Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Борзунов Александр Петрович

Борзунов Александр Петрович

Жуванышев Төлеуғазы Рахимұлы. 1959 -2025.

Н.К. Крупская атындағы педагогикалық институтының көркем-графика факультетін бітірген (1986). Семей мемелекеттік педагогикалық институтының бейнелеу өнері кафедрасының аға оқытушысы (1993 жылдан). Қалалық, облыстық, республикалық көрмелерге қатысушы, оның ішінде: СМПИ көркем-графика факультетіне 30 жыл толуына арналған мерейтойлық көрме (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, Семей, 1999); «Күзгі салон» Семей суретшілерінің есеп беру көрмесі (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, Семей, 2002, 2003); суретші Ф. Хасеновпен бірлескен көрме (Ф. М. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музейі, Семей, 2004); «АРТ ФОРУМ НАУРЫЗ – 07» республикалық көрме ( Астана, 2007); Қазақстан суретшілер Одағының мүшелерінің республикалық көрмесі (Ә. Қастеев атындағы МӨМ, Алматы, 2009); «Материктің ортасы қандай» Семей қаласы суретшілерінің көрмесі (ШҚО Өнер музейі, Өскемен, 2009); Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 15 жыл толуына орай «Менің Қазақстаным» атты көрме –конкурс (Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, Семей, 2006); Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 15 жыл толуына орай Семей қаласы суретшілерінің туындыларының I, II, III көрме-конкурстары (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, Семей, 2013, 2014, 2016) және т.б. ҚР суретшілер Одағы (2005) және дизайнерлер Одағының мүшесі (2005). Семей қаласындағы КӨШ төрағасы (2017-2025).