Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Жусупбек Аймаутов

Жусупбек Аймаутов

Жусупбек Аймаутов

(1889-1930 жж.)

1889 жылы Павлодар уезінің Баян-Ауыл ауданында дүниеге келген.

1911-1914 жылдары - ауыл мұғалімі, 1914 жылы Семей мұғалімдер семинариясына түседі, оны 1919 жылы аяқтайды. Мұнда ол Қаныш Сәтбаев пен Мұхтар Әуезовпен танысады. Әуезовпен бірге 1917 жылы «Жанар» қазақ жастар ұйымын құрды. 1918 жылдан бастап Әуезовтың көмегімен Семейде шығара бастаған «Абай» журналының редакторы болады. Кейін қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезов Аймауытовты өзінің мұғалімі деп атады.

1919-1922 жылдары - Республика Білім және ғылым Наркомының алқа мүшесі, Семей облыстық білім бөлімінің бастығы, «Қазақ тілі» газетінің редакторы. 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мұғалім, 1924-1926 жылдары «Ақ жол» (Ташкент) газетінің әдеби қызметкері, 1926-1929 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының директоры. 1929 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде жұмыс істеу үшін Қызылорда қаласына көшеді.

Оның мақалалары билік өкілдеріне ұнамады, көп ұзамай ол Торғай, Қостанай, Ақтөбе қалаларында аштыққа ұшырағандарға арнап бөлінген қайырмалдықтарды иемденді деген жалған айып бойынша тұтқындалды. Ақталды. Бірақ аз уақыттан кейін Аймауытов қайтадан контрреволюциялық іс-әрекеттерге айыпталып тұтқындалып, Мәскеуге жеткізілді. ОГПУ алқасымен сотталып, 1930 жылы 21 сәуірде 41 жасында атылды. Ваганьков зиратында басқа қуғын-сүргінге ұшырағандармен бірге бауырластар зиратында жерленген. 1988 жылы 4 қарашада Қазақстанның Жоғарғы соты жазушының әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты оны толық ақтады.