Жуванышев Төлеуғазы Рахимұлы
Шениязов Әнуарбек Рашитұлы. 1959
Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының көркемөнер-графика факультетінде оқыған (1978-1981). Музейді безендіргені үшін «БАМ құрылысы үшін» медалімен марапатталған (1983). В.И. Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік академиялық көркемөнер институтынының шеберханаларында көркемсурет курстарын өткен (академиялық мектеп көлмінде) (2002-2006). Қалалық, облыстық көрмелердің қатысушысы, олардың ішінде: Семей суретшілерінің «Күзгі салон» жыл сайынғы көрмелері (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, Семей 2002), «Құрылық орталығы қандай түсті» көрмесі (ШҚО өнер музейі, Өскемен, 2009), Семей қаласы суретшілер туындыларының «Туған жерім» көрмесі, (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, 2012), Х халықаралық орыс өнерінің «Ертіс жағалауы әуендері» фестивалі аясында сәндік-қолданбалы өнер көрмесі (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, Семей 2012), Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған Семей қаласы суретшілері туындыларының III көрме-конкурсы (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, 2016). Туындылары Жапония, АҚШ, Канада, Ресей, ҚХР, Греция, Германия, Қазақстанның жеке жинақтарында сақталған.