ішінде: Графиканың мини биенналесі, (Улуфстрём, Швеция, 1995), «Галереялар шеруі» (Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде, Алматы, 1998), «Ампир во время чумы» көрмесі («Вояджер» галереясы, Алматы, 1999), ҚФО УЕФА-ға кіруіне арналған «Футбол вчера, сегодня, завтра» көрме-конкурсы, Алматы, 2000; «М.М.М. (Махно, Мельдибеков, Маслов)» көрмесі, («Вояджер» галереясы, Алматы, 2001), Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15-жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» көрме-конкурсы (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, Семей, 2006), «Ұшқыш татар» халықаралық көркем жобасы (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, Семей, 2006), «Туған жерім» Семей қаласы суретшілерінің туындыларының көрмесі (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, Семей, 2012); халықаралық-көрме жобасы шеңберінде өткен «Саяхат-Путешествие» көрмесі (Омбы, 2015) және т.б. Дербес көрмелері: «Игра в классики, или поцмодернизм», Алматы, 2005; «Стэп-дала-степь» (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде, Cемей, 2010), «Пионер эрасы», («Arteast» көркемсурет галереясында, Алматы, 2011), Т. Шевченконың 200 жылдығына арналған «Таразы ақынға арнау» (Өскемен, 2014). Қазақстан және жақын шет елдерінде өткен халықаралық жобалар мен көрмелерге қатысқан «САК» - Семей-АРТ-тобының негізін қалаушы (Е. Махно және Т. Татиевпен бірлесе) (1997). Туындылары музейлер мен жеке жинақтарда сақталуда.