Саябаев Мұратқазы Иманғазыұлы
Саябаев Мұратқазы Иманғазыұлы Саябаев Мұратқазы Иманғазыұлы 1949 жылы 14 сентябрьде Қытай Халық Республикасының Шәушек қаласында дүниеге келгем. 1955 жылы әке-шешем туған жер Қазақстанға оралғанда менде келдім. 1956 жылы Үржар ауылынынан 20 шақырым тұратын Егінсу ауылында бірінші классқа оқуға бардым. Осы ауылдағы төрт жылдық бастауыш мектепті аяқтаған соң, Үржар ауылындағы Абай атындағы орта мектепке бардым. Мектеп қабырғасында жүргенде әдебиетті, тарихты, физиканы, химияны пәндерін жақсы оқыдым. Мектепте «Шаншу» деген газет шығады, соның редкология мүшесі болдым. 1966 жылы Абай атындағы орта мектебін ойдағыдай аяқтаған соң екінші тың аталатын қой шаруашылығын өркендетуге аттандым. Бұл кезде Қазақстанда қой малын 50 милионға жеткізуге деген комсомолдық шақыру жүріп жатқан болатын. Соған үн қостым «Жас Алаш» газетіне «Көп сөздің керегі не» деген проблемалық мақала жазып, ол басылып, жылдың проблемалық мақаласы болып тарихқа енді. Журанлистика факультетінің көп жыл деканы болған профессор Тауман Амандасов, аталған мақаланы «Қазақ баспасөздің жанрлары» деген кітабына проблема көтерген тың дүние деген тұрғыда кітабына кіргізді. 1966-1967 жылдары қой шаруашылығында еңбек етіп, 1967 жылы сентябрьде Алматы қаласындағы №2 байланыс училищесіне оқуға қабылдандым. 1968 жылы № 2 училищесін бітіріп Алматы облысы Сарқанд қаласындағы ЭТУС-қа (Экспулатационый технический узел связь) деп аталатын үлкен ұйым болатын. Ары қарай Ушарал қаласына жіберді. 1968 жылы Үржар ауданының аудандық узел связи жұмысқа қабылданып орталығы 1 май аулындағы радиоузелге аға техник аға монтер жұмысына жіберлдім. 1969 жылы 22 мамыр күні Отан алдындағы әскери борышымды өтеуге Спасск қаласында екі жылым өтті. 1971 жылы әскерден келісімен аудандық байланыс бөліміне жұмысқа тұрдым. Осы жылы мақала жазатыным жүзеге асып, конкурспен Үржар ауданының «Красная-Знамя» (Қызыл Ту) деп аталатын аудандық газетіне аудармашы болып еңбек еттім. Көптеген ауданымыздың үлкен тұлғаларымен үлкен қызметпен, бірлікпен тірлік жасадық. Аудандық «Қызыл-ту» газетке, облыстық «Семей таңы» газетке, республикалық «Қазақ, кино өнері» журналға мақалаларым басылды. 1973 жылы жазда СССР журналистер Одағына мүше болдым. Қосымша Үржар аудандық радиосында тұрақты диктор болып қосымша жұмыс істедім. 1973 жылы Новопокровканың малдәргерлік – зоотехникалық техникумына түсіп, оны 1975 жылы затехник мамандығын алып шықтым. Білімімді жетілдіріп отыруды өзімнің басты міндетім санадым. 1977 жылы Университет КАЗГУ-дің журналистика факультетіне оқуға түстім. Оқуды ойдағыдай ақтап, «Красное горные орлы» колхозында комсолол жастар ұйымының секторы,1978 жылы кәсіподақ комитетінің төрағасы болдым. 1983 жылы қараша айында Мақаншы ауданының «Ленин туы – Ленинское знамя» газетінің ауылшаруашыдық бөліміне қызметке келдім. Осында бір жыл істеген соң облыстық «Семей таңы» газетіне корреспондент ретінде шақырылдым. 1985 жылы қайтадан Мақаншы ауданына қайттым. «Ленин туы – Ленинское знамя» газетінде қызмет еткен жылдары: 1991 жылы Хан батыр Қ.Қабанбайдың 300 жылдық мерей тойын, 1992 жылы туғанына 125 жыл толған Ә.Найманбаевтың тойын басқарып, трибунада репортаж жүргізіп тұрдым. Мақаншы ауданы тараған соң Алматы қаласына барып Республикалық Ішкі Істер Министірлігінің «Сақшы», Білім ғылым Министрлігінің органы саналатын «Қазақстан мұғалімі» журналында еңбек еттім. 2004 жылы өзім журналистік жолымды бастаған Үржар аудандық газетіне қайта жұмысқа алындып, 2012 жылы зейнеткерлікке шықтым. Үлкен қызым Гүлзатта екі баласы бар. Ұлы Қалижан жол полиция қызметкері аға лейтенант. Қызы Меруерт заңгер Астанада бір фирмада істейде. 2019 жылы Үржар ауданының «Құрметті азаматы» атағын алдым.