Ермошкин Михаил Дмитриевич
Мұқажанов Аманкелді Зарубайұлы. 1953
Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының көркем-графика факультетін (1974); Алматы мемлекеттік театралдық көркем өнер институтының «Металл» бөлімін бітірген (1981-1987, оқытушылары: Е. Мергенов, К. Телжанов). «Мирас» шығармашылық қолөнер кооперативін ұйымдастырушыларының бірі (1988). Көрмелердің қатысушысы, соның ішінде: «Сенім» халықаралық қазіргі заман көркем қолөнері көрмесі (Америка, 1992); халықаралық көрмесі ( Германия, Магдебург); Италия, Милан, 2003) және т.б. ҚР дизайнерлер Одағының мүшесі (1992), ҚР суретшілер Одағының мүшесі ( 2007), ҚР қолөнершілер Одағының мүшесі (2013). Марапаттары: II дәрежелі Жаңа ғасыр әшекейі; «Юнеско Сапа Белгісі» конкурсының жеңімпазы (2005,2006, 2008, 2010); қазақ халқының қолөнерін дамытуға үлес қосудағы көпжылдық және табысты жұмысы үшін және «Шеберлер- ауылы» бірлестігінің 20 жылдығына орай ҚР Министрлігінен Құрмет грамотасы (2008). «Астананың 10 жылдығы» медалі (2008); Карл Фаберже Орденінің Кавалері; М. Перхин атындағы Үлкен Белгі Ордені; Ф. Бирбаум Үлкен Белгі Ордені; «Мұсылман әлемінің құрметті зергері» ордені.